10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

db35de495d99dfdbad91e61c5a58a20f

Прагадағы Чехия жаратылыстану ғылымдары университетіндегі

қолжетімді білім

1) Факультеті: Faculty of Economics and Management

Оқу түрі:күндізгі

Оқубағдарламасы: бакалавриат

Оқу тілі: ағылшын тілі

Оқу мерзімі: 3 жыл (6 семестр)

Құжаттарды тапсыру: онлайн

Экономика және Менеджмент мамандығы бойынша бакалавриат.

Оқу құны: 15 000 крон (570 еуро) жылына

Бағдарламаға өтінімді қалай тапсыруға болады:

2) Факультеті: Faculty of Economics and Management

Оқу түрі: күндізгі

Оқу бағдарламасы: бакалавриат

Оқу тілі: ағылшын тілі

Оқу мерзімі: 3 жыл (6 семестр)

Құжаттарды тапсыру: онлайн

Ақпараттық технологиялар бакалавриаты.

Оқу құны: 15 000 крон (570 еуро) жылына

Өтінім беру нысаны факультеттің веб-сайтында орналастырылған - https://is.czu.cz/prihlaska/?lang=en

«Экономика және Менеджмент»мамандығы бойынша бакалавриат осы кең кәсіптік салаға қызығатындар үшін бағыт ұсынады. Оқу бағдарламасы экономикалық және басқару пәндерінің, сандық әдістемелер мен әлеуметтік ғылымдар пәндерінің негізін пайдаланумен пәнаралық тәсілдердің негізінде әзірленеді.

Оқу мақсаты – ұлттық және халықаралық еңбек нарығы шеңберінде түлектерді экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, әкімшілік және қызметтің басқа да салалары мен түрлеріне, мысалы, экономиканың барлық негізгі секторларының ұйымдарындағы лауазымдар үшін, кәсіпкерлік қызмет үшін, ұлттық және халықаралық ұйымдар мен мекемелердегі лауазымдар үшін түрлі фирмаларда, мемлекеттік немесе коммуналдық мекемелерде орта буынды басқаруда басқарушылық міндеттерді атқаруға тәжірибелік даярлау.

Оқуға түсу емтиханы екі бөлімнен тұрады:

1) Математикадан тест

2) Шет тілінен тест

ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар үшін – түсу емтихандары тек қана ағылшын тілінде

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі мен тесттердің үлгілерін жекелеген оқу бағдарламаларының сайттарынан табуға болады.

Түсу емтихандары 2019 жылғы 10–14 маусым аралығында өтеді. 

            Сіздің емтиханыңыздың нақты күні электрондық шақыру хатында көрсетілетін болады, сіз оны түсу емтиханына дейін бір айдан кешіктірмей https://is.czu.cz/prihlaskaарқылы Document storageбөлімінен ала аласыз. Сіздің емтиханыңыздың нақты датасы Entrance exam date of your e-application бөлімінде көрсетілетін болады.

Емтихан тапсыру кезіндегі қажетті құжаттар:

1) Сіздің электрондық өтініміңіздің тіркеу нөмірі (электрондық өтінімде көрсетілген).

2) Сіздің жекебас куәлігіңіз немесе паспортыңыз.

Онлайн өтінім (Application fee) үшін әкімшілік жарна: 500 крон (20 еуро), онлайн немесе банк аударымы арқылы төлеуге болады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы31 наурызға дейін

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ағылшын тілінен білімі туралы сертификат талап етілмейді.

Бағдарламаның толық сипаттамасы және өтінімді тапсыру үдерісі мына сайтта берілген: https://www.pef.czu.cz/en/r-9396-study/r-9484-study-at-fem/r-10633-admissions/r-10639-admissions-bachelor-studies

Анықтама бойынша телефондар

8 (7172) 76-90-56

8 747 269-22-63 (WhatsApp)

8 776 176-43-09

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba