«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Назар аударыныз! Қырғызстан республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу конкурсы 2020 жылдың 9 шілдесіне дейін ұзартылды

Кыргыстан

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4маусымдағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қырғызстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2020–2021 оқу жылына бағдарламалар бойынша конкурс жарияланады:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша3 орын;

- магистратура бағдарламасы бойынша 2 орын.

     Жоғары оқу орындары тізімін сiлтемеден көре аласыз. 

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынға стипендия;
  • жатақханада тұру

Назар аударыңыз!!!Қалған шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2020 жылдың 9 шілдесіне дейін ұзартылды.

      

          Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шет елде оқуға үміткерледі іріктеу жеке әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.  

          Үміткерлер тең баллмен іріктелген кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасылардың балалары; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие болады.             

         Қорытынды іріктеді қабылдаушы тарап өткізеді.

Ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Анкета

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design