«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін талдады

Мәскеу ұлттар үйінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Мәскеудегі өкілі мен қазақстандық студенттер ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстан: 25 жыл бейбітшілік, келісім және жасампаздық» жастар форумы болып өтті.

Іс-шараға ресейлік ғалымдар мен сарапшылар, мәскеулік жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ қазақстандық студенттер, аспиранттар мен докторанттар, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты.

Форум модераторы, Өңірлік проблемалар институтының бас директоры Дмитрий Журавлев жұмысты бастай отырып, КСРО таратылған кезде барлық республикалардың бастама ұстанымдары бірдей болғанымен, Қазақстан алға құлшына шығып, тұрақты экономикалық және саяси жүйе құрды, жас, энергиялы мемлекет ұлтаралық келісімді сақтап, сыртқы саяси курстарды табысты өткізе білді.

Іс-шара шеңберінде ММУ, ММХҚИ, РХШжМҚА, МКИИ, Н. Э. Бауман атындағы ММТУ, РХДУ, МИФИ, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің қазақстандық студенттері/магистранттары мен аспиранттары Қазақстанның 25 жылда экономикадағы, ауыл шаруашылықтағы, энергетикадағы, білімдегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы, мәдениеттегі, туризмдегі, сыртқы саясаттағы жетістіктеріне, оның ішінде Астананың еуразиялық ықпалдасуына қосқан үлесіне арналған баяндамамен сөз сөйледі.

Баяндамашылар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестіне ерекше назар салды.

Пікірталас барысында қатысушылар «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестін, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам», «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, сондай-ақ қазақстандық жастардың заманауи жағдайларда елді жаңарту процесіндегі үлестерін талқылады.

Ресей мемлекеттік әділ сот университетінің профессоры Елена Ашмарина Қазақстанның табысты даму тәжірибесі құрметке ие және тереңінен зерделеуді және қолдануды қажет етеді деп көрсетті. Ол бұл форум ҚР экономикалық дамуы бойынша қосымша ақпарат алуда пайдалы болып табылады.

Өз кезегінде Қауіпсіздік индустриясы қауымдастығының президенті Игорь Филоненко қазақстандық жастардың баяндамаларынан көптеген жаңалықтар алдым деп атап көрсетті. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестіне түсінік бере отырып, сарапшы қазақстандық көш басшының барлық бастамаларының мәні олардың болашаққа бағытталуында деп атады.

Кездесу қорытындысын шығара келе, ММУ АТО бас директоры Сергей Рекеда мұндай форумдар қазақстан-ресей қарым-қатынасын нығайтуда жақсы әрі керемет дәстүр болатындығына тоқталып, іс-шара форматының бірегейлігін бағалады.

1

2

3

4

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design