10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

иностр студенты в германии

Германияның қолданбалы жоғары оқу орындарында білім алу үшін қазақстандықтардың жоғары білім алуға арналған құқығының растамасы болуы қажет. Бұл құқықты алу үшін Studienkolleg (Foundation) бағдарламасына қатысу қажет. Studienkolleg Mittweida техникалық, инженерлік және экономикалық мамандықтар үшін неміс тілінде «FSP-курс» жылдық дайындық курсын (екі семестр) өтуді ұсынады. Семестрдегі оқу құны 2200,00 еуро құрайды. FSP-курс университетке түсу үшін неміс тілі бойынша қажетті емтиханды және неміс тіліне балама емтиханды қамтиды.

Тест неміс тілі мен математиканы (неміс тілінде) қамтиды. Тест тегін жүргізіледі. Тесттің нәтижелері Studienkolleg Mittweida түсуге және қорытынды емтиханды тапсырумен FSP-курсын (неміс тілінде) өтуге мүмкіндік береді.

Астанада тест 27 наурызда өтетін болады. Өтетін уақыты мен орны кейінірек белгілі болады.

Тестке тіркелу мен толық ақпаратты алу үшін +49 174 918 08 77 WhatsApp нөмірі арқылы Петер Марингпен байланысу қажет.

НЗМ түлектері Германия жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламаларына Studienkolleg (Foundation) тапсырмай келесі бағыттар бойынша оқуға түсе алады: математика, шет тілдері, техникалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, медицина және спорт!

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba