10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
логотип 2050 1Жалпы ұлттық қозғалысты құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жасаған. Қазақстандықтардан құралған бастамашылар тобы «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының құрылғаны туралы жариялады.
Жаңа Қозғалыстың негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясында жазылған саяси бағытын қолдау арқылы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына енуін қамтамасыз ету болып табылады.
Құрылған қозғалыс көшбасшылары өтініштерінің толық мәтінін ұсынамыз:
Біз, Тәуелсіз Қазақстан азаматтары, ел болашағына деген өз жауапкершілігімізді сезіне отырып, «Қазақстан – 2050» жалпы ұлттық қозғалысын құру туралы шешім қабылдадық. Біздің Қозғалысымыздың миссиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясында жазылған саяси бағытын қолдау арқылы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына енуін қамтамасыз ету болып табылады.Біздің Қозғалысымыз қазақстандық мемлекеттілік негізіне жататын берік құндылықтарды, ұлт бірлігін, этникааралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық теңдік пен тілдер үштұғырлығын, төзімділікті, сондай-ақ қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен мәдениетін қолдайды. Қазақстан дамуының міндетті ерекше белгісі білімге негізделген еркін нарықтық экономика, демократия, биліктің зайырлы сипаты мен қоғамдағы қарым-қатынастың құқықтық тәртібі болып табылатындығына сенімдіміз. Қазақстанның гүлденуі азаматтардың өз болашақтары мен өз елінің болашағы үшін жауапкершілік көтеріп, оны атқару қабілеттері мен дайындығына, еңбек етуге ұмтылып, оны қадір тұтуына байланысты екендігіне сеніммен қараймыз. Еліміздің болашақта гүлденуінің негізі қоғамның басым бөлігінде қолдау тапқан жаңарту құндылығында екендігін білеміз. Елдің одан әрі дамуының маңызды шарты қоғамды ғылымның, инновацияның, кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруы қажет ұлттық технологиялық жаңару идеясына тарту деп санаймыз. Біздің Қозғалысымыз қоғамдық сананы өзгертуді, әрбір қазақстандық өз өміріне және ұлттық мақсат – Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына енуіне қол жеткізуіне жауапты жалпы еңбектің қоғамның толық құқылы мүшесінің рөлін ұғынып, өзіне қабылдай алатын азаматтық мәдениетті қалыптастыруын қолдайды. Қозғалыс оның құндылықтары мен идеологиясын бөлісетін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытын қолдайтын және «Қазақстан – 2050» стратегиясында жазылған мақсаттарға қол жеткізуге жеке қатысуға дайын әрбір қазақстандық үшін ашық.  «Қазақстан – 2050» жалпы ұлттық қозғалысы өз қызметін басты үш бағытқа шоғырландырған: Бірінші. Қоғамды «Қазақстан – 2050» стратегиясының құндылығына, идеологиясына және міндеттеріне тарту. Екінші. «Қазақстан – 2050» стратегиясының міндеттерін іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен ұсынымдар жасау. Үшінші. «Қазақстан – 2050» стратегиясының міндеттерін іске асыру тиімділігінің азаматтық мониторингін қамтамасыз ету 
e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba