10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Беларусь

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Беларусь Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2009 жылғы 10 маусымдағы келісім шеңберінде Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат (3 орын), магистратура (2 орын), аспирантура (1 орын) бағдарламалары бойынша білім алу үшін конкурс жариялайды.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары келесідей:

  1. білім туралы құжаттың орташа балы: «бакалавриат» бағдарламасы бойынша үміткерлер үшін – орта білім туралы аттестат балы кемінде 5,0-ден 4,5; «магистратура», «аспирантура» бағдарламалары бойынша үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының балы кемінде 5,0-ден 4,5 немесе GPA 4.0-ден 3.0 болуы қажет;
  2. үміткер оқуын аяқтамаған жағыдайда, ағымдағы үлгерімінің орташа балы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкесінше сай болуы қажет;
  3. мамандықтың жоғары білім дипломы мамандығына сәйкес келуі (магистратура мен аспирантура үшін) қажет.

Келісім шеңберінде:

  • тегін оқу
  • ай сайынғы стипендия (бакалавриат және аспирантура – шамамен 150 АҚШ долл., магистратура – шамамен 170 АҚШ долл.)
  • ЖОО жатақханасында тұру құны – айына 15–30 АҚШ доллұсынылады.

Қалған шығындар студенттердің өз қаражаты есебінен қамтылады.

Білім алу тілі – орыс тілі.

Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін үміткерлерге мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

Бір данада:

  1. шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
  2. Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы;
  3. жеке куәлік және/немесе ұлттық төлқұжат (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;
  4. мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;
  5. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама;
  6. грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері, бар болған жағдайда;
  7. ұсыным хаттар, бар болған жағдайда;
  8. транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарламалары бойынша өз бетінше түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). Бұл ретте, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалар ұсынылады;
  9. таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (аспирантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
  10. ғылыми жарияланымдар немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелер тізбесі (аспирантура бағдарламасы бойынша оқу үшін), бар болған жағдайда.

Бір данада:

  1. Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы;
  2. білім туралы құжат транскриптімен бірге және олардың нотариалды куәландырылған орыс тіліне аудармалары;
  3. денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды және нотариалды куәландырылған орыс тіліне аудармасы;
  4. денсаулық сақтау жөніндегі ресми орган берген АИТВ инфекциясының жоқтығы туралы сертификат және нотариалды куәландырылған орыс тіліне аудармасы;
  5. туу туралы куәлік көшірмесі және нотариалды куәландырылған орыс тіліне аудармасы;
  6. 3×4см. мөлшердегі 5 фотосурет;
  7. төлқұжат көшірмесі және нотариалды куәландырылған орыс тіліне аудармасы.

Беларусь Республикасы жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімі қоса беріледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2018 жылғы 1 маусымға дейін.

Құжаттар 2 файлдық папкада ұсынылады.

Құжаттар тезтікпеге тігіледі. Тезтікпе мұқабасында аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі, болжамды білім беру ұйымының атауы және мамандық көрсетілу қажет.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (13.00–14.30 — түскі үзіліс) Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік Ел д-лы, 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 501-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Тел.: +7 (7172) 24-93-86.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba