«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Шанхайдағы стипендиаттар Қазақстандағы саяси реформаларды қолдауда

Шанхай шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстан орталығында» «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, оның ішінде Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының белсенділері «Қазақстан Республикасындағы саяси реформалар» тақырыбында дөңгелек стол өткізді.

Іс-шара қатысушылары Қазақстандағы бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы шешімді талқылады.

«Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және жергілікті мәслихаттармен бірлесіп мерзімінен бұрын сайлау өткізу мемлекеттік бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеп қана қоймай, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру процесін жылдамдатуға ықпал етеді. Мен заңгер ретінде осы уақытылы шешімді қолдаймын»,— деді өз баяндамасында Шанхай көлік университеті құқық факультетінің магистранты, «Болашақ» стипендиаты Назгуль Максуткан.

Шығыс Қытай педагогикалық университетінің студенті Вячеслав Теннің айтуынша, қиын қыстау жағдайында барлық қазақстандықтарға бірігіп, қиындықтарды бірлесіп жеңу қажет. «Президент ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жанындағы біріккен болашақ ұлтын құру бойынша реформа біздің ортақ, көпұлтты отбасымыздың этно-әлеуметтік топтары өкілдерінің мүддесіне сәйкес келеді», – деді ол.

Фудань университетінің «IT-технологиясы» мамандығының магистранты, «Болашақ» стипендиаты Алымжан Толеу «100 нақты қадамды» іске асыру ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласында көптеген жобаларды болжайды. «Бұл Қазақстанды қайта құру және дамытуға үлес қосуға қатысуға ниетті ІТ саласындағы жас мамандарға жақсы мүмкіндік», – деді ол.

Шанхай Теңіз істері университетінің экономика факультетінің магистранты Барлыбаева Алтынай «дағдарыс» сөзі қытай тілінде «тәуекел» және «үміт» екі иероглифімен жазылады. Осыған байланысты әлемдік дағдарыс кезеңінде «100 нақты қадам» Қазақстанға ел экономикасын индустриализациялау және отандық өндірісті дамыту бойынша үлкен мүмкіндік ашады.

Жас кәсіпкер, «Shanghai Silkroad» компаниясының негізін салушы Аскар Оразбеков студенттерге жастардың орта және шағын бизнесті дамытуға белсенді қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді. А. Оразбековтың айтуынша, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында болашақта Қазақстанның экономикасы дамуының негізгі қозғалтқышына айналуы тиіс орта және шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасалған.

«Дөңгелек стол» нәтижесінде Шанхай қаласындағы қазақстандық студенттер Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне мерзімінен бұрын сайлау жүргізуге қолдау жасап, Шанхайдағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы № 244 сайлау учаскесінде өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне мерзімінен бұрын сайлауды ұйымдастыруға ықпал жасау бойынша бастамашылар тобын құру туралы шешім қабылдады.

Шанхай шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстан орталығы» 2015 жылғы қарашада Шанхай қаласында Қазақстан Республикасы Бас Консулдығы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлескен бастамасы бойынша құрылған. Шанхай шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстан орталығының» міндеттерінің бірі Шанхай қаласында білім алып жатқан қазақстандық жастарды патриоттық тәрбиелеу және оларды біріктіру болып табылады.

2

3

4

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design