10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
Құттықтаймыз, Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атандыңыз!!!
Сіздің келесі қадамдарыңыз.
Сізге стипендия тағайындалған соң, Сізге келесі қадамдар жасау қажет:
  1. Оқытуды ұйымдастыру шарты мен Жылжымайтын мүлік кепілінің шартын жасау үшін Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне хабарласыңыз.
  2. Барлық шаттарды жасап болған соң Сізге куратормен хабарласуыңыз қажет.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен танысыңыз.
  4. Мамандықтары мен оқу орындарын көрсетіп толтырылған преференс-нысанды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға бекіту үшін кураторға ұсыну қажет.
  5. Оқу орындарына академиялық оқуға орналасу үшін қажетті 5 құжатты куратордың сұрауы бойынша  дайындап тапсыру керек.
  6. Куратормен алдын ала келісу бойынша оқуға түсу үшін таңдалған оқу орнына өз бетімен құжаттар жіберу қажет.
  7. Шартсыз шақырту қағазын алу керек.
  8. Қаржы кепілдік хатын алу үшін өтініш жазу кажет (елшіліктер мен оқу орны үшін).
  9. Қаржылық кепілдік хатының сканерден өткізілген нұсқасын университетке жіберу керек.
  10. Оқу орнынан визаға кажетті құжаттарды алу қажет.
  11. Сапардан бір ай бұрын банктік төлем карточкасын ресімдеген соң, Оқуды қаржыландыру бөліміне  банк картасына стипендия аудару жөнінде өтініш жолдау керек.
  12. Визаны алу үшін құжаттарды ресімдеу қажет.
  13. Консулдық төлемдерді төлеу керек.
  14. Визаны ресімдеуге қажет құжаттарды тапсырып, көрсетілген уақыт пен сағатта елшілікке барлық құжаттармен бару қажет.
  15. Визаны алу керек.
  16. Визаны алған соң сканерленген нұсқасын кураторға өткізу керек.
  17. Авиабилет алу үшін өтініш жазу қажет.

Академиялық оқу барысында барлық стипендиаттар:

  1. полицияда тіркеуге тұруға (оқу елінің көші-қон талаптарына байланысты);
  2. медициналық сақтандыруды ресімдеуге;
  3. Қазақстан Республикалсының елшілігінде консулдық есепке тұруға;
  4. өз студенттік аккаунтының паролі мен логинін кураторға жіберуге;
  5. оқу басталғаннан кейін 45 күн ішінде оқу орнының эдвайзерімен жасалып бекітілген оқу жоспарын кураторға ұсынуға;
  6. оқу жоспарын орындап, оқуын мерзімінде бітіруге;
  7. Оқытуды ұйымдастыру шартының талаптарына сәйкес оқу үлгерімін қамтамасыз етуге;
  8. семестрді/оқу жылын аяқтаған соң бағаларын (ресми транскрипт) жіберуге;
  9. жазғы демалысқа қайтуға;
  10. төлем карточкасы мен визаның мерзімін тексеріп, қажет болған жағдайда жаңартып отыруға;
  11. куратормен әрдайым байланыста болып әрбір өзгерістер жайлы хабарлауға міндетті.

Оқу аяқталған соң барлық стипендиаттар:

  1. Еңбек өтілін жасау үшін Қазақстан Репсубликасына қайтып оралуға;
  2. Оқуды аяқтау туралы өтініш жазуға;
  3. Кураторға оқудың аяқталғанын растайтын оқу орнынын хаты/нотариалды расталған диплом көшірмесінің аудармасын соңғы бағалары көрсетілген транскрипттің түпнұсқасын тапсыруға;
  4. Шекарадан асқаны жөнінде паспорттағы белгілемелерді ұсынуға;
  5. Әр жарты жыл сайын Түлектермен жұмыс бөліміне еңбек орны жөнінде анықтама ұсынуға міндетті.

Барлық өтініштер нұсқаларын  «Стипендиатқа» бөлімінде таба аласыз.

FaLang translation system by Faboba