10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

109042193

     Asia-Pacific Centre of Education for International Understanding Орталығы «Жаһандық азаматтық білім» бойынша 5-ші жастар көшбасшылығы семинарын ұйымдастырады.

     Бір апталық семинар әлемнің кез келген бұрышындағы жастар көшбасшысының әлеуетін дамытуға, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу стратегиясын (атап айтқанда 4.7-міндет) анықтау және жаһандық азаматтық пен адам құқықтарын нығайту бойынша инновациялық бастамаларды іске асыруды көздейді.

     Семинар барысында қатысушылар жаһандық азаматтыққа және жаһандық азаматтықты дамыту жоспарларына қатысты нақты басымды мәселелерді анықтайды. Топтарда және жеке түрде жұмыс жасайтын қатысушылар ұлттық және жергілікті деңгейде жұмыс істеу мақсаттары мен стратегияларын әзірлейді.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2019 жылдың 31 наурызы.

Семинар кезеңі: 3–9 маусым 2019 ж

Ұйымдастырушылар төлейтін шығындар:

- тұратын орын

- тамақтандыру

- ел ішіндегі трансфер

- барып-келу әуе билеттерінің шығыны

- бағдарламаның соңында сертификат беріледі

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

- 19 — 28 жасқа дейінгі жастар (1991 ж. және 2000 ж.т.);

- Ағылшын тілін өте жақсы деңгейде білу қажет;

- 2019 жылғы 31 наурызға дейін онлайн-дайындық курсынаяқтау қажет (http://www.gcedonlinecampus.org/)

- Жастар іс-әрекетінде кем дегенде 2 жыл белсенді тәжірибе болуы керек

Қажетті құжаттар:

- Құжаттар онлайн жүйесі арқылы келесі сілтеме бойынша жіберілуі тиіс :    https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfmS73Bl9ZLFvVxEXj9IXOaxT3t7brqk_zyu6dt5CEhg0fYA/formResponse

- 1 кезең: жеке ақпаратты толтыру

- 2-этап: Өткен және ағымдағы қызмет туралы ақпарат толтыру (шамамен 30 минут кетеді)

- Электрондық оқыту курсының аяқталуын тексеріңіз. Орталықта бұл курстың өтуі / қабылданбауын қадағалауға мүмкіндік беретін ресми жазба жүйесі бар. Сондықтан өтінімде және онлайн режиміндегі жазба жүйесіндегі жауап арасындағы қандай да бір сәйкессіздік болса, мұндай кандидаттар іріктеу процесінде автоматты түрде тоқтатылады.

Қосымша ақпаратты келесі сілтемесінен табуға болады.

http://www.unescoapceiu.org/board/bbs/board.php?bo_table=m34&fbclid=IwAR0XTO--AsB7qnrKRfRExYOh6ab-qevNg8upZG4YqMa7WzFGbogEF_TuSws&wr_id=61

Семинар туралы ақпаратты 8 (7172) 76 90 69 телефонына хабарласу арқылы алуға болады

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba