«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
Абдрахманова А

Абдрахманова Анар Сатубаевна

Қызметкерлерді басқару қызметінің жетекшісі – Әдеп жөніндегі уәкілі


1968 жылы туған. С. Сейфуллин атындағы Целингрод мемлкеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті мұ,алімі» мамандығы бойынша бітірген.

1997–2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколында қызмет атқарған.

2006–2019 жылдар аралығында «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «Қазақконцерт» мәдени-концерттік мекеме, «Ұлттық сурет галереясы» мекемесінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Казреставрация» мекемесінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлерді басқару қызметінің жетекшісі, «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі кадр бөлімінің жетекшісі, «Бейбітшілік және келісім орталығы әкімшілік басқару қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

HR-қауымдастығының сертификатталған қорытындысы бойынша «Senior Human Capital Professional» дәрежесі берілген.

   
Сарсен Ж

Сәрсен Жігер Батырбекұлы

Баспасөз хатшысы


1984 жылдың 16 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Хабар» телеарнасында бағдарламалар қызметінің редакторы ретінде бастаған. 2009–2014 жылдары телеарнаның ақпараттық-сараптама дирекциясында корреспондент, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін насихаттаушы «Президенттік пул» тілшісі қызметтерін атқарды.

2014–2016 жылдар аралығында «Хабар 24» арнасының Америка Құрама Штаттарындағы (Вашингтон қаласы) меншікті тілшісі болды.

2017–2018 жылдары Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне жетекшілік етті.

2019 жылдың қыркүйегінен бері «Хабар» арнасындағы «Prime Time» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі қызметін атқарып келді.

   
Акпан Ж

Ақпан Жұлдыз Қайырбекқызы

Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры


1987 жылы туылған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылы Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратура дәрежесін алған.

2006–2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл Аймақ» ТК РМК-да, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Экономикалық басқармасы» РМҚК Солтүстік Қазақстан облысының филиалында қызметтер атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамында қызмет атқарады.

   
Кумарбекова Ж

Құмарбекова Жансая Бақытжанқызы

Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры


1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2007 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде City University London оқу орнында магистр дәрежесіне ие болған.

2004–2008 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігінің № 1 Аймақаралық салық комитеті Аудит басқармасында қызмет атқарған. 2008 жылдың сәуір айынан бері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамында бас менеджер лауазымынан Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры лауазымына дейін жұмыс атқарып келеді.

   
Ескараева А

Есқараева Ақмарал Оразымбетқызы

Түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету және мониторинг басқармасының жетекшісі


1987 жылы туған. 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Еуразия гуманитарлық университетін «Құқықтану» бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондондағы Мэри ханшайым университетінің «Халықаралық адам ресурстарын басқару және еңбек қатынастары» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2008–2019 жылдар аралығында ҚР Еңбек және хылықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінде сарапшыдан бастап департамент директорының орынбасары қызметін атқарған.

   
Алигожин Б

Камарина Самал Имангалиевна

Ақпараттық-сараптамалық жұмыстар басқармасының жетекшісі

   
Алигожин Б

Алигожин Бекет Кабиденович

Заң қызметі департаментінің директоры


1973 жылы туған. Орал мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2017 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алған. Сингапур Ұлттық университеті жанындағы Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур), Duke университеті оқу орнында (АҚШ), ROI мемлекеттік басқару институтында (Нидерландия) мемлекеттік тағылымдамадан өткен.

1993–2018 жылдар аралығында Павлодар облысы прокуратура органдарында жұмыс істеп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жоғары лауазымды қызмет атқарған.

2019 жылғы қазан айынан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Заң қызметі департаментінің директоры.

   
Кусаинова_А

Кусаинова Анар Женисовна

Әкімшілік департамент директоры


1975 жылы туылған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Мемлекеттік және жергілікті басқару ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын «НТК» арнасының елордалық бюросындағы «Астана жаңалықтары» бағдарламасының тілшісі ретінде бастаған.

2000–2019 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде баспасөз қызметінде, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік және кадрлық ресурстар департаментінде, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің әкімшілік және адами ресурстар басқармасында жұмыс істеген.

   
Омарова

Омарова Айнаш Рустемовна

Құжат айналымы, бақылау және архив басқармасының жетекшісі


1977 жылы туған. Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Араб, орыс филологиясы» мамандығы және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Халықаралық қазақ-араб университетінде мұғалім болып жұмыс істеген. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Оқуды ұйымдастыру және стипендиаттарды мониторингтау басқармасының, Түлектермен жұмыс жасау департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

   
Гафу Г

Ғафу Гүлжанат Ғафуқызы

Білім хабы басқармасының жетекшісі


Гүлжанат Ғафу — University College London (Ұлыбритания) жанындағы Білім институтының түлегі. Ағылшын және испан тілдерінен оқытушысы мамандығын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде алғаннан кейін, Уорик университетінде (Ковентри, Ұлыбритания) Білім берудегі көшбасшылық пен инновациялары саласында магистр дәрежесін алды. Магистр және PhD дәрежесін Гүлжанат «Болашақ» президенттік стипендиясы аясында оқып бітірді.

Әр түрлі ұлттық және халықаралық білім беру ұйымдарында басшылық лауазымында қызмет атқарды. 10 жылдан астам тәжірибесінің соңғы 8 жылында ол Астана мен Лондондағы UCL-де жұмыс істеді.

e-max.it: your social media marketing partner
FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design