«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.19

Халықаралық шарттар аясында шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеудің барынша ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасына сәйкес «Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағида) бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап өтерлігі, енгізілген түзетулерге сәйкес, Қағидада шетелде оқытуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең балл иеленгендер үшін келесі басымдықтар басшылыққа алынады:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;

4) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыртуы бар, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер.

Адами фактордың қатысуымен байланысты тәуекелдерді төмендету мақсатында құжаттарды қабылдау автоматтандырылды және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Объективті шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін енді жаңа Қағидаға сәйкес іріктеу екі кезеңнен тұрады: Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен сұхбат және Қорытынды комиссияның шешім қабылдауы. Сұрақтар бекітілген регламент бойынша қойылады.

Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздарымен оқуды аяқтағаннан кейін 3 (үш) жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз еңбек қызметін міндеттейтін оқуға шарт жасасу бойынша норма енгізілді.

Шетелде, соның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының толық мәтінімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/142887/kaz

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design