10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

latvija

Латвия — солтүстік-шығыс Еуропадағы шамамен 2 миллион халқы бар Балтық елі. 2004 жылдан бастап, Латвия Еуропа Одағы мен НАТО құрамына кірді және 2014 жылдан бастап еуро аймағына қосылды. Латвия университеттері сапалы білім ұсынады, ал дипломдары бүкіл әлемде танылады.

Латвия университеттерінде білім беру, негізінен, ағылшын және латыш тілдерінде жүргізіледі. Білім алу қымбат емес, ал осы елде өмір сүру құны басқа еуропалық елдермен салыстырғанда төмен.

Мемлекеттік университеттер тізімі:

  • University of Latvia (LU)
  • Riga Technical University (RTU)
  • Duagavpils University (DU)
  • Liepaja University
  • Riga Stradina University (RSU)
  • Latvia University of Agriculture (LLU)
  • Latvian Academy of Culture(LKuA)
  • Art Academy of Latvia (LMA)
  • Jazeps Vitols Latvian Academy of Music (LMuA)
  • Latvian Academy of Sport Education (LSPA)
  • Latvian Maritime Academy (LJA)
  • Riga Teacher Training and Education Management (RPIVA)
  • Rezekne Academy of Technologies (RA)
  • Stockholm School of Economics in Riga (REA)
  • Ventspils University of Applied Science (VeA)
  • Vidzeme University of Applied Science (ViA)
  • BA School of Business of Finance (BA)
  • Riga Graduate School of Law (RJA)

Латвияда тегін немесе қолжетімді түрде қалай оқуға болады?

1.Латвия мемлекеттік стипендиясы

Латвияның Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Латвия жоғары оқу орындарының студенттеріне, академиялық және ғылыми қызметкерлерге стипендиялар ұсынады.

Стипендия мөлшері:

  • бакалавриат пен магистрантура студенттеріне – айына 500 евро
  • докторанттарға – айына 670 евро.

Барлық ақпарат Мемлекеттік білім беруді дамыту агенттігінің сайтында бар.

2.Рига техникалық университеті (Riga Technical University келесі бағдарламалар бойынша магистратураның 20 студентіне бірінші оқу жылында 100% тегін білім алуды ұсынады:

  • Railway Transport
  • Computer Systems
  • Telecommunications
  • Aviation Transport
  • Engineering Technologies, Mechanics and Mechanical Engineering

2019-2020 жжкүзгі семестрге өтінім қабылдау мерзімі2019 ж. 15 шілдесіне дейін

Екінші жылы оқу ақысын студент өзі төлейді, бірақ студент Латвия мемлекетінің шәкіртақысына немесе Erasmus + шәкіртақысына өтінім беруге құқылы.

3. Латвия университеті (University of Latviaағылшын тіліндегі бакалавриат пен магистратура бағдарламаларына 50% дейін жеңілдік ұсынады.

Бакалавриат бағдарламалары (3–4 жыл):

Бакалавриат бағдарламаларының құны, орташа алғанда, жылына 2000 еуро – бұл шамамен 800 000 теңге (оқу ақысы мамандыққа байланысты әртүрлі болады).

2019–2020 жж. күзгі семестрге өтінім қабылдау мерзімі: 2019 ж. 1 қаңтардан 30 маусымға дейін

Магистратура бағдарламалары (2 жыл):

Магистратура бағдарламаларының құны, өрташа алғанда, жылына 3 000 еуро — бұл шамамен жылына 1 200 000 теңге (оқу ақысы мамандыққа байланысты әртүрлі болады).

2019–2020 жж. күзгі семестрге өтінім қабылдау мерзімі: 2019 ж. 1 қаңтарынан 30 шілдеге дейін

Егер сұрақтарыныз болса, осы нөмірге хабарласуды сұраймыз: +7 (7172) 24 93 71

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba