«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» Батыс-Қазақстан облысынан үміткерлер санын арттыруға ниетті

Орал қаласында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Гани Ныгыметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын таныстыру болып өтті.

Кездесуді аша отырып, Гани Ныгыметов мемлекеттің ауқымды индустриализациялануы және «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары  шеңберіндегі реформаларды жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасын диверсификациялап, индустриализациялау үшін мемлекеттік дағдарысқа қарсы және құрылымды өзгерістерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді атқара алатын әлемдік деңгейдегі кәсіби кадрларды даярлау жүйесін барынша арттыруды тапсырғандығын атап өтті.

Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының 135 түлегі Батыс-Қазақстан облысында қызмет етуде. Олардың 44% (59 адам) мемлекеттік органдар мен мекемелерде, 26% (35 адам) жекеменшік компанияларда, 22% (30 адам) шетелдік компанияларда, 8% (11 адам) мемлекеттік сыңайлы секторда және ұлттық компанияларда жұмыс істеуде. Батыс-Қазақстан облысындағы «Болашақ» бағдарламасының ең беделді түлектерінің қатарында аймақ басшысы Алтай Күлгінов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев және «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басшысы Ержан Балтаев.

Сонымен қатар, Орал қаласында болу шеңберінде Гани Ныгыметов, кездесулердің басты мақсаты Батыс-Қазақстан облысынан үміткерлер қатарын арттыру мәселесін талқылау болып табылатын, Батыс-Қазақстан облысы әкімдігінің басшылық құрамымен кездесті, соған қоса, физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде болып, жергілікті БАҚ-на сұхбаттар берді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізіледі: бірінші – 11 сәуірден бастап 13 мамырға дейін; екінші – 13 маусымнан бастап 29 шілдеге дейін; үшінші – 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design