«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

           «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бос орындар қызметіне конкурс жариялайды. Төменде берілген талаптарды мұқият қарап, біліміңіз бен өтіліңіз сәйкес келген жағдайда мына электронды пошталарға түйіндеме жіберулеріңізді сұраймыз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

 

          

          Қаржы департаментінің басшысы

Қаржы департаментінің басшысы лауазымына келесі талаптарға сай келетін тұлға тағайындалады:

- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) экономикалық білімі және басшылық лауазымдардағы экономикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Департамент басшысы келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:

1. Қоғамның қаржы ресурстарын басқаруды және қызмет пен жұмыстарды, қызметтерді іске асыру үдерісінде ресурстардың барлық түрлерін өте тиімді пайдалану мақсатында шаруашылық етуші субъектілер арасында туындайтын қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастырады.

2. Қоғамның қаржылық стратегиясын және оның қаржылық тұрақтылығын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

3. Перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлардың жобаларын, болжамды теңгерімдер мен ақша қаражатының бюджетін әзірлеуді басқарады.

4. Қоғамның бөлімшелеріне бекітілген қаржылық көрсеткіштердің жетуін қамтамасыз етеді.

5. Жұмыстарды, қызметтерді, зерттеулер мен әзірлемелерді, жоспарлауды жүзеге асыру жоспарларының жобаларын дайындауға қатысады.

6. Қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыру көздерін анықтайды.

7. Кірістердің уақытында түсуін, белгіленген мерзімде қаржылық-есептеу және банк операцияларын ресімдеуді, өнім берушілер мен мердігерлердің шоттарын төлеуді, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді, салықтар мен алымдарды және бюджетке басқа да төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы аударымдарын, банк төлемдерін аударуды қамтамасыз етеді.

8. Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізеді, төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, пайдаланылмайтын тауар-материалдық құндылықтардың түзілуі мен таратылуын ескертуге, қаржы тәртібін нығайту мен шығындарды азайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.

9. Қаржы жоспарының және басқа қаржылық көрсеткіштердің орындалуын, қаражаттың дұрыс жұмсалуын және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылайды.

      10. Қаржы қаражатының айналымына есеп жүргізуді және қаржылық есепке алу мен есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есептілік құруды, қаржы туралы ақпараттың сенімділігін қамтамасыз етеді, есептілік құжатының дұрыс құрылуы мен ресімделуін, оның сыртқы және ішкі пайдаланушыларға дер кезінде ұсынылуын бақылайды.

           

Заң қызметі директоры

Білімі:

«Құқық» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік (немесе жоо-нан кейін). Басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімі және тиісті мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы сертификаттары болу.

Жұмыс өтілі

  тиісті мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде басшылық қызметтерде; шетелде оқу (магистратура, докторантура) бітірген жағдайда жұмыс өтіліне қойылатын талап – кемінде 3 (үш) жыл, басшылық қызметтегі жұмысын қоса алғанда.span>

Лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті білімдер мен дағдылар:

·                        мемлекеттік және орыс тілдері, шет тілі (білгені жөн);

·                        Қазақстан Республикасының Конституциясы;

·                        Азаматтық кодексі;

·                        Еңбек Кодексі;

·                        «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

·                         «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;

·                         «Құқықтық актілер туралы» заңы;

·                         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы;

·                        «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңы;

·                      ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулылары, басқа да нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын басқаруға қатысты;

·       Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы; шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттарды, салалық және өңірлік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы құқықтық құжаттарды жүйелендіру, есепке алу және жүргізу тәртібі;

·                        кінәрат-қуыным жұмысы;

·                        атқарушылық өндіріс;

·                        заң жобалау және нормативті жұмыс;

·                        нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу тәртібі;

·           нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі; Қоғамның даму стратегиясы мен перспективалары;

·                        шет елдерде білім беру жүйесінің ерекшеліктері;

·                        іс-қағаздарын жүргізу жүйесінің негізгі ережелері;

·    жұмысты бақылаудың нысандары мен әдістері; ұйымдастырушылық және әкімшілік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары ;

·                        іскерлік келіссөздер жүргізу ережелері;

·                        іскерлік қатынас этикасы.Заң қызметі директоры.

 

 

 

Халықаралық оқытуды уйлестіру басқармасының менеджері

 

Білімге қойылатын талаптар

гуманитарлық, әлеуметтік немесе техникалық ғылымдар саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, шетелдік білім болғаны жөн.

Жұмыс өтілі

          -  кемінде 2 жыл. Шетелде оқуын аяқтаған жағдайда (магистратура, докторантура) жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес.

Қажетті білім

-     мемлекеттік және орыс тілдері;

- тиісті деңгейде меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатпен расталған жоғары деңгейдегі шет тілі (ағылшын);

- Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар;

-  Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым және білім саласындағы жарлықтары және басқа да нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын басқаруға қатысты актілер;

-    «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;

-     шет елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері;

-     іскерлік келіссөздер жүргізу ережелері;

-     кеңсе жұмысының негізгі ережелері;

-   еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормалары.

         

Қажетті қабілеттілік пен дағдылар

-     мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу;

- жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істей білу, компьютерлер мен кеңсе жабдықтарының тәжірибелі қолданушысы болу;

-      талдамалық құжаттар мен ақпараттық материалдарды дайындау;

-      ауызша және жазбаша коммуникация;

-      консультативтік жұмыс;

-      заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүйелеу, есепке алу және құжаттама жасау;

-      жағдайды сыни бағалай білу, өзгерістерге тез бейімделу;

-      үлкен көлемді мәліметтермен жұмысістеу;

-      ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу;

-      ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алу;

-      іскерлік және коммуникациялық дағдылар;

-      күйзеліске төзімді болу.

        

          

           

 

Солтүстік Америка елдері басқармасынің менеджері

Білімі

Гуманитарлық, әлеуметтік немесе техникалық ғылымдар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) білімі болуы тиіс. Басқарма (менеджмент) саласында қосымша білім және тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттарыз бар болуы үстемдік береді.

Жұмыс тәжірибесі

Кемінде 1 (бір) жыл; шетелде оқуды аяқтаған жағдайда жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар

Мемлекеттік және орыс тілдері еркін; Шет тілі орташа білім деңгейінен жоғары (кем дегенде upper-intermediate), тиісті құжатпен (отандық/шетелдік) немесе шет тілін қажетті деңгейде меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатпен расталған болуы қажет;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Президенттің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын басқаруға қатысты заңдар; заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүйелеу, есепке алу және құжаттау; шет елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктерін білу.

Міндеттері

1) «еБолашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесінде стипендиаттарға қатысты барлық ақпаратты сақтау, өзгерту және уақтылы толықтыру;

2) ЖОО-ға түсу үшін Қазақстан Республикасының хаттамасында көрсетілген мамандыққа, тәлімгерлерге сәйкестігін тексеру бойынша жұмыс;

3) уақтылы тілдік курстарға/академиялық оқуға стипендиатты жіберу;

4) Қазақстан Республикасының хаттамасына сәйкес тағайындалған мамандық бойынша орналысуын қадағалау;

5) академиялық оқудағы стипендиаттардың үлгерімін тексеру, қадағалау, «еБолашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізу;

6) қажетті жағдайда ЖОО-мен байланыс орнатып, стипендиатқа қатысты ақпаратты сұрату, тексеру;

7) академиялық оқуға жіберу алдында преференс формасын тексеріп, бекіту;

8) оқу кестесіне сәйкес ай сайын уақытында стипендиаға ұсыну;

9) Қазақстан Республикасынан оқу еліне тілдік курстарға/академиялық оқуға уақытында жіберу;

10 ) академиялық оқуға кеткен стипендиаттардың оқу жоспарын шартқа сәйкесінше тексеріп, бекіту;

11) Орталыққа/электронды почтаға келген стипендиаттардың барлық өтініштеріне жауап беру;

12) стипендиаттың келісім-шартқа сәйкес барлық шарттарды орындауын қадағалау.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design