10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
Meldeshov NEW 2017 2
МЕЛДЕШОВ ЖАНБОЛАТ ЖАРИЛКАСИНОВИЧ
 

1980 жылы туған, қазақ, жоғары білімді. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік бітірген және Ресей Халықтар достығы университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Ресей Халықтар достығы университетінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтаған. Оқу жылдары Мәскеу Қазақ жастары қауымдастығының президенті және «Мұрагер» Мәскеу Қазақ мәдениеті қоғамы» РҚБ даму жөніндегі директоры қызметтерін атқарған.

Әр жылдары әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған. 2007 – 2009 жылдары аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бас менеджері, бөлім бастығы және вице-президенті лауазымдарын атқарған. Кейінгі жылдары «Білім» білім беру қызметі орталығы» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет еткен.

2014 жылдан бастап коммерциялық құрылымда жұмыс атқарған.

2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі (University of Exeter, Master of Public Administration).
 
 
1

 


сарманов

САРМАНОВ ӘДІЛЖАН МОЛДАҒАЛИҰЛЫ

Вице-президент

«Болашақ» бағдарламасының түлегі, қаржы магистрі.

2010 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазақстан-Британ университетін, 2017 жылы – «Қаржы және менеджмент» мамандығы бойынша University of Exeter оқу орнында магистратураны бітірді.

Еңбек қызметін 2010 жылы «Ақ Май» ЖШС (Алматы қ.) бастап, кейінірек «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті» ММ жұмыс атқарды. Кірістерді жылыстау және лаңкестікті қаржыландырудың жаңа үрдістері мен типологиясын анықтауға шұғыл және стратегиялық талдау жүргізді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ еңбек қызметін Оқуды қаржыландыру және мониторинг жүргізу басқармасының менеджері ретінде бастап, кейіннен Басқарма басшысы және Оқуды ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымдарын иеленді. Директорлар кеңесінің шешімімен 2018 жылдың шілдесінен бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Бизнесті жүргізудің институционалдық құрылымының әсерін зерттеу бойынша ғылыми жұмыстың авторы.

Оқуды қаржыландыру және мониторинг жүргізу департаментіне, Бухгалтерияға, Әкімшілік департаментіне, Бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Персоналды басқару қызметіне жетекшілік етеді.

каржаубаеваҚАРЖАУБАЕВА АЙНҰР ИТЕМГЕНҚЫЗЫ

Вице-президент
 
PhD (2013), тарих ғылымдарының кандидаты (2003)
 
1998 жылы «Тарих» мамандығы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2001 жылы «Отандық тарих» (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша күндізгі мақсатты аспирантураны, 2013 жылы – Charles University in Prague (Demography) докторантураны бітірді.
 
2001–2007 жылдары еңбек қызметін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерінде жұмыс атқарды.
 
2013–2015 жылдары «ҚазГЗУ» университетінде жоспарлау және дамыту жөніндегі директордың орынбасары, Жоғарғы экономика мектебінің академиялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс жасады.
 
2015–2016 жылдары Корпоративтік даму институтының директоры, академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, Қазақ инженерлік-техникалық академиясының ректоры лауазымдарын атқарды. 2016 жылдың тамызынан бастап қазан аралығында Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша бас үйлестіруші болды.

2016 жылдан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жұмыс істейді, Зерттеу және талдау басқармасының бас менеджері, басшысы лауазымдарын атқарды. 2018 жылдың ақпан айынан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен вице-президент лауазымына тағайындалды.

«Болашақ» бағдарламасының (2007), ҚР БҒМ дарынды жас ғалымдарға арналған стипендияның (2004), халықаралық ұйымдардың (Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым, Сорос-Қазақстан қоры және т.б.) бес ғылыми-зерттеу грантының түлегі. Демографиялық және көші-қон мәселелері жөніндегі бес халықаралық жазғы мектептерінің қатысушысы. Шетелдік жоғары оқу орындарында жұмыс тәжірибесі бар.

Конкурстық процедураларды ұйымдастыру, заң қызметі, талдау және ақпараттық жұмыс, түлектерді жұмысқа орналастыру департаменттеріне жетекшілік етеді. 

Torebekova 2017ТӨРЕБЕКОВА ЗУЛЬФИЯ ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Вице-президент
 
1978 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Дьюк университетінің Сэнфорд саясат мектебі магистратурасын (Солтүстік Каролина, АҚШ, «Халықаралық саясат мамандығы бойынша) бітірген.

2005 жылдан бері Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді. Қадағалау және аттестациялау комитетінің жетекші, бас маманы, Стратегия департаментінің халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыру басқармасының бас маманы, бастығы, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру басқармасының басшысы, халықаралық іс- шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы, Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы қызметінде болды.

Білім беру, жоғары білімді ұлтаралық ету саласында халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыру мәселелерін үйлестірді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының білім беру саласында ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, ҚР Дін жөніндегі комитетінің теологиялық білім беру мәселелері бойынша жұмыс тобының, жастар саясаты саласындағы Дүниежүзілік банк жобаларын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру комитетінің мүшесі болып т.б. жұмыстарды атқарған.

Ұйымдар арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамытудағы үлесі үшін Шанхай ұйымы ынтымақтастығының 10-жылдық Мерейтойлық медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, сонымен қатар, шетелдік білім министрліктерінің марапаттарына ие болған.

Шетелдік ғылыми журналдарда орта және жоғары білім мәселелері жөнінде бірнеше еңбектері жарық көрген.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының түлегі.

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының оқуын, түлектермен жұмыс істеуді ұйымдастыру, сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдегі өкілдіктерінің қызметтеріне жетекшілік етеді. Коммерциялық жобалар, Біріккен Ұлыбритания Корольдігі және Солтүстік Ирландия, Солтүстік Америка мен Океания елдері, Құрлықтық Еуропа елдері, Азия елдері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері департаменттеріне, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдегі өкілдігі қызметіне жетекшілік етеді. 

 
1
FaLang translation system by Faboba