10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

l76671

Үнді Кеңесінің бас мəдени бағдарламасы (ICCR) шеңберінде Үндістанда бакалавриат, магистратура, докторантура және докторантурадан кейін оқуға арналған шәкіртақы бағдарламасына 2019 жылдың 31 наурыз айына дейін құжатарды қабылдау мерзімі жалғасуда. Аталған шәкіртақы əр түрлі пəндер бойынша, оның ішінде өнер, ғылым, инженерия, бизнесті басқару, бухгалтерлік есеп, сауда, театр өнері жəне гуманитарлық ғылымдар сияқты ғылыми зерттеулер жүргізуге беріледі. Үміткерлер Үндістанда жоғары білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгеру керек. Қосымша ақпарат алу үшін (A2A) ICCR əзірлеген «Түлектерді қабылдау» стипендия порталын http://205.147.97.190/iccr/  ашыңыз. Мүдделі үміткерлер ICCR бағдарламасының порталы арқылы http://205.147.97.190/iccr/  онлайн түрде өтініш бере алады. Барлық сұрақтар бойынша мүдделі үміткерлер +7 (71 72) 44 98 84, +7 (701) 943 15 04 (Асет) Астана қаласындағы Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының байланыс телефондары арқылы хабарласа алады.

Шәкіртақы бағдарламасы әуе билеттерінен басқа барлық шығындарды қамтиды.

Жыл сайын шетел студенттеріне арналған GSS бағдарламасы арқылы кейбір Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің үміткерлері бакалавриат, магистратура жəне докторантура/докторантурадан кейінгі бағдарламаларда оқуға гранттарға ие болады. Бұл бағдарлама MBBS, BDS сияқты медициналық зерттеулерге арналға немесе медициналық PhD бағытын бойынша ұсынылмайды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ байланыс телефоны: +7 (71 72) 76 90 88

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba