«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Әзербайжан қазақстандықтарға 10 оқу гранттарын ұсынады

Азербайджан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2017 жылғы 3 сәуірдегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2020–2021 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша5 орын;

- магистратура бағдарламасы бойынша5 орын.

         Оқу әзербайжан, орыс немесе ағылшын тілдерінде.

          Оқу тілі немесе мамандық бойынша тиісті білімі жоқ студенттер үшін 6-айдан бір жылға дейін дайындық курстары ұйымдастырылады.

          «Магистартура» бағдарламасында оқу үшін таңдалған мамандық «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқыған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.

          Ағылшын тілінде білім алу үшін сізде кем дегенде деңгейі бар жарамды сертификаттар болу керек:

          «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.0; TOEFL 120-дан 40.

          «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.5 TOEFL 120-дан 50.

          Үміткерлер өз қарауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады.

Жоғары оқу орындар тізімін және мамандықтар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынға стипендия;
  • жатақханада тұру;
  • медициналық сақтандыру.

Назар аударыңыз!!! Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын, грант иесі өзі өтейді.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2020 жылғы 1 шілдеден 9 шілдеге дейін.

      

         

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

          Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасылар балалары; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

                    Қорытынды іріктеді қабылдаушы тарап өткізеді.

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design