«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Назар аударыңыз! Тәжікстан республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу конкурсы 2020 жылдың 22 шілдесіне дейін ұзартылды

Таджикистан

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2020–2021 оқу жылына бағдарламалар бойынша конкурс жарияланады:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша40 орын;

- магистратура бағдарламасы бойынша 10 орын.

     Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін сiлтемеден көре аласыз. 

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынға стипендия;
  • жатақханада тұру

Назар аударыңыз!!!Қалған шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2020 жылдың 22 шілдесіне дейін ұзартылды.

          Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шет елде оқуға үміткерледі іріктеу жеке әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.  

          Үміткерлер тең баллмен іріктелген кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасылардың балалары; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие болады.             

         Қорытынды іріктеді қабылдаушы тарап өткізеді.

Ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

Назар аударыңыз! Тәжікстан республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу конкурсы 2020…

03.07.2020

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы білім саласындағы...

Назар аударыныз! Қырғызстан республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу конкурсы 2020 жылдың 9 шілдесіне дейін ұзартылды

Кыргыстан

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4маусымдағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қырғызстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2020–2021 оқу жылына бағдарламалар бойынша конкурс жарияланады:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша3 орын;

- магистратура бағдарламасы бойынша 2 орын.

     Жоғары оқу орындары тізімін сiлтемеден көре аласыз. 

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынға стипендия;
  • жатақханада тұру

Назар аударыңыз!!!Қалған шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2020 жылдың 9 шілдесіне дейін ұзартылды.

      

          Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шет елде оқуға үміткерледі іріктеу жеке әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.  

          Үміткерлер тең баллмен іріктелген кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасылардың балалары; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие болады.             

         Қорытынды іріктеді қабылдаушы тарап өткізеді.

Ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

Анкета

Назар аударыныз! Қырғызстан республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу конкурсы 2020…

03.07.2020

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4маусымдағы білім саласындағы ынтымақтастық...

Әзербайжан қазақстандықтарға 10 оқу гранттарын ұсынады

Азербайджан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2017 жылғы 3 сәуірдегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2020–2021 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша5 орын;

- магистратура бағдарламасы бойынша5 орын.

         Оқу әзербайжан, орыс немесе ағылшын тілдерінде.

          Оқу тілі немесе мамандық бойынша тиісті білімі жоқ студенттер үшін 6-айдан бір жылға дейін дайындық курстары ұйымдастырылады.

          «Магистартура» бағдарламасында оқу үшін таңдалған мамандық «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқыған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.

          Ағылшын тілінде білім алу үшін сізде кем дегенде деңгейі бар жарамды сертификаттар болу керек:

          «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.0; TOEFL 120-дан 40.

          «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.5 TOEFL 120-дан 50.

          Үміткерлер өз қарауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады.

Жоғары оқу орындар тізімін және мамандықтар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынға стипендия;
  • жатақханада тұру;
  • медициналық сақтандыру.

Назар аударыңыз!!! Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын, грант иесі өзі өтейді.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2020 жылғы 1 шілдеден 9 шілдеге дейін.

      

         

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

          Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көп балалы отбасылар балалары; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

                    Қорытынды іріктеді қабылдаушы тарап өткізеді.

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Әзербайжан қазақстандықтарға 10 оқу гранттарын ұсынады

02.07.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2017 жылғы...

Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.19

Халықаралық шарттар аясында шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеудің барынша ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасына сәйкес «Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағида) бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап өтерлігі, енгізілген түзетулерге сәйкес, Қағидада шетелде оқытуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең балл иеленгендер үшін келесі басымдықтар басшылыққа алынады:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;

4) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыртуы бар, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер.

Адами фактордың қатысуымен байланысты тәуекелдерді төмендету мақсатында құжаттарды қабылдау автоматтандырылды және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Объективті шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін енді жаңа Қағидаға сәйкес іріктеу екі кезеңнен тұрады: Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен сұхбат және Қорытынды комиссияның шешім қабылдауы. Сұрақтар бекітілген регламент бойынша қойылады.

Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздарымен оқуды аяқтағаннан кейін 3 (үш) жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз еңбек қызметін міндеттейтін оқуға шарт жасасу бойынша норма енгізілді.

Шетелде, соның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының толық мәтінімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/142887/kaz

Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

01.07.2020

Халықаралық шарттар аясында шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеудің барынша ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету...

Коронавирустық пандемия кезеңінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шығындарын оңтайландыру туралы

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.19 1

Коронавирустық инфекцияның жаппай таралуына байланысты «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары оқитын шетелдік ЖОО-ры а.ж. наурыздан бастап қашықтан оқу форматына көшірілгені белгілі.

Осыған байланысты бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың тапсырмасымен, Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелдік жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізіп, стипендиаттардың оқу ақысын төмендету мәселелерін талқылады. Нәтижесінде, 25 оқу орнында оқитын 343 стипендиатқа оқу төлемақысы 10%-дан 50%-ға дейінгі көлемде төмендетілді. Осылайша, 325,1 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Басқа да оқу орындарымен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін CoV-19 пандемиясы кезінде әртүрлі преференциялар алу, оқуға жұмсалатын шығындарды мейлінше төмендету бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алуда.

Анықтама үшін: «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаны іске асырудың 26 жылында 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде әртүрлі салада 10 749 маман дайындалды.

Коронавирустық пандемия кезеңінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шығындарын оңтайландыру туралы

29.06.2020

Коронавирустық инфекцияның жаппай таралуына байланысты «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары оқитын шетелдік ЖОО-ры а.ж. наурыздан бастап...

Коронавирустық пандемия кезеңінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын қолдауға бөлінген қаражат туралы

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.20 1

2020 жылғы 28 наурызда «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Осылайша мемлекет СOVID-19 пандемиясы кезінде бағдарлама стипендиаттарына жан-жақты қолдау көрсетті.

Атап айтқанда, оқуды аяқтай отырып, шекараның жабылуы және әуе қатынасының тоқтатылуна байланысты оқу елдерінде амалсыздан қалған 84 стипендиатқа 66,4 млн. теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Олардың 45 адамы қазіргі таңда Қазақстанға оралды, ал қалған 39 адам жақын арада қайтуды жоспарлауда.

Сонымен қатар, СOVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға келген 147 стипендиат елімізде қашықтан білім алуда. Оларға 192,8 млн.теңге мөлшерінде шәкіртақы төленіп, 20,5 млн. теңге мөлшерінде оқу елінен Қазақстанға дейінгі әуе билеттері алынды.

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алуда.

Анықтама үшін: «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаны іске асырудың 26 жылында 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде әртүрлі салада 10 749 маман дайындалды.

Коронавирустық пандемия кезеңінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын қолдауға бөлінген қаражат туралы

29.06.2020

2020 жылғы 28 наурызда «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге...

«Болашақ» халықаралық стипендиясының қызметін насихаттау мен имиджін арттыру жөніндегі меморандум

WhatsApp Image 2020-06-29 at 12.31.18

Ағымдағы жылғы 24 маусымда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыруға тікелей қатысы бар екі іргелі ұйым арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Стипендия иегерлерін өз аясында біріктірген Бағдарламаның әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) президенті Кәрібозова Айнұр Бағдатқызы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) төрағасы Макен Бахтияр Макенұлы «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен оның түлектерінің мәртебесін арттыруға бағытталған өзекті зерттеулер жүргізуге, арнайы басылымдар мен бейнефильмдер шығаруды алға тартқан ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бағдарламаның іске асырылуының 26-жылдық кезеңінде 13 800-ден астам Қазақстан азаматы стипендия иегері атанды. Бүгінде 11 000-ға жуық Бағдарлама түлегі еліміздің игілігіне қызмет атқаруда.

Орталық пен Қауымдастық арасындағы ынтымақтастық білім беру, әлеуметтік маңызы бар және қайырымдылық сипаттағы жобаларды іске асыруға бағытталатынын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет және өнер, инженерлік-техникалық саладағы бағдарлама түлектерінің үлесі ерекше назарда болады. Меморандум Бағдарламаны жаңа сапалы деңгейге шығаруға және оның түлектерінің әлеуетін барынша пайдалануға үлес қосады деп көзделуде.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының қызметін насихаттау мен имиджін арттыру жөніндегі меморандум

29.06.2020

Ағымдағы жылғы 24 маусымда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыруға тікелей...

Назарбаев Университетін 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2020-06-29 at 12.03.26

Осыдан 10 жыл бұрын 2010 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қатысуымен Назарбаев Университетінің ашылу салтанаты өтті.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ ұлттық жоғары білім беру жүйесінің үздік моделі және ғаламдық зерттеу университеті болуға талпынған Қазақстандағы жоғары білімнің флагманы. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ ұзақмерзімді серіктестер әрі еңбекпен қамту саласында белсенді қызмет атқарып келеді. Аталған оқу орны «Болашақ» бағдарламасы түлектеріне ең ірі жұмыс беруші. Қазіргі таңда «Назарбаев Университеті» ДББҰ экожүйесінде «Болашақ» бағдарламасының 427 түлегі еңбек етуде.

Сонымен қатар, біз университеттің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы директоры Динара Ашықбаеваны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігінен табыла білгенін жоғары бағалаймыз.

Біз «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ын 10 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, оқу ордасының одан әрі өркендеуіне және еліміздегі жоғары білімді реформалау жолында алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз.

Назарбаев Университетін 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

29.06.2020

Осыдан 10 жыл бұрын 2010 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының...

Благотворительная акция «Teaching for Heroes»

WhatsApp Image 2020-06-29 at 09.25.56

Құрметті достар!

«Болашақ» қауымдастығы «Teaching for Heroes» қайырымдылық бастамасының серіктесі болды!

