«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер Қызылорда жастарына таныстырылды

WhatsApp Image 2020-05-21 at 20.08.44

2020 жылғы 21 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістер» тақырыбында онлайн-брифинг өткізді. Оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Сарсемханқызы Кәрімова, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Бейнеконференция барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережелеріне енгізілген түзетулердің негізгі тармақтары түсіндірілді.

Брифинг соңында қатысушылар басым мамандықтар тізімі, үміткерлерді конкурстық іріктеу рәсімі, конкурсқа қатысу шарттары және ғылыми тағылымдамалар туралы сұрақтар қойды. ХБО басшысы барлық сауалдарға толыққанды жауап берді.

«Болашақ» бағдарламасы аясында Қызылорда облысынан барлығы 101 түлек дайындалды. Қазіргі таңда аймақтан 10 студент шетелде білім алуда. 28 түлек аймақ игілігі үшін жұмыс істейді, оның ішінде 19 түлек Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде.

«Болашақ» бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде түрлі салаларда 10 747 маман оқытылды.

«Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер Қызылорда жастарына таныстырылды

21.05.2020

2020 жылғы 21 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасының іске...

"Халықаралық бағдарламалар орталығы " АҚ-да "Болашақ" бағдарламасын іске асырудағы өзгерістер " тақырыбында онлайн-брифингтер өтті

WhatsApp Image 2020-05-20 at 20.51.20

2020 жылғы 20 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістер» тақырыбында онлайн-брифингтер өтті. Оған С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері, Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан, сондай-ақ аймақтағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Бейнеконференциялар барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда басымдық берілген мамандықтардың тізімі, үміткерлерді конкурстық іріктеу мен конкурсқа қатысу талаптары жайында жан-жақты ақпараттар берілді.

Бейнеконференциялар нәтижесі бойынша қатысушылар барлық көкейдегі сауалдарына толыққанды жауаптар алды.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы " АҚ-да "Болашақ" бағдарламасын іске асырудағы өзгерістер " тақырыбында онлайн-брифингтер өтті

20.05.2020

2020 жылғы 20 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасының...

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелері бекітілді

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.20

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №271 Қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау Ережелеріне өзгерістер енгізілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелері барлығына бірдей мүмкіндіктер ұсынады. Барлық квоталық санаттар алынып тасталды.

Осы жылдан бастап «Болашақ» стипендиясының конкурсына ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерді қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шартсыз шақыртуға ие талапкерлер ғана қатыса алады.

Конкурстық кезеңдер саны 6-дан 3-ке дейін қысқартылды.

Іріктеу кезеңдері мыналарды қамтиды:

1-кезең: Интеллектуалды қабілет деңгейін, жеке және іскерлік қабілеттерін, шетелде оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын кешенді тест;

2-кезең: Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұхбат;

3-кезең: Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы.

Үміткерлер өздігінен тест тапсырып, құжат өткізген кезде мемлекеттік тілді білу туралы сертификаттарын ұсынуы керек. Ауылдық жерлерден келген үміткерлер қосымша шет тілін білу туралы сертификаттарды ұсынады.

Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған сынақ Ұлттық тестілеу орталығының аймақтық филиалдарында өткізіледі.

Айта кетерлігі, жаңа Ережеде алдын-ала тілдік оқыту алынып тасталды. Ол тек ауылдық жерлерден келген талапкерлер үшін сақталады және 6 ай мерзімі ішінде ағылшын тілін үйрену Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

Басымдық берілген мамандықтар тізбесі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы жасалады.

Соныменқатар, Тәуелсізсарапшыларкомиссиясының (ТСК) құрамыменжұмысрегламентінеөзгерістеренгізілуде. Комиссияжұмысынқатаңреттейотырып, оныңашықтығынбарыншакүшейтужоспарлануда.

«Болашақ» стипендиясынақұжаттардықабылдаужәнестипендиятағайындауконкурсынөткізумерзіміқұжаттардықабылдаууақытынан 10 (он) күнтізбеліккүнбұрынҚазақстанРеспубликасыныңбұқаралықақпаратқұралдарындажарияланады.

ҚаулыҚазақстанРеспубликасыҮкіметініңинтернет-ресурсындаалғашресмижарияланғанкүніненбастапқолданысқаенгізіледі. Сілтеме: https://primeminister.kz/kz/decisions/06052020-271

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелері бекітілді

13.05.2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №271 Қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін...

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

IMG-20200509-WA0041

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері соғыс ардагері Двоиченко Нонна Константиновнаның үйіне барып, мерекесімен құттықтады. Орталық ұжымы жинаған қаржысына сый-сияпат алып, майдангер қарқа табыстады. Олар Нонна Константиновнаның естеліктерін тыңдады, болашақ ұрпақтың бейбіт күні үшін жанпида еткен батырдың ерлігіне алғыс айтты.

IMG-20200505-WA0001

 

Нонна Константиновна 1923 жылы 11 қазанда Кострома қаласында дүниеге келген. Ол майданда Краснодар өлкесінің Туапсе қаласы маңындағы өткелде диспетчерлер тобында қызмет етті, ал 1943 жылдың қаңтар айынан бастап Севкавронт 56-армиясының №623 хирургиялық далалық жылжымалы госпиталінде медбике болып жұмыс істеді.


Соғыстың қатысушысы ретінде екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін медалімен және маршал Г.К. Жуков медалімен марапатталған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығына орай. «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» белгісімен марапатталған.

IMG-20200505-WA0002

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

05.05.2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері соғыс ардагері Двоиченко Нонна...

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАКУДЕГІ ВЕНА ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫ

IMG-20200430-WA0105

2020 жылғы қарашада Баку қаласында Вена техникалық университетінің «Engineering Management» (Master of Science) магистратура бағдарламасы басталады.

Бағдарламаға қатысу кезінде Бакуде оқитын студенттер осы университеттің толыққанды студенттері болады (оқу кезінде Австрияда тұру, университет кампусы мен кітапхананы пайдалану, университеттің түлектер клубына қосылу, жұмыс іздестіру, жұмысқа орналасуға көмек алу т.б. құқығына толықтай ие болады).

Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан азаматтарына, сондай-ақ осы елдерде тұратын басқа елдердің азаматтарына оқу ақысы 11,500 евро мөлшерінде есептеледі (Венада осы бағдарлама бойынша оқу ақысы ұшу, тұру және т.б. шығындарын шегергенде 19 900 евро құрайды). Ертерек өтініш берген қатысушыларға (2020 жылдың мамырына дейін) қосымша жеңілдік қолданылады, сондықтан оқытудың жалпы құны 9, 990 еуроны құрайды.

Бағдарлама тек ағылшын тілінде жүргізіледі, оны академиялық және өндірістік ортаның жетекші шетелдік оқытушылары мен мамандары жүргізеді.

Толығырақ ақпаратты келесі веб-сайттардан таба аласыз:

www.azerobotics.com

www.cec.tuwien.ac.at/index.php?id=14681.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ тек ақпараттық қолдау көрсетеді, әр үміткер университетпен тікелей байланысуы керек.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАКУДЕГІ ВЕНА ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫ

30.04.2020

2020 жылғы қарашада Баку қаласында Вена техникалық университетінің «Engineering Management» (Master of Science) магистратура...

Назар аударыңыз!

big 4bdfd50155be27fc26b1605906cc26e0

Сеул ұлттық университеті мен Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) мемлекеттік қызметкерлерге арналған білім гранттарына конкурс жариялағанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік қызметкерлер үшін «Гендерлік мәселелер және оның дамуы» саласындағы екі жылдық магистрлік бағдарлама 2020 жылғы тамыздан 2021 жылғы желтоқсанға дейін жалғасады. Корей тарапы оқу, тұру, ұшу және басқа шығындарды толық өтейді. Құжаттарды тапсыру мерзімі 2020 жылғы 8 мамырға дейін созылған.
Қосымша сұрақтар бойынша KOICA жауапты қызметкері Джинён Джанмен (Jingyeong Jang) хабарласуға болады (эл.пошта: jenn@koworks.org).

Program Information

KOICA Application Guidline

SP Application

SNU Application form1

SNU Application form2

SNU Application form3

SNU Explanatory statement

SNU Certificate

QOS

Назар аударыңыз!

28.04.2020

Сеул ұлттық университеті мен Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) мемлекеттік қызметкерлерге арналған білім гранттарына...

14-ші БАКУ ЖАЗҒЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ШАҚЫРАДЫ!

20200424 164232

2020 жылдың 11-25 шілде аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында Ислам ынтымақтастығына мүше елдерге арналған 14-ші Баку жазғы энергетикалық мектебі ұйымдастырылады.

Аталған іс-шараға қатысу үшін өтінімдер https://online.ada.edu.az/apply/modules/form_builder/published/bses14.php сілтемесі арқылы қабылданады.

Бағдарлама және оның талаптармен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://ccee.ada.edu.az/apply-now/

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2020 жылғы 15 мамыр

Қапы қалмаңыздар!

14-ші БАКУ ЖАЗҒЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ШАҚЫРАДЫ!

24.04.2020

2020 жылдың 11-25 шілде аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында Ислам ынтымақтастығына мүше елдерге арналған...

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидалары өзгертіледі, бағдарлама модернизацияланды

WhatsApp Image 2020-04-17 at 13.53.51

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бағдарламаның іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау қағидаларына едәуір өзгерістер әзірледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олар ең алдымен ашықтықты арттыруға, барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауға, іріктеудің объективтілігін күшейтуге, сондай-ақ бюрократиялық кедергілер мен бұрынғы мәселелерді шешуге бағытталған:

1.           Басым мамандықтардың жаңа тізбесі

Стипендия алуға болатын басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып жұмыс органымен қалыптастырылады. Бұл Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарына қажет жоғары білікті кадрларды даярлауға көмектеседі.

2.           Халықаралық стипендияға үміткерлерге арналған квоталық санаттар қысқартылды

Стипендияға үміткерлердің барлығына мүмкіндік бірдей. Үміткерлердің барлық жеңілдік квота санаттары алынып тасталады. Барлық үміткерлер шетелдік жоғары оқу орындарына өзбетінше түсулері тиіс.

Сондай-ақ, жаңа Қағидаларда ауылдық жерден шыққан үміткерлерді қоспағанда, бұрын ұсынылған алдын ала тілдік дайындық курстары алып тасталды.

3.           Халықаралық стипендияға үміткерлерге қойылатын мемлекеттік және шет тілдерін білу талаптарын арттыру

Жаңа Қағидалар бойынша іріктеу турлары шеңберінде тілдерді білу деңгейін тексеру алып тасталған. Үміткерлер өзбетінше тест тапсырулары және құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік (KazTEST В1) және шет тілінен (кемінде IELTS 6.5) сертификат ұсынулары тиіс.

4.           Халықаралық стипендия тағайындауға арналған барлық үміткерлер үшін конкурстық іріктеу турларының санын қысқарту

Конкурстық іріктеу кезіндегі 6 турдың орнына барлығы 3 тур болады. Уәждемелік және ұсыныс хаттарын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау бойынша іріктеу турлары қысқарады. Іріктеу турларында зияткерлік және эмоционалдық IQ деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеу, Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үміткерлерді қарастыруы қамтылады.

5.   Тәуелсіз сараптамалық комиссияның жұмысы

Тәуелсіз сараптамалық комиссияның (ТСК) құрамына қойылатын талап күшейтіледі, енді комиссия құрамындағы                3 адамның орнына кемінде 5 адам шешім қабылдайды. Үміткерлерді іріктеудің бүкіл процесі және барлық комиссия отырыстары онлайн таратылады. Өз жұмысының барысында комиссияның қоя алатын барлық сұрақтары, оның ішінде қосымша сұрақтары да нақты регламенттеледі.

6. Құжаттарды қабылдау мен конкурстық іріктеу рәсімін автоматтандыру

Электрондық үкіметтің веб-порталында үміткердің жеке кабинеті арқылы үміткерлердің құжаттарын қабылдау процесі толықтай автоматтандырылды. Қазіргі таңда адами фактордың қатысуын азайту мақсатында конкурстық іріктеу кезеңдерінің автоматтандырылуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, бүкіл іріктеу процесі Президенттік кадрлық резервке іріктеу үлгісі бойынша цифрлық платформаны пайдалану арқылы жүргізіледі.

Орталық сонымен бірге қадамдық нұсқаулықтар әзірлейді және регламенттеуші құжаттарға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысатын қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтеді.

7. Әкімдеушіні сапалы қайта жүктеу

2019 жылғы қыркүйектен бастап бағдарлама әкімшісінің жұмысында өзгерістер болып жатыр: Орталықтың Директорлар кеңесі 4 тәуелсіз директорды қосу арқылы күшейтілді, бейіндік бөлімшелерге кәсіби кадрлар қабылданды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері бар, шетелдегі өкілдіктер саны қысқартылды. Баспасөз хатшысы және әдеп жөніндегі уәкіл лауазымдары енгізілді, 2 кеңесші мен Орталықтың 1 вице-президенті лауазымдары қысқартылды, сондай-ақ Орталықтың штаты қысқарды.

Комплаенс-офицер лауазымы енгізілді, жұмысының мақсаты – мүдделер шиеленісін реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуға байланысты ықтимал тәуекелдердің, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Конкурстың барлық кезеңдерінің барынша ашық өтуіне қол жеткізу және объективті шешім қабылдау мақсатында бос лауазым орындарына жаңа қызметкерлерді қабылдауды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

- Біз енгізіп жатқан өзгерістер, ең алдымен «Болашақ» стипендиясын тағайындаудың ашықтығын арттыруға бағытталған. Біз осы күнге дейін болған барлық ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойдық. Біз, еліміздегі тек үздіктердің үздігі ғана халықаралық президенттік стипендия бойынша білім алса екен дейміз, - деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова.

Жаңа Қағидалар ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілгеннен кейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ www.bolashak.gov.kz ресми сайтында жарияланады.

Анықтамалық:

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаның 26 жылы ішінде 10738 маман даярланды, олардың ішінен қазіргі кезде 7226 түлек өздерінің шарттық міндеттемелерін орындады, 3331 түлек еңбекпен өтеу мониторингінде.

3331 түлектің ішінен 3282 адам жұмысқа орналасқан және өз міндеттемелерін атқаруда, 49 адам жұмысқа орналасу үстінде.

Бағдарлама түлектері мен стипендиаттары арасында көбірек сұранысқа ие ақпараттық технологиялар мен жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, журналистика және коммуникациялық менеджмент, қоғаммен байланыс және жарнама, сәулет және құрылыс, жобаларды басқару, педагогика, құқық және мұнай-газ ісі мамандықтарын атауға болады.

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидалары өзгертіледі, бағдарлама модернизацияланды

17.04.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бағдарламаның іске асырылуына жүргізілген...

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

IMG-20200412-WA0045

2020 жылғы 17 сәуір сағат 12:00-де «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау қорытындысына арналған онлайн брифинг өтеді. Аталмыш сараптама Орталықтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өткізілген.

Брифингке қатысушылар:

Кәрібозова Айнұр Бағдатқызы –«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті;

Садинов Талғат Мұқашұлы – Агенттіктің Превенция департаменті Жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының басшысы;

Карипова Айнагүл Төкенқызы – Агенттіктің Превенция департаменті Жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері.

Брифинг «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Facebook (Bolashaq Presidental Scholarship) және Instagram (Bolashaq.cip) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

16.04.2020

2020 жылғы 17 сәуір сағат 12:00-де «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы...

АУСТРИЯДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР

АвстрияҚымбатты доcтар!

«Аустриялық трибология саласындағы шеберлік орталығы» (Austrian Excellence Center for Tribology, одан әрі – Орталық) қазақстандық студенттерге магистратура мен докторантураның техникалық мамандықтары бойынша трибологияны оқыту үшін үш грантпен қамтамасыз етуге әзір екенін хабарлаймыз.

Орталық Аустрияның трибология саласындағы жобалары үшін ұлттық және халықаралық байланыс органы ретінде әрекет етеді. Орталық зерттеу қызметтерін көрсетіп және трибология саласында білім мен инфрақұрылымды ұсынып, клиенттердің технологиялық дамуын қолдайды.

Орталық «IAESTE» (Өндірістік тәжірибеден өту үшін студенттермен алмасу бойынша халықаралық қауымдастығы) халықаралық студенттер алмасу бағдарламасына тұрақты түрде қатысып, 6 және 12 айлық тағылымдамаларды ұсынады.

Орталықтың жауапты мамандарымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша грант тегін оқу мен шәкіртақыны қамтитыны анықталды. Сонымен қатар, қабылдаушы тарап жатақханамен қамтамасыз етіп, оның төлемі берілетін студенттік жәрдемақысынан алынады. Медициналық қызметке көзделген сома да ұсталынды.

Әдетте, тағылымдамалар жаз айларында, ағылшын тілінде ұйымдастырылады. Техникалық дайындықтан өткен тағылымгерлер техникалық/ғылыми тәжірибелерге қатысады. Сонымен қатар, студенттерге бакалавриат немесе магистрлік диссертацияны Орталықта дайындау мүмкіндігі ұсынылады (2-6 ай ішінде).

Қосымша сұрақтар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің +7 7172 74-16-12, +7 701 721 5216 телефонындарына хабарласуыңызды сұраймыз. Электрондық пошта: a.bulekbaeva@edu.gov.kz. 

АУСТРИЯДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР

09.04.2020

Қымбатты доcтар! «Аустриялық трибология саласындағы шеберлік орталығы» (Austrian Excellence Center for Tribology, одан әрі –...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design