«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар

(Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды дайындау алдында ұсынымдармен мұқият танысуыңызды өтінеміз. Құжаттардың түпнұсқалары сканерленген және E-Gov порталы арқылы жүктелуі тиіс)

 I. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1.1. Қажетті құжаттар тізімі:

  • Үміткердің сауалнамасы;
  • Жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі (тек тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін));
  • Жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары;
  • Қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы, сонымен қатар, шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты не Білім туралы заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты растайтын және/немесе нострификациялау туралы куәлік;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ Қағидаларға сәйкес, еңбек қызметінің талап етілетін кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме (ауылдық елді мекеннен магистратураға үміткерлер және тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін);
  • Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы (ауылдық елді мекеннен магистратураға үміткерлер үшін — белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін және тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін — тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның тағылымдамадан өту үшін тиісті нәтижесі бар талабы болған жағдайда, сондай-ақ визаны ресімдеу қажет болған кезде));
  • Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы (B1-ден кем емес деңгей));
  • Шетелге шығатын адамдар үшін 082у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • Мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен академиялық оқуға/тағылымдамаға шартсыз (қаржылық шарттарды қоспағанда) қабылдау туралы растайтын құжаттар (ауылдық жерден магистратураға үміткерлерді қоспағанда));
  • Шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімнің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама, бар болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармалары бар (Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін));
  • Үміткердің тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер базасынан алған тұрғылықты жері туралы мәліметтер (ауылдық елді мекеннен магистратураға үміткерлер үшін));
  • Шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасымен осы ЖОО белгілеген мерзімнен аспайтын жеке оқу жоспары (докторантураға үміткерлер үшін);
  • Талаптарға сәйкес жасалған, қабылдаушы және жіберуші тарап бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы (тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін)

II.ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.1. САУАЛНАМА

Осы ұсыныстар сауалнаманы толтыру кезінде қателерге жол бермеу мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған.

  • Сауалнама қатаң белгіленген нысанда мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылуы тиіс;
  • Сауалнаманың барлық бөлімдері толтыру үшін міндетті болып табылады. Ақпарат болмаған жағдайда осы бағанда сызықша қою қажет «-»;
  • Сауалнаманың барлық беттері баспа шрифтімен қолмен толтырылуы тиіс;
  • Сауалнаманың сұрақтарына жауаптар қатаң түрде берілген бағандарда орналасуы тиіс;
  • Сауалнама грамматика мен орфография тұрғысынан дұрыс ресімделуі тиіс;
  • Сауалнамада жазылған фактілердің, ақпараттың сәйкессіздігі немесе дұрыс еместігі анықталған жағдайда үміткер конкурсқа қатысудан оның кез келген кезеңінде шеттетіледі;
  • Сауалнама тегін таратылады және көшірілуі мүмкін.

Сауалнаманың бірінші бетінде арнайы бөлінген орында 3,5×4,5 см көлеміндегі түрлі-түсті фотосуретіңізді жапсыру қажет (фотосурет мерзімі: сауалнаманы толтыру кезінде бір күнтізбелік жылдан артық емес).

Желімделмеген, степлер немесе өзге де тәсілмен бекітілген сауалнама қарауға қабылданбайды. Фотосурет кеңсе желімімен жабыстырылуы керек.

Сауалнаманың әрбір беті нөмірленуі және беттің төменгі оң жақ бұрышында жеке қолымен сызылуы (қол қойылуы) тиіс.

Сауалнаманың соңғы бетінде үміткердің күні мен қолы қойылады; күнін құжаттарды тапсыру сәтінде көрсету қажет.

2.2. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ӨТІНІМІ

Өтінім маманның конкурсқа қатысуға арналған жеке жолдамасы. Өтінімде жіберуші ұйымдағы жұмыс өтілі мен маманның позициясын атап өту қажет.

Шығыс нөмірі мен күні бар өтінімге жіберуші ұйым басшысының аты-жөні мен лауазымын көрсете отырып қол қояды және мөрмен куәландырылады.

Өтінімнің бекітілген үлгі нысаны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылған.

2.3. ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ ЖӘНЕ ПАСПОРТТЫҢ ТҮПНҰСҚАЛАРЫ

Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде жеке куәлік пен паспорттың түпнұсқасын ұсыну қажет.

2.4. ЖОҒАРЫ БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫМШАСЫ

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер қосымшасы бар дипломның (бакалавр, маман) түпнұсқасын ұсынуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымында оқуды аяқтаған жағдайда үміткерлер білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәлікті немесе Білім туралы заңның 39-бабының 5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып тану туралы өзге құжатты қосымша ұсынады.

2.5. ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАТЫН АДАМДАР ҮШІН ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген 082/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы ұсынуы қажет.

2.6. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаты ретінде мыналардың кез-келгені болуы мүмкін:

  1. еңбек кітапшасы;
  2. тоқтату күні және негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі қойылған еңбек шарты;
  3. жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатуын растайтын актілердің үзінді көшірмесі;
  4. жұмыскерлердің еңбекақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
  5. жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен не нотариалды куәландырылған қызметтік тізім (жұмыс, жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  6. жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтері қамтылған мұрағаттық анықтама;
  7. ұсыну үшін міндетті түрде тапсыратын — жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме немесе аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме немесе өндірістік әлеуметтік төлемдер туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер.

2.7. МАГИСТРАТУРАҒА (АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕН ШЫҚҚАН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА) ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА НЕМЕСЕ ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУҒА ҮМІТКЕРЛЕР қосымша:

ОҚУҒА ӘЛІ КІРІСПЕГЕН ҮМІТКЕРЛЕР — бағдарламаны, мамандықты және оқу кезеңін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттар (қаржылық шарттарды қоспағанда).

ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚИТЫН ҮМІТКЕРЛЕР — шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармалары бар осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама.

МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР МЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ҮМІТКЕРЛЕР «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу қағидаларының 16-тармағы 4) тармақшасына сәйкес магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының мынадай өлшемшарттардың үш және одан да көп сәйкестігін растау үшін құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • жылына кемінде 3 оқу құралдарын, монографияларды, авторлық куәліктерді шығару;
  • соңғы 10 жылда осы оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өткізілетін трансұлттық компаниялардың кемінде 3 іске асырылған ірі жобаларының және/немесе ұлттық және халықаралық маңызы бар жобалардың болуы;
  • жылына халықаралық және ұлттық деңгейде осы оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен кемінде 50 өнер көрсету/концерт немесе 10 конференция/көрме өткізу;
  • осы оқу орнының халықаралық және/немесе мемлекеттік/ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы;
  • осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы;
  • мамандандыру саласындағы осы оқу орнының кемінде 1 ұлттық және/немесе халықаралық сыйақысының, марапатының болуы.

ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУГЕ ҮМІТКЕРЛЕР қабылдаушы ұйымның тағылымдамаға шартсыз шақыруын (қаржылық шарттарды қоспағанда) растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Шақыруда басым мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандық, тағылымдамадан өту мерзімі, құны (есептеулерді толық ашып жазу) көрсетілуі тиіс. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын ұсыну қажет.

2.8. ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама тағылымдамадан өтуге үміткерлерге ұсынылады және оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес жасалады. Оған сондай-ақ жоспарланған іс-шараларды өткізу мерзімдерін, пайдаланылатын әдістер мен технологияларды қамтитын жоспар қоса беріледі. Бағдарлама тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдармен келісілуі және бекітілуі тиіс.

Тағылымдамадан өту бағдарламасына қойылатын талаптар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылған.

2.9. ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЫ (ДОКТОРАНТУРАҒА ҮМІТКЕРЛЕР ҮШІН)

Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) оқу кезеңін көрсете отырып, ЖОО-дағы ғылыми жетекшімен бірге толтырылады. ЖОЖ университеттің ресми бланкісінде берілуі және эдвайзердің қолымен расталуы тиіс.

ЖОЖ мамандық бойынша жалпы оқу жоспарының негізінде және талаптарына сәйкес жасалады.

ЖОЖ-да тіркелуі тиіс:

  • Толтыру күні;
  • Студенттің аты-жөні;
  • ЖОО атауы;
  • Бағдарлама;
  • Мамандық;
  • дәреже алу үшін кредиттердің ең аз саны – жалпы оқу жоспарына сәйкес болуы тиіс (семестр бойынша жүктемені біркелкі бөлуді қамтамасыз ету үшін семестр санына бөлу қажет);
  • семестрдің басталу және аяқталу күндері;
  • толық оқу бағдарламасының аяқталу күні;
  • Эдвайзердің аты-жөні және байланыстары.

ЖОЖ үлгісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында «Стипендиатқа» бөлімінде орналастырылған.

2.10. ШЕТ ТІЛІН БІЛУ СЕРТИФИКАТЫ

Ауылдық елді мекеннен магистратураға үміткерлер – белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар жарамды ресми сертификат және тағылымдамадан өтуге үміткерлер тағылымдамадан өту үшін тиісті нәтижесі бар шетелдік ұйымның талабы болған жағдайда, сондай-ақ визаны ресімдеу қажет болған жағдайда шет тілі бойынша емтихан (TOEFL немесе IELTS, DALF/DELF, DSH және т.б.) тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын ұсынуы тиіс, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткердің сауалнамасының белгіленген бағанында тестінің ресми нәтижелерін

2.11. Мемлекеттік тілді білу сертификаты (B1 деңгейінен кем емес))

Бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын ұсынуы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер сауалнамасының белгіленген бағанында тесттің ресми нәтижелерін көрсетуі тиіс;

Құрметті үміткерлер! Мыналарды ерекше назарға алып:

—  құжаттарды сканерден жоғары сапада өткен деңгейде ұсынуды;

—  көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін дұрыс толтыруды;

—  құжаттарды ХҚКО БАЖ базасында тиісті қосымша парақтарға бекітуді қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Сәттілік тілейміз!

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design