10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
 
Фото СовДир

АШЫҚБАЕВА ДИНАРА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ

1975 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің атқарушы директоры болып тағайындалды.

Улудаг Университетінің (Бурса, Түркия) экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті халықаралық қатынастар бөлімшесін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.  Сонымен қатар 2015 жылы Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің «Басшыларға арналған МВА» (ЕМВА-2015) бағдарламаcының түлегі болып табылады.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде Консулдың көмекшісі, кеңсе меңгерушісі ретінде бастаған. 2006 жылы «ҚазақТүрікМұнай» ЖШС аудармашысы, кейін болып жұмыс істеген, 2006 жылғы қазан — 2010 жылғы мамыр аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Мониторинг және бақылау департаментінің бас менеджері, Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг жасау басқармасының Америка елдері бөлімінің бастығы,   Конкурсты және ғылыми тағылымдамаларды  ұйымдастыру басқармасының бастығы ретінде қызмет атқарған. 2010 жылғы мамыр айында Назарбаев Университетінің Қабылдау депратаментінің директоры болып тағайындалып, осы қызметте 2016 жылғы қазан айына дейін жұмыс істеді.  Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің атқарушы директоры қызметін атқаруда.

 
 
 
5БАЙЖАНОВ НҰРСЕЙІТ ӘБСАТТАРҰЛЫ
 
1975 жылы 21 сәуірде дүниеге келді. 2016 жылғы мамырдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры. Жеке сектор және мемлекеттік органдар шегінде құқық саласының маманы ретінде елеулі жұмыс тәжірибесі бар. 1998–2002 жылдар аралығында ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бас маманы, аға прокуроры, аналитикалық топтың жетекшісі, басқарма басшының орынбасары қызметін атқарды. Кейіннен, 2002–2005 жылдарда Қаржы полиция агенттігінде (соңыра – Экономикалық және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес орталығы) басқарма басшысышың орынбасары, басқарма басшысы, департамент басшысы ретінде жұмысын жалғастырды. Қаржы полициясы академиясы Ғылым кеңесінің хатшысы қызметіне өтті. 2008 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Аса қауіпті істер бойынша басқармасының аға инспекторы ретінде жұмыс істеді.
 
2011–2015 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ білім алып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ жұмысқа кірісті. Экономика ғылымдарының магистрі және құқық докторы (Аризона штатының университеті, АҚШ) мамандықтары бойынша «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
 
 
 
 
 
 
1ДАИРОВА ҚАДИША НҰРДІЛДӘҚЫЗЫ
 

Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтының филология ғылымдары кандидаты дәрежесіне ие. «Назарбаев Университеті» ДББҰ Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті. Бұрын Қазақстан Республикасы СІМ, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Үшінші хатшысы және Қазақстан Республикасы СІМ Екінші хатшысы болып Америка және Еуропа департаментінде қызмет атқарды.

1998–2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АҚШ-тағы өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің екіжақты ынтымақтастықтың гуманитарлық мәселелері бойынша кеңесшісі болып қызмет етті. АҚШ пен Канадада Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендіру бойынша басымды міндетті атқарды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжам институтының (ҚМЭБИ) даму жөніндегі проректоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Қазақ мемлекеттік университеті (ҚазМУ) Дипломатия академиясының доценті, Алматы қаласындағы «Лингвистикалық орталығы» қоғамдық қорының президенті және негізін қалаушысы.

 
 
kadukov
 КАДЮКОВ НИКОЛАЙ ВИКТОРОВИЧ

1959 жылы дүниеге келді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң Басқарма орынбасары.

1980 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1999 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын «Экономика және басқару» мамандығы, сонымен қоса 2007 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бітірді.

Жеке және мемлекеттік сектор компанияларында корпоративті қаржы саласында жұмыс тәжірибесі бар. 1986–1991 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 1991–1995 жылдары Мәскеу қаласында «Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының іскерлік ынтымақтастығына жәрдемдесу қауымдастығының» коммерциялық сұрақтары бойынша директорының орынбасары лауазымын атқарды. Кейіннен Алматы қаласында «Мақсат» акционерлік банкі, «Қарағанды-Карбид» АҚ басқарушысы, «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі» ААҚ Қарағанды филиалының директор орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Кадюков мырза Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнде қызмет етуде.

 
1
 Қалиев Қайрат

Жекеменшік және мемлекеттік секторларында басшы лауазымдарын, оның ішінде «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, «CNRG – Capital» ЖШС, Жамбыл облысы аудан әкімінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2010 жылдан 2013 жылға дейін «Қазақстан даму Банкі» АҚ-да жобалық дирекциясы жетекшінің орынбасары және қоғаммен байланыс департамент директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық қатынастар және қоғаммен байланыс департамент директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Астана» Халықаралық қаржы орталық Әкімшілігі» АҚ-да жұмыс істейді. Қаржы технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Басқарушы директор лауазымында жұмыс істейді.

Қазақ Ұлттық университетін, Ресей халықтары достастығы университетін, РФ Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу Халықаралық қатынастар институтын (Университет), Мәскеу Мемлекеттік Университет, Біліктілікті арттыру Гарвард мектебін (Бостон) бітірді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

 
 
 
 
 
 
  
6
МЕЛДЕШОВ ЖАНБОЛАТ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ
 

1980 жылы дүниеге келді. Мелдешов мырза Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті, Ресей Халықтар достығы университетінде, сонымен қатар Эксетер университетінің (Оңтүстік-Батыс Англия) мемлекеттік басқару факультетінде құқық, экономикалық білім алды. Жеке және мемлекеттік секторда, әлеуметтік жобаларды басқаруда жұмыс тәжірибесі бар.

Оқу жәлдарында Мәскеу Қазақ жастары қауымдастығы және «Мұрагер» Мәскеу Қазақ мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігін (2002–2006 жж.) басқарды.

Оқу аяқталысымен дәйектілікпен бас менеджер, құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу бөлімінің бастығы, және академиялық мәселелер бойынша вице-президенті қызметін атқарған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (2007–2009 жж.) кейін, «Білім» білім беру қызметі орталығының басшысы (2009–2011 жж.) лауазымына ауысты.

Кейінірек Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылғы қыркүйектен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

FaLang translation system by Faboba