«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» бағдарламасының 6+6 тілдік моделі өзінің тиімділігін көрсетті

«Болашақ» бағдарламасы Қазақстанда ағылшын тілін үйренудің 6+6 жаңа моделін іске қосты. Бұл тілдік даярлықты Қазақстанда кезең-кезеңмен тұрақтандырудың және стипендиаттарды даярлауға бөлінетін қаржы қаражатын қысқартудың бірінші қадамдарының бірі, деп хабарлайды  BNews.kz тілшісі.

Алты ай стипендиаттарды тілге Қазақстанда, және кейінгі алты айда шетелде даярлайтын болады. Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының тіл мектептерінде 76 адам оқуын аяқтап, 97-сі оқуда.

«Астана қ. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қарқынды тілдік курстардың қорытындылары бойынша, бұл курстар Қазақстанда бірінші рет іске қосылғанына қарамастан ұйымдастыру жұмыстары мен оқу процесі тиісті деңгейде өткізілгенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, біздің тобымызбен үш оқытушы айналысты, бұл бізге ағылшын тілін түрлі тәсілдермен оқуға мүмкіндік берді. Сол ұстаздардың еңбектері мен кәсіпқойлықтары арқасында бір ай ішінде біз Қазақстанда жүріп білім деңгейімізді 0,5–1 балға өсірдік. Ал ағылшын тілді елдерде мұндай нәтижелерге 3–6 айда ғана қол жеткізуге болады», – деп өз ойымен бөлісті Ұлыбританияда магистратурада оқып жатқан «Болашақ» стипендиаты Лаура Жолдасова.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде ашылғын тілдік курстарға жалпы оң бағамды беремін. Мысалы, егер сабақ барысында тобымыздағы стипендиаттардың деңгейлері әртүрлі болса, курс соңында стипендиаттардың басым бөлігі ағылшын тілінде жоғары деңгейде сөйледі. Курс басталғаннан топта достық байланыс орнап, оқытушылармен жылы қарым-қатынас орнады», – деп атап өтті «Экология» мамандығы бойынша Columbia University оқу орнында тағылымдамадан өтуші Еркин Елеусизов.

 4

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design