«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

1

2015 жылдан бастап қазақстандық ғалымдар үшін Split PhD бағдарламасы шеңберінде отандық экономиканың қажеттіліктеріне бағытталған зерттеулер өткізу үшін әлемнің жетекші ғылыми зерттеу орталықтарының әлеуетін тарту мүмкіндігі ұсынылады.

SplitPhD – екі серіктес жоғары оқу орнының базасында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін докторантура бағдарламасының әртүрлілігі. Ғалымдарды даярлаудың бұл моделі ынтымақтастағы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін өсіруге ықпал ете отырып, берілген проблематиканы жан жақты зерделеуге түрлі тәсілдердің болуын болжайды.

Split PhD моделін «Болашақ» халықаралық стипендиясы негізінде Қазақстанның білім саласына 2 кезеңмен енгізу болжанады.

Бірінші кезең: 2015 — 2019 жылдар

Split PhD моделі бойынша «Болашақ» стипендиясы шеңберінде докторанттар даярлау екі жоғары оқу орнында, базалық-шетелдік жоғары оқу орнында және қазақстандық серіктес жоғары оқу орнында 3+1 (3 жыл базалық жоғары оқу орнында оқу, бір жыл қазақстандық жоғары оқу орнында эксперименталдық және зерттеу қызметін жүргізу) сызбасы бойынша оқытуды білдіреді.

2016–2019 жылдардан бастап басым бағыттар бойынша қызығушылық танытқан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандық серіктес жоғары оқу орындары ретінде қатыса алады. 2016 жылға Басым мамандықтар тізбесі  сілтемесін қараңыз.

Екінші кезең: 2020 жылдан бастап

Екінші кезең шеңберінде Split PhD бойынша докторанттарды даярлаудың мақұлданған тетігі мүдделі қазақстандық жоғары оқу орындарының білім процесіне ықпалдастырылатын болады және стипендиаттың екі жоғары оқу орнындағы, базалық-шетелдік жоғары оқу орнындағы және қазақстандық серіктес жоғары оқу орнында кейіннен екі жоғары оқу орнының дипломдарын берумен 2+2 сызбасы (екі жыл базалық жоғары оқу орнында, екі жыл қазақстандық жоғары оқу орнында) бойынша оқуын болжайды.

Қосымша ақпарат алу үшін Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің бас менеджері Самал Камаринаға 87172–769083 телефоны, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. арқылы хабарласа аласыздар.

1. 2016 жылға арналған «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар

2. Split PhD бағдарламасын іске асырудың сызбасы

3. Split PhD бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурсқа қатысу бойынша талаптар мен шарттар

4. «Ньютон–әл-Фараби» серіктес бағдарламасы туралы

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design