10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

vengriya

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі мен Мажарстан Республикасы Адам ресурстары министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде Мажарстан Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2018–2019 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» стипендиалдық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынып отыр.

Осы бағдарлама шеңберінде венгр тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 200 грант ұсынып отыр.

  • 90 грант бакалавриат бағдарламасы бойынша (өнер, гуманитарлық ғылымдар, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, музыка, славистика);
  • 90 грант магистратура бағдарламасы бойынша (гуманитарлық және техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер);
  • 20 грант докторантура бағдарламасыбойынша (барлық мамандықтар).

Көрсетілген гранттар жөніндегі ақпарат http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme вебсайтында орналастырылған.

Мамандықтар тізімін сілтеме арқылы көре аласыз

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • бакалавриат пен магистратурада шамамен 130 Еуро, докторантурада шамамен 450 Еуро ай сайынғы стипендия;
  • жатақханада тұру (немесе жалға алынатын тұрғын үйге шамамен 130 Еуро);
  • медициналық сақтандыру.
  • Қалған шығындарды грант иесі өз бетінше төлейді.

«Хореография» (Dance Study) мамандығына түсетіндерден басқа, 2000 жылғы 31 тамыздан кейін туылған үміткерлерден өтінімдер қабылданбайды.

Венгр сайтында онлайн тіркелу мерзімі 2018 жылғы 16 ақпанға дейін және құжаттар топтамасын қабылдау 2018 жылғы 23 ақпанға дейін.

2018 жылғы 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында венгр тарапы іріктеу үдерісін өткізеді.

МАЖАРСТАН СТИПЕНДИАЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҮМІТКЕРЛЕР АЛДЫМЕН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ apply.stipendiumhungaricum.hu СІЛТЕМЕСІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДЕН ӨТУІ КЕРЕК. 

Үміткерлер онлайн сауалнаманы толтырған кезде қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын келесі сілтеме бойынша қоса тіркеуі керек: http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme/call-for-applications-2018–2019.html

Сонымен бірге, үміткер келесі құжаттар топтамасын жинап, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел д-лы, 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 507-кабинет мекен-жайы бойынша тапсыруы қажет:

  1. стипендиалдық бағдарламаның ағымдағы өтініш насаны (онлайн тіркелгенде толық толтырылған, басып шығарылған және өтініш беріуші қолы қойылған);
  2. Europass format(link is external)нысаны бойынша түйіндеме;
  3. ағылшын немесе венгр тіліндегі уәждемелік хат;
  4. шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнамасы;
  5. шетелде оқу үшін мемлекеттік немесе орыс тілінде негіздеме-өтініш (ерікті түрде);
  6. жеке куәлік және төлқұжат түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады), түпнұсқалар болмаған жағдайда – тиісті органға жасау үшін тапсырылғанын растайтын құжат;
  7. білім алғаны туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім алғаны туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не білім алғаны туралы өзге құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  8. шет тілін білетінін растайтын құжат (IELTS 5,0-ден жоғары, TOEFL iBT 35 балл / PBT 417 балл) (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады); Сондай-ақ, оқу тілі ретінде венгр тілін таңдауға болады, сонда жылдық тілдік курстан өту ұсынылады;
  9. қосымшадағы нысан бойынша (шетелге шығушылар үшін) құжаттарды тапсыру сәтіне ағымдағы жылда берілген медициналық анықтама;
  10. грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері (бар болған жағдайда);
  11. ұсыныс хат (бар болған жағдайда);
  12. салыстыру үшін түпнұсқа ұсынумен транскрипт көшірмесі (шетелдік жоғары оқу орнына бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша өз бетінше түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). Транскрипт шет тілінде ұсынылған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;
  13. таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантурасы бағдарламасы бойынша оқу үшін);
  14. PhD докторантурасы бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдар немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелер тізбесі (бар болған жағдайда);
  15. үміткерден конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін өкілге берілген нотариалды куәландырылған сенімхат;
  16. үміткер ата-анасының немесе өзге тұлғалардың (қамқоршылар, заңды өкілдер) шетелде оқуға жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  17. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады).

Білім алғаны туралы құжаттар:

«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқу үшін – орта мектепті бітіргені туралы куәлік көшірмесі (түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған көшірме). Орта мектепті бітіргені туралы құжат болмаған жағдайда, оқушының 11 не 12-сыныптағы (соңғы оқу жылындағы) ағымдағы үлгерімі туралы табельдің  нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылу қажет.

«Магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша оқу үшін – бакалавр дипломы және оның қосымшасы көшірмелері (түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған көшірме). Жоғары білім алғаны туралы құжат болмаған жағдайда, барлық өткен курстардың нотариалды куәландырылған транскриптін және соңғы курс студенті мәртебесі туралы анықтаманы ұсыну қажет. Диплом ағылшын тілінде ұсынылған жағдайда, салыстыру үшін түпнұсқа талап етіледі.

Өнер және музыка саласындағы гранттарға үміткерлер жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша келесі құжаттарды қоса тіркеуге тиіс:

  • Суретшілер, графистер және мүсіншілер: үш (3) шығарма/эскиз фотосуреттері (жасау күнін көрсетумен);
  • Музыканттар (дирижерлар, композиторлар): музыканың үш (3) түрлі стилінің жоғары сапалы жазбалары (дирижерлер DVD нұсқасын ұсына алады), композиторлар үш (3) түпнұсқалы жазбаны CD-дискінде 1 данада ұсынуға тиіс.

PhD бағдарламасына үміткерлер жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша келесі құжаттарды қоса тіркеуге тиіс:

  • зерттеудің егжей-тегжейлі жоспары (кемінде 2 бет);
  • магистратураны бітіргені туралы диплом көшірмесі (түпнұсқа немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған көшірме). Диплом ағылшын тілінде ұсынылған жағдайда, салыстыру үшін түпнұсқа талап етіледі;
  • екі танылған академиялық тұлғадан ағылшын немесе венгр тіліндегі екі ұсыныс хат (бар болған жағдайда).

Құжаттар тезтікпеге тігіледі. Тезтікпе мұқабасында ТАӘ, мекен-жай, байланыс телефон нөмірі, оқу елі, таңдалған жоғары оқу орны және мамандық көрсетілуі тиіс.

Құжаттар 1 данада ұсынылады және толығымен жинақталғанда ғана қабылданады.

Байланыс телефон нөмірлері: +7 (7172) 249386, 249385, 769082,769083, 24 93 87; 24 93 73.

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba