«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

  • ins

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та білім алып жатқан “Болашақ” бағдарламасының стипендиаттары алғыс грамоталарымен марапатталды

 

Грамота стип все

2019 жылғы 11 қазанда Қазақстанның Вашингтон қаласындағы елшілігінде Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі Қазыxанов Ержан Хозеұлы "Болашақ" бағдарламасының  стипендиаттарымен кездесті.

Кездесу барысында ерекше белсенділік танытқан студенттерге, оның ішінде, George Washington University студенттері Төлемісова Жайнагүлге (MA in Media and Strategic Communication), Құдайберген Жанарға (Msc in Biological Sciences) және Жанар Кулекбаеваға (Master of Strategic Public Relations) салтанатты түрде алғыс грамоталары тапсырылды.

АҚШ-та білім алып жатқан “Болашақ” бағдарламасының стипендиаттары алғыс грамоталарымен марапатталды

14.10.2019

  2019 жылғы 11 қазанда Қазақстанның Вашингтон қаласындағы елшілігінде Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше...

«Education USA 2019»  білім беру көрмесі

WhatsApp Image 2019-10-14 at 14.57.23

 

20, 23 және 26 қазанда Нұр-Сұлтан, Атырау және Алматы қалаларында «Education USA» атты жыл сайынғы білім беру көрмесі өтеді.

Толық ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.

«Education USA 2019» білім беру көрмесі

14.10.2019

  20, 23 және 26 қазанда Нұр-Сұлтан, Атырау және Алматы қалаларында «Education USA» атты жыл...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  «Study UK Fair 2019» көрмесіне қатысты

12.10.19 Study UK

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Британдық Кеңестің ұйымдастыруымен өткен «Study UK Fair 2019» көрмесіне қатысты. Аталмыш көрмеде орталық өкілдері «Болашақ» бағдарламасы және орталықтың шеңберінде іске асып жатқан жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, көрме қонақтары «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алудың талап-шарттары жайында жеке кеңес алды. 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Study UK Fair 2019» көрмесіне қатысты

12.10.2019

  Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Британдық Кеңестің ұйымдастыруымен өткен «Study UK Fair...

King’s College London 2020/2021 оқу жылына The Alexandros Petersen Scholarship стипендиясына құжаттар қабылдайтынын жариялайды.

Kings college London

Университет талапкерлерге Әскери зерттеу департаментінің «Қақтығыс, қауіпсіздік және даму» магистрлік бағдарламасы бойынша бір жыл көлемінде тегін білім алуды ұсынады.

Үміткерлерлер оқуға өтінімді ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін тапсыру керек.

Грант пен құжаттар қабылдау жөнінде сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.

King’s College London 2020/2021 оқу жылына The Alexandros Petersen Scholarship стипендиясына құжаттар қабылдайтынын жариялайды.

11.10.2019

Университет талапкерлерге Әскери зерттеу департаментінің «Қақтығыс, қауіпсіздік және даму» магистрлік бағдарламасы бойынша бір жыл...

2019 жылдың 12 қазанында С.Н.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ оқу орнында «Жастар кадрлық резерві» жобасының 10-жылдық мерейтойлық маусымы ашылады

кадровый резерв каз

2019 жылдың 12 қазанында сағат 10.00-де С.Н.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ оқу орнында Қазақстанның мемлекеттік саясаткерлері, ұлттық компаниялардың өкілдері және өткен жылдардың резервистердің қатысуымен өтетін «Жастар кадрлық резерві» жобасының 10-жылдық мерейтойлық маусымы ашылады.

12–13 қазанда  кәсіби біліктілігін дамытуға және өзін жетекші позицияларға ұсынуға даяр үміткерлердің дайындығы өтеді. Іс-шараның бағдарламасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. 

2019 жылдың 12 қазанында С.Н.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ оқу орнында «Жастар кадрлық резерві» жобасының 10-жылдық мерейтойлық…

10.10.2019

2019 жылдың 12 қазанында сағат 10.00-де С.Н.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ оқу орнында Қазақстанның мемлекеттік саясаткерлері...

«Италияда білім ал! Studiare in Italia» білім беру көрмесі

69398836 1352803224877319 7857702226343493632 o

 

24 және 26 қазанда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жыл сайынғы «Италияда білім ал! STUDIARE IN ITALIA» білім беру көрмесі өтеді. Аталмыш көрмеге Италияның озық университеттері және «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға ұсынылған жоғары оқу орындары қатысады:

1.    Politecnico di Milano

2.    Politecnico di Torino

3.    Sapienza Universita di Roma

4.    Universita degli Studi di Milano

«Италияда білім ал! Studiare in Italia» білім беру көрмесі

10.10.2019

  24 және 26 қазанда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жыл сайынғы «Италияда білім ал! STUDIARE...

Study UK британдық білім беру көрмесі 2019

1080x1080

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 12-13 қазан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін Study UK британдық білім беру көрмесіне қатысады.

Study UK британдық білім беру көрмесі 2019

10.10.2019

  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 12-13 қазан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін Study UK британдық...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Израиль мемлекетімен арадағы ынтымақтастықты нығайта түспек

542A7120

 

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығында» Қазақстандағы Израиль мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельманмен кездесу өтті.

Бүгінгі күнге дейін «Болашақ» стипендиясының 100 шақты түлегі Израиль елінде түрлі бағыттар бойынша тағылымдамадан өткен. Олардың басым бөлігі (84 стипендиат) тағылымдамасын «CoMet» Заманауи медициналық технологиялар орталығында тәмамдаған.

Тараптар Израиль мен Қазақстан арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен «Болашақ» бағдарламасы аясындағы серіктестіктің мүмкіндіктерін талқылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Израиль мемлекетімен арадағы ынтымақтастықты нығайта түспек

04.10.2019

  Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығында» Қазақстандағы Израиль мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельманмен кездесу...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстандағы Ұлыбританияның Халықаралық сауда министрлігі және Британдық Кеңесі өкілдерімен кездесу өтті

14.встреча

 

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының 253 стипендиаты британ ЖОО-да білім алып жатыр. Биылғы тамыз айындағы соңғы мәліметтерге сәйкес, Ұлыбританияда білім алу үшін 94 стипендия тағайындалған. Бұл Біріккен Корольдікті білім беру елдер тізімінде көшбасына шығарады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Британдық Кеңеспен тілдік тәжірибе бағдарламасы аясында жұмыс жасайды.

Британдық Кеңес алдағы уақытта өзара әрекеттестікке дайын екендерін білдірді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 12-13 қазанында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін жыл сайынғы «Study UK» білім көрмесіне қатысуға шақырды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстандағы Ұлыбританияның Халықаралық сауда министрлігі және Британдық Кеңесі өкілдерімен кездесу өтті

14.09.2019

  Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының 253 стипендиаты британ ЖОО-да білім алып жатыр. Биылғы тамыз айындағы соңғы...

АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ

49346004_968802113311785_1407738731707760640_o_photo-resizer.ru_2.jpg

Журналист, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, бірнеше кітаптың авторы, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері Нәзира Байырбек өз пікірімен бөлісті.


АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ
Оқып, білімімді жалғастыру көп жылдан бергі арманым еді. Екі рет оқуға түссем деп оқталдым, бірақ Құдай маған сәби сүюді, балаларымның буыны қатайып, қанаттанғанша отандық журналистикада қызмет етуді ғана нәсіп етті. Қазір, Аллаға шүкір, бес балам бар.  Бірақ бұған дейін қазақ журналистикасындағы өз қызметімді абыроймен атқаруға, жеке шығармашылықпен айналысып, кітаптарымды шығаруға кедергі келтірмеген балаларым оқуға да кедергі келтірмейтініне сендім.

Сөйтіп, тәуекел етіп "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға құжат тапсырдым.
Еңбексіз келген нанның дәмі болмайды. Маған бұл мүмкіндік еңбексіз келген жоқ. Әуелде жатпай-тұрмай ағылшын тілін оқып, қысқа мерзімде үйренгенімді сынап көрмекке IELTS емтиханын тапсыруға жазылдым. Ойымда - оқуға тапсырмас бұрын тәуекел ету не тәжірибе жинау ғана еді. Бірақ, жолым жеңіл болды, алғашқы талпынысымда-ақ "Болашақпен" шетелде оқуға қажетті баллды жинай алдым...
Бұл маған әрі қарай ұмтылуға сенім берді. Оқу орталығына құжаттарымды топтастырып, емтихандардан өттім. Емтихан нәтижелеріме күмәнім болмаса да, "Болашақ" стипендиясының иегері ретінде фамилиямды тізімнен көргенше дегбірім қашқанын жасыра алмаймын. Бұған сөз жоқ менің  жасым, арманымның ұзақ жылдардан бері алынбас асудай болып алыстап кеткені себеп болды...
Бірақ, Аллаға шүкір, аңсаулы күнге де жеттім!
Міне, мен де оқығалы отырмын. Бұрын елдегі оқу орындарында магистратура, докторантура бойынша оқып жатқан құрбыларыма, әріптестеріме қызыға қарасам, енді мен өзім ұмтылған - әлемнің айтулы елі, қай жағынан да даму бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан АҚШ-та оқымақшымын. Бұл сонда өңім бе, түсім бе?..
Иә, мен әлі сене алмай келе жатырмын. Оқып, заман көшінен қалмай жетілуіме даңғыл жол алышып тұр. Мемлекет менің оқуым үшін қыруар қаражат бөлмек. Ал мен соны өтей алам ба?
Бұл ой, әрине, өз жауапкершілігімді терең сезінуден туып отыр.
Мен қазір білім және тәжірибе атты биік белеске аяқ басқалы тұрмын. Қызығы мен шыжығы мол, маған берері көп бір жарқыраған әлемнің есігін қағып тұр. Бұл әлем менің көзқарасыма, кәсіби деңгейіме, азаматтық және тұлғалық болмысыма сөзсіз ықпалын тигізетін шығар.
Осындай бақыт, осы бір тамаша күйді сезінуіме мүмкіндік берген Елбасына "Болашақ" бағдарламасын енгізгені үшін шексіз ризашылық білдіргім келеді.
Азаматтарының білімін өсіріп, көкжиегін  кеңейтуден аянбаған елдің ертеңіне сенуге болады.
Ертең оқуға барғанда мен елімнің дәл осы ұстанымын мақтанышпен айта аламын.

 

АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ

13.09.2019

Журналист, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, бірнеше кітаптың авторы, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері Нәзира...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design