10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Турция

Түркияда бакалавриат, магистратура және PhD докторантураны ағылшын тілінде тегін оқу

Түркияда ағылшын тілінде тегін әрі шәкіртақымен оқығыңыз келеді ме?

Қолайлы университетті және бағдарламаны іздеу керек пе?

Түркияда оқуға 2019–2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды. Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу тегін, тек жыл сайынғы студенттік төлемдері бар. Таңдалған факультеттер мен университеттерге байланысты төлем соммасы жылына 300-ден 800-ге дейін долларды құрайды.

Жыл сайын Түркия Үкіметі «Түркия стипендиясы/Turkey Scholarships» бағдарламасы бойынша түрік университеттерінде білім алуға Қазақстан азаматтарына 200-ге жуық грант бөледі.

Стипендия нені қамтиды?

  • Оқу ақысы
  • Ай сайын берілетін стипендия
  • Медициналық сақтандыру
  • Екі бағытқа әуе жолы билеттері (эконом класс)
  • Тегін орналастыру
  • Академиялық / мәдени және басқа қосымша бағдарламалар.

Үміткерлерге қойылатын жалпы талаптар:

  1. Үміткерлер таңдаған университеттегі бағдарламадағы талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  2. Үміткерлердің жасы тапсыратын бағдарламаға байланысты сәйкес болуы қажет. Бакалавриат – 01.01.1999 кейін туылған, Магистратура – 01.01.1990 кейін туылған, Докторантураға – 01.01.1985 кейін туылған, ғылыми зерттеулерге үміткерлер 01.01.1975 кейін туылған болу қажет.
  3. Кандидаттардың қажетті білімі болу керек — магистратураға және докторантураға түсетін үміткерлер тиісті алдыңғы алынған мамандықтарына сәйкес таңдау жасаулары қажет.

Жалпы қажетті құжаттар:

  • Аттестат/ Диплом
  • Қабылдау емтихандарының нәтижелері (бар болса)
  • Қорытынды емтихан нәтижелері
  • Халықаралық тестілеу нәтижелері (бар болса)
  • Басқа да оқу жетістіктері.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы біле аласыз

Түркияда барлық жоғары оқу орындары барлық шетелдік студенттерге (Қазақстан студенттері Түркия университеттері үшін шетел студенттері) білім көрсеткіштеріне сәйкес 100% тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен Түркия университеттері арасында жасалған келісім шарттар шеңберінде Қазақстан азаматтары үшін университеттер тарапынан қосымша гранттар беріледі:

Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылып, нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі — наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде.

Толық ақпаратты +7 7172 24 93 71 телефоны бойынша немесе университет сайттарынан алуға болады

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba