10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

374963227

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес украин тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарының Украинаның жоғары оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқуы үшін 40 орынды ұсынды, олардың ішінде:

  • 30 орын бакалавриат бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин азаматтар үшін;
  • 10 орын магистратура бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин Қазақстан азаматтары үшін.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарты:

  • білім туралы құжаттың орташа балы: «бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін– орта білім туралы аттестат балы кемінде 5,0-ден 4,5; «магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломы балы кемінде 5,0-ден 4,10 немесе4.0-ден 3.0 GPA. Үміткер оқуын бітірмеген жағдайда, ағымдағы үлгерімнің орташа балы жоғарыда көрсетілген баллдарға сәйкесінше сай болуы керек.

Келісімге сәйкес:

  • тегін оқу
  • жоғары оқу орны жатақханасы
  • медициналық қызмет көмек
  • оқушылар стипендиясы (шамамен 30000 теңге) қарастырылған.

Оқу тілі – орыс тілі.

Украинаның жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  1. еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (орыс немесе қазақ тілінде), дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;
  2. Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы, дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;
  3. қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі, баспа әріптермен толтырылған, оң жағының жоғарғы бұрышына жапсырылған фотосуреті бар сауалнама (украин тарапының талабы бойынша);
  4. жеке куәлік және ұлттық төлқұжат көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған);
  5. барлық пән бойынша бағаларды көрсетумен білім алу туралы құжаттың көшірмелері (мектеп оқушылары мектеп директорымен куәландырылған жалпы білім беретін мектептің бітіруші сыныбында оқуы туралы анықтаманы жарты жыл бағаларымен ұсынады). Құжат украин тіліне аударылып, Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігімен куәландырылуы керек.
  6. шетелдік украин куәлігінің көшірмелері (шығу тегі украин Қазақстан азаматтары үшін);
  7. жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім
  8. (шетелге шығушылар үшін) қосымшаға сәйкес 082/у нысанындағы медициналық анықтама;
  9. грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері,бар болғанда;
  10. ұсыным хаттар, бар болған жағдайда;

Мамандықтар және университет тізімін келесі сілтеме арқылы таба аласыз.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы 22 маусым.

Құжаттар файлдық папкада 2 данада (1 түпнұсқа, 1 көшірме) ұсынылады.

Тезтікпе мұқабасында немесе папканың бірінші файлында аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефон нөмірлері, оқу елі, таңдалған мамандығы, оқу бағдарламасы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар арнайы тезтікпеде тапсырылады. Тезтікпе мұқабасында: Аты-жөні, үй мекенжайы, байланыс телефоны, электронды мекенжайы, мамандығы мен университет көрсетілуі қажет. Құжаттар тек толықтай жиналған жағдайда ғана мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана, Сол жағалау, Мәңгiлiк Ел-8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 507 кабинет.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда төмендегі номерлар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз

+7 (7172) 76 90 82, 24 93 71

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba