«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Іріктеудің жаңа қағидалары және 2016 жылы «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдаудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында іріктеудің жаңа қағидалары, оқуға түсу шарттары мен санаттарға қойылатын талаптар туралы баяндады.

Гани Ныгыметов айтып өткеніндей, 2016 жылғы 11 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдау басталады. Олар мынадай үш кезеңде жүргізіледі: бірінші – 11 сәуірден бастап 13 мамырды қоса алғандағы кезең; екінші – 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғандағы кезең; үшінші – 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.

Үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттарды электронды үкімет веб-порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (бұрынғы ХҚО), сондай-ақ өз қолымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады.

Өткен жылғы конкурстық іріктеу тәжірибесі бойынша 2016 жылдан бастап халықтың құжаттар дайындау шығыстарын оңтайландыру мақсатында құжаттар пакетін тапсыру нысанына талаптар жеңілдетілді.

Стипендияны жаңартудың негізгі бағыттары анықталған Стипендияны дамытудың 2016–2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалып, оларға санатына қарай жекелеген талаптар қойылады.

Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап МВА бағдарламасының жұмысы жаңартылды. Осы бағдарлама шеңберінде 2016 жылға Ұсынылған ЖОО-лар тізімінде берілген 10 бизнес-мектепте оқу үшін 10 стипендия бөлінген.

Конкурстық іріктеуді кеңінен анонстау және тұрғындарды барынша мол тарту мақсатында бағдарламаның ресми әкімшісі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыруда. Олардың шеңберінде өңірлерде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек ұжымдары арасында кездесулер мен брифингтер өткізілуде.

фото на сайт

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design