«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі іске қосылды

hotline коронавирус

Құрметті Оңтүстік Корея жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ҚР азаматтары!

ҚР Білім және ғылым министрлігімен Оңтүстік Корея жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ҚР азаматтарына көмек көрсету мақсатында жедел желі жасақталғанын жеткіземіз.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 708 425 3577 номері және studentsupport@bolashak.gov.kz email адресіне хабарласуды сұраймыз.

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Жедел желі іске қосылды

28.02.2020

Құрметті Оңтүстік Корея жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ҚР азаматтары!⠀ҚР Білім және ғылым...

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтамасын қалай алуға болады?

егов болашак

Елбасы Н.Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылы құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша ондаған мың қазақстандық шетелде білім алып келді.

Бүгінде осы бағдарлама негізінде білім алған түлек өз мәртебесін растайтын анықтаманы Еgov mobile арқылы ала алады.

Ол үшін қосымшаны ашып:

-ЭСК көмегімен немесе бір реттік кілтсөз арқылы қосымшада авторизациядан өтесіз;

- «Білім беру» бөлімінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртәбесі туралы анықтама» қызметін таңдайсыз;

- Анықтама ұсынылатын мекеменің толық ресми атауын жазасыз;

-Қызметке тапсырыс бересіз.


Анықтама тегін рәсімделеді.

Нұр-Сұлтан қаласы үшін анықтама 1 күн ішінде дайын болады. Өзге аймақтар үшін – 15 күнтізбелік күн.


Egov mobile қосымшасын пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтамасын қалай алуға болады?

28.02.2020

Елбасы Н.Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылы құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша ондаған мың қазақстандық шетелде...

Болашақ түлегі Тілектес Адамбеков жаңа қызметке тағайындалды

Тілектес Адамбеков

"Болашақ" бағдарламасының түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Тілектес Адамбеков "Қазпошта" АҚ ІТ-инфрақұрылымының атқарушы директоры болып тағайындалды.

Құттықтаймыз! Жұмысына сәттілік тілейміз!

Ізгі ниетпен,
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ

Болашақ түлегі Тілектес Адамбеков жаңа қызметке тағайындалды

28.02.2020

"Болашақ" бағдарламасының түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Тілектес Адамбеков "Қазпошта" АҚ ІТ-инфрақұрылымының атқарушы...

«Stipendium Hungaricum»  стипендиясының резерв тізімі 25 үміткермен толықтырылды

венгрия1

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде «Stipendium Hungaricum» стипендиалдық бағдарламасы бойынша мажар тарапы Қазақстан азаматтары үшін 2020-2021 оқу жылына арналған 250 білім грантын бөлді.

 

Мажарстанда оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін 1145 үміткер құжат тапсырды.

 

2020 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Әйтімованың төрағалығымен білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған Конкурстық комиссия отырысының шешімі бойынша қазақстандық тараптан 250 адам оқуға түсуге ұсынылды және 75 адам резервтік тізімге енгізілді.

 

Конкурстың ауқымдылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мажар тарапымен жүргізген келіссөздердің қорытындысы бойынша қосымша 25 резервтік орын бөлу туралы келісімге қол жеткізді.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы №50 бұйрығымен бекітілген білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша резервтік тізім 25 үміткерге толықтырылды.

 

Білім грантын тағайындау туралы қорытынды шешімді мажарлық тарап қабылдайтындығын атап өтеміз.

 

 

Қазақстан Республикасының

 

Білім және ғылым министрлігі

 

«Stipendium Hungaricum» стипендиясының резерв тізімі 25 үміткермен толықтырылды

28.02.2020

  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013...

«Bolashaq Talks» Атырауда

болашакталкс4 наурыз, 2020 жыл

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ TENGIZCHEVROIL компаниясымен бірлесіп кезекті  «BOLASHAQ TALKS» пікірталас клубын өткізеді.

Тақырыбы: «BOLASHAQ & LIFELONGLEARNING»

Спикерлер:

Айнұр Кәрібозова -  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

Мария Қаражігітова - «ТШО» ХГҰ АҚ ЖШС Байланыс жөніндегі директоры 

Айдар Святов - «ТШО» ЖШС Өндіріс пен бизнесті жоспарлау менеджері (TBC)

Раушан Найзабаева - Petrocouncil.kz веб-сайтының негізін қалаушы, Atyrau hub және Atyrau Energy Challenge, APEC Petrotechnic  ұйымдастырушысы

Болатжан Құмалақов С.Өтебаев атындағы АтМГУ академиялық мәселелер    және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, PhD, «Болашақ» түлегі

Гүлжан Бөрібекова - NCOC заң директоры (TBC)

 

Уақыты: 15:00 – 17:00

Мекен-жайы: Сәтбаев көшесі 3, Tengizchevroil бас кеңсесі

Байланыс телефондары: +7 702 459 87 89; +7 700 425 35 77.

«Bolashaq Talks» Атырауда

27.02.2020

4 наурыз, 2020 жыл «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ TENGIZCHEVROIL компаниясымен бірлесіп кезекті  «BOLASHAQ TALKS» пікірталас клубын өткізеді. Тақырыбы: «BOLASHAQ...

"Болашақ" Атырауда

Болашак Атырауда 2

2020 жылғы 4 наурызда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен бірлесіп "Аймақтардағы маман даярлау мәселелері" форумын және TengizChevrOil компаниясымен "Bolashaq & Life Long Learning" тақырыбында кезекті "BOLASHAQ TALKS" пікірталас клубын өткізеді.

09:30 - 13:00 - Аймақтар форумы

Мекенжайы - Баймұханов көшесі, 45а

Байланыс телефондары: +7 (7122) 31-61-63, +7 777 100 04 21

 

15:00 - 17:00 - Bolashaq Talks

Мекенжайы: Сәтбаев даңғылы 3, TengizChevrOil бас кеңсесі

Байланыс телефондары: +7 702 459 87 89, +7 701 880 77 88

"Болашақ" Атырауда

26.02.2020

2020 жылғы 4 наурызда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ...

Орталық президенті ШҚО ұстаздарымен кездесті

встреча с педагогами оскемен

2020 жылдың 24 ақпанында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А. Кәрібозова Шығыс Қазақстан өңірінің ұстаздарымен кездесті.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы ақпараттар беріліп, жан-жақты талқыланды.

Аталмыш кездесу Өскемен қаласы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Орталық президенті ШҚО ұстаздарымен кездесті

25.02.2020

2020 жылдың 24 ақпанында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А. Кәрібозова Шығыс Қазақстан өңірінің...

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мен Өскемен қаласы әкімдігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды

АБ ӨСкемен меморандум

2020 жылдың 24 ақпанында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Өскемен қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесті. Кездесуде тараптар “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мен Өскемен қаласы әкімдігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды

24.02.2020

2020 жылдың 24 ақпанында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Өскемен қаласына жасаған жұмыс...

Қазақ радиосы "Болашақ" бағдарламасы

болашаккк

25 ақпан, сағат 15:10

Қазақ радиосының "Болашақ" бағдарламасы.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ, Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының басшысы - Ақмарал Есқараева және Болашақ түлегі - Әсел Рахметова

Қазақ радиосы "Болашақ" бағдарламасы

24.02.2020

25 ақпан, сағат 15:10 Қазақ радиосының "Болашақ" бағдарламасы. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ, Түлектерді жұмысқа орналастыру және...

Орталық президенті Шығыс Қазақстандағы "Болашақ" түлектерімен кездесті

встреча в вко

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А. Кәрібозова Өскеменге жасаған жұмыс сапары аясында жергілікті «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесті.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлемнің жоғары үздік оқу орындарында Шығыс Қазақстан облысынан 286 маман дайындалды.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының өзінде «Болашақ» бағдарламасының 64 түлегі еңбек өтілін өтеп жатыр.

Түлектер өз білімдерін Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Аустралия, Израиль, Украина, Германия, Финляндия, Чехия, Швейцария және т.б. елдерде жетілдіріп келді.

 

Орталық президенті Шығыс Қазақстандағы "Болашақ" түлектерімен кездесті

24.02.2020

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А. Кәрібозова Өскеменге жасаған жұмыс сапары аясында жергілікті «Болашақ»...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design