«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыру бойынша конкурс жарияланған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыру үшін Үйлестіру агенттігін тартуға конкурс жариялады.

Жобаның әкімшісі – Дүниежүзілік банк. Жобаны жүзеге асыруға арналған қаржы Швейцариялық Траст қорымен бөлінген.

Грант сомасы – 21,7 млн. АҚШ доллары.

Үйлестіру агенттігі гранттарды, Жобаның қатысушыларына стипендия беруді, жобаны басқаруды және мониторингтеуді оқытуды іске асырады.

Шамамен 2 мыңға жуық гранттарды беру және оған 8,5 мың жастардың қатысуы жоспарлануда.

Үйлестіру агенттігі ретінде, жергілікті және шетелдік ұйым, сондай-ақ аталған ұйымның консорциумы болуы мүмкін.

Толық ақпаратты ҚР БҒМ: www.edu.gov.kz («Конкурстар» бөлімі) ресми сайтынан алуға болады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design