Бұл ұйымның мақсаты бүкіл Қазақстан бойынша COVID-19-бен күресетін дәрігерлер мен медбикелердің балаларына ағылшын тілінің сапалы, тегін сабақтарын ұсыну. Барлық жастағы оқушылар әлемнің үздік оқу орындарының 300-ден астам еркін сөйлейтін тәлімгерлерін таңдай алады. Қарапайым және ыңғайлы платформаның арқасында оқушылар мен тәлімгерлерге ыңғайлы кесте мен жүйе беріледі.

Ел бойынша мыңдаған дәрігерлер мен медбикелер тәулік бойы жұмыста бола отырып, бізді вирустардан қорғайды. Олардың үйге баруға, отбасымен және балалармен уақыт өткізуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан TFH бастамасы біздің дәрігерлер мен медбикелерді қолдауға атсалысып, олардың балаларына тегін сапалы онлайн сабақтар береді.

Егер сіз жақсылық жасағыңыз келсе;

Егер сіз мектеп немесе университет студенті болсаңыз;

Егер сіздің деңгейіңіз ағылшын Upper-intermediate және одан жоғары болса;

Егер сізде аптасына 2 сағат бос уақыт болса...

Құрметті болашақтықтар, сіздерді осы бастаманың бір бөлшегі болуға және бізді қорғау жолында еңбектеніп жүрген ата-аналардың балаларына сабақ беруге шақырамыз!

Сауалнаманы мына сілтеме бойынша толтырыңыз: http://www.teachingforheroes.com/

Ұйымдастырушылармен байланыс:

teachingforheroes@gmail.com

+7-701-220-77-33 Настя

+7-701-712-07 Әсел

Благотворительная акция «Teaching for Heroes»

29.06.2020

Құрметті достар! «Болашақ» қауымдастығы «Teaching for Heroes» қайырымдылық бастамасының серіктесі болды! Бұл ұйымның мақсаты бүкіл Қазақстан...

БАҚ ӨКІЛДЕРІ «BOLASHAQ TALKS» АЛАҢЫНДА

WhatsApp Image 2020-06-20 at 20.40.36 1

2020 жылғы 26 маусымда онлайн режимде «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының кезекті басқосуы өтті. Бейнеконференция БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында арнайы ұйымдастырылды. Брифингке «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрiбозова, «QAZSPORT» телеарнасының бас редакторы Индира Бектенова, «Qazaqstan» РТРК Маңғыстау облыстық филиалының директоры Бекзат Жүсіп және «Bilim Media Group» компаниялар тобының редакторы Нұрбек Әмиша және тағы басқа журналистика саласындағы «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен стипендиаттары, БАҚ өкілдері қатысты.

Онлайн жүздесу барысында «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы жаңа өзгерістер, атап айтқанда басым мамандықтар тізімі, конкурстық кезеңдер, сондай-ақ, құжат қабылдау мерзімі жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан оларды қызықтырған сауалдарға жауап берілді. Атап айтқанда еңбек өтілін жүзеге асыру, ауыл жастарына арналған мүмкіндіктер, ғылыми және кәсіптік тағылымдамаларды ұйымдастыру, жылжымайтын мүлікті кепілдендіру қажеттілігі, конкурсқа қатысуда үміткерлерге қойылатын талаптар және т.б. мәселелер бар.

Сондай-ақ, спикерлер БАҚ өкілдері жұмысының ерекшеліктері, Қазақстандағы журналистиканың даму барысы және «Болашақ» бағдарламасы бойынша БАҚ қызметкерлерін оқыту тәжірибесіне тоқталды.

Мәселен «Bilim Media Group» компаниялар тобының редакторы Нұрбек Әмиша «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша арнайы тетіктер, бағдарлама қолға алынса деген ұсынынсын жеткізді, ал педагог Айнұр Ташмақова өңірлерде жұмыс істеуге дайын түлектерге жан-жақты қолдау жасай отырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты бастасымен бөлісті. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Дархан Өмірбек өз тәжірибесіне сүйене отырып, жергілікті оқу елдерінде стипендиаттарға жол сілтеуші көмек ретінде арнайы Гид жобасы жүзеге асырылса деген идеясын алға тартты. Сондай-ақ, «Qazaqstan» телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Бекзат Жүсіп президенттік стипендияға үміткерлерді іріктеуде Тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды жоғары бағалай келе, комиссия отырысын бейнетаспаға түсіру бастамасының ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Кездесу соңында Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті А. Кәрібозова айтылған барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қолға алынатынын және БАҚ өкілдерімен басқосудың тағы жалғасатынын жеткізді.

Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «БАҚ және журналистика» бағыты бойынша 162 адам дайындалды. Стипендиаттардың ең көп саны магистратура бағдарламасы бойынша - 134 адам (83%), тағылымдамадан – 7 адам (4%) өтті, бакалавр дәрежесін – 20 адам (12%) , ал «маман» дәрежесін – 1 адам (1%) бiтiрдi.

Тікелей эфирге сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=t4CAp2oLbUU

БАҚ ӨКІЛДЕРІ «BOLASHAQ TALKS» АЛАҢЫНДА

27.06.2020

2020 жылғы 26 маусымда онлайн режимде «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының кезекті басқосуы өтті. Бейнеконференция...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design