10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

польша

ҰБТ немесе қабылдау емтихандар тапсырмай, сіз сапалы және қолжетімді білім ала аласыз.

Жоғарғы білім — Польшадағы қоғамдық өмірдің ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Соңғы жиырма жылда білім беру жүйесі Польшада жоғары білім алуға Еуропалық Одақтың тұрғындары мен басқа елдердің студенттері үшін қолжетімді болуына мүмкіндік беретін бірқатар сапалы өзгерістерге ұшырады.

Оқу ақысы

  • ЖОО-дарда 900 евродан 2000-ға дейін
  • Мемлекеттік университеттерде 1500 евродан 4000 евроға дейін
  • Сонымен қатар көптеген стипендиялық бағдарламалар бар (төменде көрсетілген)

Шет тіліне байланысты қойылатын талаптар

  • Поляк тілінде оқу үшін – B1-B2
  • Ағылшын тілінде оқу үшін – B2 (IELTS,TOEFL подтверждающий сертификат)

Жалпы қажет құжаттар:

Орта білімді бітіргені жайлы аттестат және оның қосымшасы (түпнұсқа) немесе соңғы жылдың тебелі (бакалавриат) / бакалавриат дипломы немесе соңғы 2 семестрдің транскрипті (магистратура).

Әр стипендиялық бағдарлама жайлы ен жақын мерзімде хабарлама болады, біздің веб парақшамызда күтіңіз.

Поляк немесе ағылшын тілінде оқуға арналған гранттар

  • Катовицадағы Силезия университеті (Uniwersytet Śląski w Katowicach). ЖОО 201 грантты бакалавриат, магистратура және докторнатура бағдарламаларындағы әр бағыттағы мамандықтарға ұсынады (гуманитарлық, қоғамдық, табиғи және нақты ғылымдар).
  • Катовицадағы экономикалық унивреситет (Ekonomiczny w Katowicach). Қазақстан, Белориссия және Украина студенттеріне арналған гранттар
  • Л. Киркланд атындағы стипендиялық бағдарламаПоляк-Америкалық Еркіндік Қоры және Поляк-Америкалық Фулбрайт комиссиясы Украина, Белорусь, Ресей, Молдова, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан үміткерлеріне стипендиялық конкурсты өткізеді. Бағдарлама жоғары білімі бар, өз елі мен аймағының демократия, азаматтық қоғам дамуына және экономика саласында жұмыс жасайтын жас көшбасшыларға арналады. Бағдарлама поляк университеттерінде 2 семестрлік оқу және мемлекеттік немесе жеке мекемелерде 2–4 апта кәсіби тәжірибе өтуден тұрады.
  • Кшистофа Скубишевского атынан Сыртқы істер министрлігі тарапынан бөлінетін стипендиялық бағдарлама (1989-1993)Польша Республикасының алғашқы Сыртқы істер министрі (1989-1993) Кшиштоф Скубишевский атындағы стипендия Варшава университетінде немесе Польшаның басқа да жоғары оқу орындарында құқық, саяси ғылымдар, заманауи тарих пәндері бойынша ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігін береді. Стипендия демократияны және құқықтық мемлекетті дамытуға арналған. Аталмыш стипендияны кандидаттық диссертация қорғағандар немесе айтарлықтай ғылыми еңбектері бар үміткерлер иелене алады.

Польша мемелекеті үкіметаралық келісімшарттар шеңберінде жыл сайын поляк тілінде оқуға арналған гранттар ұсынады.

Стипендия қамтиды:

  • Оқу құнын
  • Тұратын жер
  • Айлық стипендия
  • Поляк тілін үйренуге арналған курстар

Негізгі талаптар:

  • Аттестат/Диплом
  • Аттестат/Диплом транскрипті
  • Мотивациялық хат
  • Ұсныс хат
  • Сертификаттар (бар болған жағдайда)

Сұрақтарыңыз болған жағдайда +77172249371 байланыс номері арқылы хабарласыңыз.

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba