10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Lanzhou-University-H

Жыл сайын Ланчжоу Университеті шетелдік студентерге 100 оқу гранттарын ұсынады: докторантураға — 20, магистратураға — 50, бакалавриатқа — 30; Оқу тілі: қытай тілі. Оқу бағдарламалары: бакалавриат, магистратура, докторантура

Грант келесі шығындарды қамтиды:

• тегін оқу;

• тіркеу ақысы (600 юань);

• жатақханада тұру;

• медициналық сақтандыру;

• 300-400$ көлеміндегі ай сайынғы стипендия.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
·        Бакалавриатқа үміткерлердің жалпы орта білімі туралы аттестаты болуы және 25 жастан аспауы тиіс;
·        Магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесінің болуы және 35 жастан аспауы тиіс;
·        Докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесінің болуы және 40 жастан аспауы тиіс;
·        HSK 4-5-6 деңгейлерінің сертификаты (180 жоғары), HSKK (50 баллдан жоғары ).
 

Грантқа тапсыру үшінүміткерлер 2019 ЖЫЛДЫҢ 10 МАУСЫМ айына дейін міндетті түрдеаталмыш университеттің сайтындаОНЛАЙН тіркелуіден өтуі қажет және толық құжаттардың пакетін 2 данада (1 нотариалды расталған, 1 көшірмесі) пошта арқылы университеттің адресіне ЖІБЕРУІ тиіс:

Офисі: Student activity center, 701;
Көшесі: 222 South Tianshui Road;
Университет: Lanzhou University;
Қала:Lanzhou;
Провинция: Gansu;
Мемлекет: China (Postcode: 730000);

Қабылдап алушы: Wang Shan
Tel: 0086-931–8912853, 0086-931-8914290
Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 
Қажетті құжаттар тізімі:
1.Конкурсқа қатысу үшін толтырылған анкета;     
2.Ағылшын немесе қытай тілінде жазылған эссе (кем дегенде 1000 сөз, соның ішінде білім және жұмыс тәжірибесі, кәсіби мақсаттары жазылуы тиіс);
 
3.Білімі туралы құжат қосымшасымен (Қытай немесе ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен);
4.Ағылшын немесе қытай тілінде екі ұсыным хаты;
5.Медициналық анықтама – Қосымша№1-ға сәйкес;
6.HSК сертификаты (кем дегенде  4.0), IELTS (кем дегенде 5,5) ,TOFEL-80 және GRE;
7.Қытайда қалу мерзіміне жарамды паспорт көшірмесі. 
 

Мамандықтардың тізімін келесі сілтемеден көре аласыз.
Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз:
Байланыс номері: +7 (7172) 769-071

 


e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba