10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Бағдарлама тарихы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.

Қазақстан Республикасына тəуелсіздік таңында кейіннен реформалар жасап, елімізді əлемдік аренада лайықты танытатын жоғары білікті кадрлар талап етілді.

Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш ретталантты жастарға шетелде білімалу мүмкіндігі берілді. «Болашақ» стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кəсіптік өзін-өзі жүзегеасыруыныңөзіндік кепіліне айналды.

Жылдар өте, бағдарлама қарқыналып, мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға бейімделді.

1997 жыл – елдің дамуындағы негізгі кезеңнің бірі. Мемлекет басшысы 2030жылға дейінгі дамустратегиясын ұсынды. Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін тиімді іске асыру үшін «Болашақ» бағдарламасына да өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Ережеде құжаттарды қабылдау жəне үміткерлерді іріктеу рəсімдеріқозғалды, сондай-ақ стипендиаттардыоқуының толық курсын аяқтағаннан кейін ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органдарына жəнеұйымдарынажұмысқа орналастыру көзделді.

Сонымен қатар, оқу бағыттарындағы үйлеспеушіліктер туралы мəселені шешу талап етілді. 1994–1997 жж. стипендия, негізінен, қазақстандықжоғары оқу орындарының экономикалық жəне гуманитарлық факультеттерініңтүлектеріне тағайындалды. Техникалық факультеттердің түлектері бағдарламада өте аз ұсынылған. Бұл ең алдымен, техникалықмамандықтардың оқу жоспарларында экономикалық жəне гуманитарлық мамандықтардыңоқу жоспарларымен салыстырғандашет тілдерін аз көлемдеигеру көзделетіндігіне байланысты болды.

Бағдарлама іске асырылған алғашқы жылдары стипендиаттар төрт елде ғана оқыған (АҚШ, Ұлыбритания,Германия жəне Франция). Кейінгіжылдары шетелдікжоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтыңдамуына,сондай-ақ Үміткерлердііріктеу қағидаларына кандидаттарды іріктеуді шетелде өз бетімен оқып жатқан үміткерлер арасында жүргізуге қатыстытолықтырулардың енгізілуіне байланысты оқу елдерінің аумағыкеңейді.

2000 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің2000 жылғы 12қазандағы № 470 Жарлығына сəйкес,инженерлік жəне техникалық білімібар үміткерлер шет тілдерінің бірін еркін меңгеру туралы талапты есепке алмай конкурсқа қатысуқұқығына ие болды.

1994 –2004 жылдаркезеңінде13 елдеоқу үшін780 стипендиятағайындалған.

2005 жылы Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жыл сайын үш мыңжас жəне талантты қазақстандыққаəлемніңжетекші оқу орындарында оқумүмкіндігін беру қажеттілігі туралы жариялады.

Стипендиаттар санын арттыру қажеттілігі уақыт талабы болып отыр. Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайларында мемлекет бəсекеге қабілетті экономика үлгісіне жəне Қазақстан үшін басымды индустриалды-инновациялық даму, білім жəне ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы жəне басқа дасалалардағы мамандарға қажеттілік ұдайы өсіп келе жатқан салалардыңтұрақты өсуіне негізделген дамужолын таңдады.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылғы 4 сəуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамын құрды.

Стипендиаттарға елгекелгеннен кейін бес жыл жұмыс істеу үшін міндеттемелерді бекітіп беретін шарттық база әзірленді, Үміткерлерді іріктеудіңжаңа ережесібекітілді, шетелдік жоғарыоқу орындарыныңгеографиясы әлемнің13 елінен33 еліне дейінкеңейтілді. Шығыс бағыты дамытылып, оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғарыоқу орындарыныңқатарына Қытай, Жапония,Оңтүстік Корея,Малайзияжәне Сингапурдіңпрогрессивті университеттері,сондай-ақпосткеңестік мемлекеттердіңжоғарыоқу орындарыенгізілді. Экономиканың басым мамандықтары үшін берілген салаларда (мұнайгаз ісі, энергетика және т.б.) жылдары тағайындалған гранттар саны «Болашақ» бағдарламасы іске асырылған алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатыноқу елдеріанықталды. 2005-2006  жылдары тағайындалған гранттар саны «Болашақ» бағдарламасын іске асырудың барлық тарихындағы рекордтық сан –2 574адамға жетті.

2008 жылдан бастап елді мекендерде білім деңгейін арттыру («ауыл жастары» санаты енгізілген),мемлекеттік аппараттыреформалау («мемлекеттік қызметшілер» санаты енгізілді)және елдіңғылыми-зерттеуәлеуетін дамыту («магистратурағағылыми-педагогқызметкер» және «тағылымдамаға ғылыми қызметкер» санаттары енгізілді) мақсатында бағдарламаға қолжетімділік кеңейтілген.

2011 жылдан бастап бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту тоқтатылды. Жұмыс берушілердіңнақты тапсырыстарыбойынша мамандар даярлауды және жұмыс беруші, стипендиат және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында үшжақты шартжасауды көздейтін бағдарламалық-мақсаттықтетік енгізілді.

2012 жылдан бастап тағылымдама бағдарламасы инженерлік-техникалық, медицинажәне педагогқызметкерлер санаттарымен кеңейтілді.

2014 жылдан бастап үміткерлерді іріктеу сапасын арттыру үшін шетел (IELTS 3,0-тен IELTS 4,0-ке)және мемлекеттік (75 баллдан 85 баллға) тілдерді білудің ең аз бастапқы деңгейі арттырылды.  Times Higher Education, QS және Academic Ranking of World Universities халықаралық рейтингілеріндегі алғашқы 200 орындағығана, ұлттық рейтингілердегі алғашқы 30 орындағы және THE 100 under 50 және QS50 under 50 рейтингілердегі оқу үшін ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарына талаптар қатаңдатылды, магистратура бағдарламасы үшін мәдениет және БАҚ қызметкерлері жаңа санаттары енгізілді.

2015 жылдан бастап ағылшын тілін Қазақстанда оқытуды көздейтін «6+6» тілдік даярлаудың жаңа моделііске қосылды, магистратура және докторантура бағдарламаларына қолжетімділік кеңейтілді, Split-PhD индустриализациялау үшін ғылыми кадрлар даярлаудыңжаңа моделіненгізілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы іске асырылған жылдары әлемнің 35 еліндегі 170 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін 12 000 астам қазақстандыққа стипендия тағайындалған.

«Болашақ» стипендиясын іске асыру тетігін жетілдірудің мақсатты саясатының нәтижесі «Болашақ» стипендиясының 2014 жылы Майамидегі  Going Global VIII халықаралықконференциясында осы тектес 11 стипендиялық бағдарлама арасында үздік деп танылуы.

FaLang translation system by Faboba