10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

24347585502750141 bd0f

Италиядағы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары

Ағылшын және итальян тілдерінде тегін білім алуға мүмкіндіңіз бар.

Не істеу керек?

Алдымен, сіз өзіңіздің мамандығыңызды және Италияда оқығыңыз келетін аймақты таңдауыңыз керек. Барлық мемлекеттік итальяндық жоғары оқу орындары қолжетімді бағаға білім ұсынады, сонымен қатар стипендия және оқу шәкіртақыларын алуға мүмкіндігіңіз бар.

  • Университетке түсу үшін шет тілін білетіндігін растайтын сертификаттар талап етіледі:
  1. Итальян тілінде оқыту бағдарламалары үшін тілдегі біліктілік деңгейі — B1.
  2. Ағылшын тілін меңгеру бағдарламалары бойынша IELTS 5.5 (бакалавриат), 6.0 (магистратура), TOEFL — 79 деңгейлері болуы қажет.

Бакалавриат бағдарламасына қойылатын талаптар

Итальяндық жоғары оқу орындарына түскісі келетін шетелдіктерге қойылатын негізгі талап — 12 жылдық білімі болуы.

Бакалавриат бағдарламаларына түсетін шетелдік азаматтар келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Техникум/колледж дипломы немесе
  2. Университеттің 1-ші курсындағы бағалардың транскрипті немесе
  3. A-Levels, AUSMAT, CPU, IB халықаралық дайындық бағдарламасын аяқтауы туралы сертификат.

Толық 12 жыл білімді тамамдауыңыз керек.

Университеттің талаптарына сәйкес SAT I, SAT II, IELTS, TOEFL сертификаттары қажет болуы мүмкін. Медицина факультетіне түсу үшін IMAT түсу емтихандарын тапсыру қажет (сілтеме бойынша толығырақ ақпаратты біле аласыз) 

  • Магистратура мен докторантура бағдарламаларына қойылатын талаптар

Сіз белгілі бір бағдарламаға түсу үшін тиісті бакалавр/магистр дәрежесін алуыңыз керек.

Университетке байланысты, IELTS, TOEFL, GRE, GMAT секілді шет тілін білетінін растайтын және басқа да сертификаттарды талап етуі мүмкін.

Үміткердің итальян тілі B2 CILS деңгейінде болса, қабылдау бөлімі сізді тілдік емтиханнан босатуы мүмкін.

  • Қажетті құжаттарды дайындау

Университетті таңдағаннан кейін сізге өтуге қажетті талаптар мен құжаттармен танысу керек. Құжаттар оқу мамандығына және таңдалған бағдарламаға (бакалавриат, магистратура немесе докторантура) байланысты өзгереді. Алайда, кез-келген бағдарламаға түсу үшін қажетті жалпы құжаттар пакеті бар:

  1. Ағылшын немесе итальян тілдерін меңгергенін растайтын тіл сертификатын тіркеу керек.
  2. Сіз аттестат немесе дипломыңызға апостиль (басқа елдерде құжаттардың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан) қоюыңыз керек. Қазақстанда апостильді ХҚКО арқылы жасай аласыз.
  3. Осы құжаттарды апостильденгеннен кейін, оларды аудару үшін кәсіби аудармашылардың қызметтерін нотариалды растаумен итальян тіліне аудару керек.
  4. Сондай-ақ, сіз Италия Елшілігімен/Консулдықтарымен байланысып, елшілік/консулдықтан декларацияны алуыңыз (Dichiarazione di valore loco) қажет.
  5. Барлық қажетті құжаттарды жинағаннан кейін сіз оларды пошта немесе электрондық пошта арқылы сіздің таңдаған университетке жіберіп, жауапты күтуіңіз қажет. Егер жауап оң болса, онда Қазақстандағы Италия Елшілігіне немесе консулдықтарына хабарласып, студенттік визаны алу үшін құжаттар жинау керек. Сондай-ақ, университетке түсіп болғаннан кейін сіз өзіңіздің университетіңіздегі мемлекеттік стипендия туралы барлық ақпаратты таба аласыз және оқуды бастамас бұрын оны сұрай аласыз.
  • Қолжетімді гранттар және стипендиялар
  • Мемлекеттік шәкіртақылар

Италия үкіметі шетелдік студенттеріне мемлекеттік университеттерінде білім алуға арналған түрлі стипендиялар ұсынады. Бұл стипендиялар магистратура мен докторантурада, сондай-ақ өнер, музыка және би салаларында білім алғысы келетін студенттерге арналған. Мемлекеттік стипендия әртүрлі мөлшерде және белгілі уақыт ішінде беріледі (3,6 немесе 9 ай)

Толық ақпаратты сілтеме арқылы біле аласыз. 

  • «Invest Your Talent in Italy» бағдарламасы

Бұл бағдарлама Италияда магистратура немесе докторантура алуға көмектеседі. Итальяндық «Invest Your Talent» бағдарламасына Италияның Сыртқы істер министрлігі, Итальяндық сауда және Uni-Italia сауда компаниясы қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында жоғары білім алған студенттер инженерлік, сәулет, дизайн, жоғары технологиялар, экономика және басқару салаларында маман бола алады.

Толық ақпаратты сілтеме арқылы біле аласыз.

  • Академиялық жетістіктеріне негізделген стипендиялар (merit-based scholarship)

Көптеген жоғары оқу орындары үміткердің академиялық үлгерімі негізінде стипендия бөлуге дайын. Ол үшін әрбір университетті және гранттарға түсу талаптарын қарастырыңыз. Шәкіртақы жылына 10 000 еуро көлемінеде стипендия төлейді, сонымен қатар университеттік жатақхана үшін тегін тұрғын үйді қамтамасыз етеді.

Толық ақпаратты сілтеме арқылы біле аласыз.

  • Үміткердің табысына негізділген стипендиялар

Италиялық мемлекеттік университеттері коммерциялық емес болып табылады. Әр университеттен жылына 5000 еуро көлемінде стипендия алуға және сіздің табысыңызға (отбасылық табысқа) байланысты тегін білім алу мүмкіндігіне ие бола аласыз. Барлық мемлекеттік университеттердегі оқу ақысы отбасылық табысқа және мүлікке байланысты. Ол үшін университетке түсу барысында қажетті құжаттарды жинап тапсыруыңыз қажет. Бұл стипендия үшін қажетті құжаттарды сілтеме арқылы жүктей аласыз.

Келесі жарияланымдарда әр стипендия түріне арналған құжаттарды рәсімдеу туралы толық мәліметтерді күтіңіз.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда төмендегі номер арқылы хабарласуыңызды сұраймыз

+7 7172 24 93 71

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba