10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

«РЕЗИДЕНТУРАҒА ӨЗ Бетінше ТҮСКЕНДЕР» САНАТЫ

Конкурсқа академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында резидентурада оқып жатқан үміткерлер қатыса алады.

ОСЫ САНАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл 3.30 (4.00/4.33-тен) GPA немесе 5.00-ден 4.30 болуы қажет.

1-қадам. ҚҰЖАТТАРДЫ ЖИНАУ

  1. сауалнама;
  2. уәждемелік хат;
  3. ұсыным хат;
  4. жеке куәлік пен төлқұжат түпнұсқалары менкөшірмелері*;
  5. қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесі (шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесі)*;
  6. 0-82/у медициналық анықтамасы;
  7. оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілін білу деңгейінталап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсызқабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелері және,болған жағдайда, шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама,мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармаларымен бірге;
  8. шет тілі бойынша емтиханды тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі, бар болған жағдайда*;
  9. мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі, бар болған жағдайда*;

$110.  үміткер құжаттарын жеке тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне берілген нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынылады (құжаттар ХҚКО арқылы тапсырылған жағдайда).

*ХҚКО қызметкері түпнұсқаларды салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарады.

2-қадам. КОНКУРС

I тур. Бірінші турда Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері болып табылатын тәуелсіз сарапшылар үміткерлерге Жұмыс органы белгілеген бағалау өлшемшарттарына сәйкес уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалау арқылы жасырын, алдын ала іріктеу жүргізеді.

Уәждемелік хат. Турдан өту үшін жеткілікті болып табылатын балл саны – 10-нан 5.

Ұсыным хат. Турдан өту үшін жеткілікті болып табылатын балл саны – 6-дан 3.

II тур. Шет тілі бойынша емтихан.

Оқуға қабылданғаны туралы құжатта шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шарты көрсетілген және бұл ретте шет тілі бойынша емтиханды тапсырғаны туралы ресми сертификаты болмаған жағдайда, үміткер тілдік емтиханға жіберіледі;

Өту балына қойылатын талаптар:

IELTS: 9.0-ден 5.0

TOEFL: ITP/PBT 677-ден 417

IBT: 120-дан 35.

III тур. Мемлекеттік тілді білу емтиханы — Қазтест

Мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы ресми сертификат болмаған жағдайда, үміткер Қазтестке жіберіледі.

Тест блоктары

Тест тапсырмаларының жалпы саны

Жеткілікті болып табылатын дұрыс жауаптар саны

Пайыздық қатынасы

Тыңдалым

150

75

50%

Лексика — грамматикалық тест

Оқылым

IV тур. Үміткерлерді кешенді тестілеу жүргізіледі. Кешенді тестілеу Қазақстан тарихы, Қазақстан Республикасы Конституциясы және психологиялық тестілеу сұрақтарынан тұрады.

V тур. Тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК) мүшелерімен әңгімелесу.

Бесінші турда үміткердің кәсіби даярлығы, мамандық бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білуі, теориялық білім деңгейі және таңдалған мамандық саласында кәсіби біліктілігінің болуы анықталады.

VI тур. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы. Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижесі негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы соңғы шешім қабылдайды.

Сонымен қатар, Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес тілдік курстан өту қажеттілігі көрсетіледі.

3-қадам. ШАРТ ЖАСАУ РӘСІМІ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімінен кейін стипендиат не оның сенім білдірілген адамы стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Әкімші) Шарт жасау және наразылық-талап қою жұмысы басқармасына (506-каб.) хабарласып, жұмыс берушімен және Әкімшімен оқуды ұйымдастыру туралы екі жақты шарт, сондай-ақ жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасауы қажет. Шарттар мерзімінде жасалмаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерінің мәртебесінен айырылады. Шарт жасау рәсімі бойынша толығырақ ақпаратты Шарттар бөлімінен қараңыз.

4-қадам. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ

Шарттарды жасасқаннан кейін, оқу еліне байланысты 10 күн ішінде стипендиат Оқытуды ұйымдастыру департаментіне хабарласуы керек (503-каб.). Сонымен қатар, шарттар жасалғаннан кейін Бухгалтерлік есеп, оқуды қаржыландыру және мониторинг жүргізу департаментіне (606-каб.) төлем карточкасын рәсімдеу үшін хабарласу керек. Карточканы рәсімдеуге оқуға шығар алдында шамамен 1–1,5 ай бұрын кірісу керек.

FaLang translation system by Faboba