«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ-2017» стипендиаттары ағылшын тілін Қазақстанда үйренетін болады

Бұл тілдік даярлауды ҚР-да тұрақты өткізуге және «Болашақ» бағдарламасы шығыстарын азайтуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы квота алған стипендиаттар ағылшын тілін Қазақстанда «Болашақ» тіл мектебі базасында ғана үйренетін болады. Халықаралық бағдарламалар орталығы басшысының пікірінше, «Болашақ» бағдарламасының ағылшын тілін оқудың жаңа моделі стипендиаттардың дайындалу деңгейінің жоғары екендіктерін көрсетіп, ендігі уақытта шетелдік тағылымдаманы қажет етпейді, деп жазады Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,  Kazpravda.kz.

Жаңа енгізулерге қатысты өз пікірлерімен «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамаға тікелей қатысушылар да бөлісті.

Жасулан Жаниязов қазіргі уақытта АҚШ-та тілдік курстардан өтуде. Бұл жерге ол Қазақстандағы тілдік даярлаудан кейін жіберілген және оның екі жағдайда да даярлық деңгейлерін объективті салыстыруға мүмкіндігі бар.

«Курс басында менің ағылшын тілін білу деңгейім әлсіз болған, бірақ Қазақстандағы қиын бірнеше айлардан кейін АҚШ-та оқып бастаған тілдік курстарын мүлдем жеңіл сияқты көрінді. Мен Қазақстанда өткен ағылшын тілін үйрену курсы үшін өз алғысымды білдіремін. Қазақстанда курстардан өткен барлық студент бүгінгі күні тілді кәсіби деңгейде біледі десем артық айтпағаным болар», – дейді Жаниязов.

Жаниязовтың ойы Штаттарда ағылшын тілінен білімін жетілдіріп жатқан «Болашақ» бағдарламасының басқа стипендиатарының ойымен сәйкес келеді.

«Алматыда өткен тіл білу курсы өте күрделі болды, алайда әсері бірден көрінді. Бір екі сөздің басын ғана қоса алатын адамнан мен өз ойымды толық жеткізе алатын спикерге айналдым десем де болады. Атап айтқанда, мені ол жердегі ұстаздардың жұмыс істеудегі түрлі әдістері таң қалдырды. Бізге қызықты болуы үшін олар түрлі әдістер мен бірегей тапсырмаларды пайдаланды. Америкада өткен курстарға қарағанда Алматыда өткен тілдік курсқа мен өз басым ризашылығымды білдіремін», – деп өз пікірін білдірді Найзабаева.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда тағылымдамадан өтіп жатқан Данияр Бигайдаров та Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа қаржылық саясатына өз алғысының шексіз екендігін жеткізеді.

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тіл мектебін ашу қаржы қаражатын үнемдеуде де, стипендиаттарды шетелдегі өмірге даярлауда да дұрыс шешім қабылдаған», – деді ол.

 3

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design