10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

helsinki

100% тегін оқу мүмкіншілігі!

Жіберіп алмаңыз!

Финляндия университеттері ағылшын тілінде бакалавриат бағдарламаларын ұсынады.

Құжаттарды қашан тапсыруға болады?

Қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 9 қаңтарынан 23 қаңтарға дейін

Кім оқуға тапсыра алады?

Қабылдау критерийлерін сілтеме бойынша біле аласыздар қараңыз

Грантқа қалай түсуге болады?

  1. Сайтқа кіріңіз
  2. Бағдарламаны таңдаңыз
  3. Электрондық пошта мекен-жайыңыз арқылы тіркеліп, құжаттарды тапсыру сілтемесін алыңыз.
  4. Поштаңызға жіберілген сілтемеге басыныз.
  5. APPLICATION FORM Өтініш формасын толтырыңыз.
    ** Бұл формада «TUITION FEES AND EXEMPTIONS» бөлімі болады, онда «I DO NOT HAVE ANY OF THE ABOVE» деген жазуды таңдау керек, сосын «APPLICATION FOR SCHOLARSHIP» бөлімі пайда болады, онда «I WANT TO APPLY FOR A SCHOLARSHIP»таңдау керек.
  6. Барлық қажетті құжаттарды онлайн жіберіңіз.
  7. Өтінішті аяқтаңыз және нәтижелерді күтіңіз.

Оқуға тапсыру бойынша нұсқаулықтар:

  • Қабылдау критерийлерін тексеріңіз.
  • Құжаттарды алдын ала дайындаңыз!
  • Бағдарламаға байланысты, онлайн емтихан тапсыру қарастырылуы мүмкін.

Назар аударыңыз, техникалық бакалавриат бағдарламаларына өтінім берген кезде, SAT тестінің нәтижесі қажет, ал қалғандары үшін емтихан тапсыру қажет!

Өтініш беру құжаттары:

  • Орта білім туралы аттестаттың апостильденген көшірмесі және оның ағылшын тіліндегі ресми аудармасы.
  • Егер аттестатты әлі алмаған болсаңыз, 11 сынып транскриптінің (табелінің) мектеп мөрімен расталған көшірмесі және оның ағылшын тіліндегі ресми аудармасы.
  • Ағылшын тілі сертификаты (IELTS 6.0 (writing min 5.5) және TOEFL (IBT 80 немесе paper-based 550).
  • Мотивациялық хат.
  • Резюме (Europass форматта).
  • Сіздің төлқұжатыңыздың негізгі бетінің көшірмесі.

SAT талабы бар бағдарламалар бойынша құжаттар тізімі:

  1. Орта білім туралы аттестаттың апостильденген көшірмесі және оның ағылшын тіліндегі ресми аудармасы.
  2. Егер аттестатты әлі алмаған болсаңыз, 11 сынып транскриптінің (табелінің) мектеп мөрімен расталған көшірмесі және оның ағылшын тіліндегі ресми аудармасы.
    Қажет болса, фин университетінің қабылдау бөліміне 2019 жылдың 30 қаңтарына дейін білім беру құжаттарының ресми түрде расталған көшірмесін пошта арқылы жіберіңіз.
  3. төлқұжаттың негізгі бетінің көшірмесі.
  4. математика және физика пәні бойынша SAT (академиялық бағалау тесті) және пәндік тесттер.
  • 2017 жылдың 1 қаңтарынан кейін тапсырылған SAT қарастырылады.
  • Математика және физика бойынша SAT тесті 2018 жылдың желтоқсанынан кешіктірілмей аяқталуы керек.
  • SAT 2019 жылдың наурызынан кешіктірмей тапсырылуы тиіс.

Қабылдау нәтижелері

Нәтижелер 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында жарияланады.

Төменде университеттерде ағылшын тіліндегі бакалавриат бағдарламаларының тізімі берілген:

Tampere University 

  • Early Childhood Education, Bachelor of Education
  • Science and Engineering, Bachelor of Science (Technology) 

Aalto University 

  • Bachelor's Programme in Design
  • Bachelor's Programme in Science (Technology)
  • Chemical Engineering, Bachelor of Science (Technology)
  • Computational Engineering, Bachelor of Science (Technology)
  • Digital Systems and Design, Bachelor of Science (Technology)
  • Economics, Bachelor of Science (Economics and usiness Administration)
  • Bachelor's Programme in Economics
  • Bachelor's Programme in International Business

University of Helsinki 

  • Bach­el­or's Pro­gramme in Science

University of the Arts Helsinki, Academy of Fine Arts

  • Bachelor of fine Arts degree

University of the Arts Helsinki, Sibelius Academy 

  • Bachelor of Music
e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba