10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Кепіл затын ауыстыру рәсімі

Құрметті Стипендиаттар мен Кепіл берушілер!

Кепіл затын ауыстыру үшін келесі қағидалар қарастырылады:

  1. құны,
  2. сапалық және мөлшерлік сипаттамасы,
  3. географиялық орналасқан жері.

Кепіл затын ауыстыру үшін, Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) президентінің атына кепіл затын ауыстыру туралы өтініш жолдау қажет. Өтініш Қоғам кеңсесіне:

  1. жаңа және алдыңғы кепіл заттарының мүлік бағалау есебімен,
  2. жаңа жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Әділет департаменті берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның  техникалық сипаттамалары туралы анықтама (анықтаманы ХҚО-ға тапсырыс беруге және алуға болады);
  3. әрекеттегі Кепіл шартының көшірмесімен бірге жолданады.

Кеңсенің мекенжайы: Астана қ., Сол Жағалау, Орынбор көшесі, 4-үй, «Алтын Орда» бинес орталығы, 5 қабат, 501 кабинет.

Сіздің өтінішіңіз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көрсетілген мерзімдерде қаралады.

Жаңа Кепіл шартын жасау процесі мыналарды қамтиды:

  1. көрсетілген құжаттарды жинау;
  2. Астана қаласына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на келесі мекенжай бойынша шарт жасау үшін келу;
  3. Мүліктің орналасқан жері бойынша ХҚО-да  жылжымайтын мүлік кепілі шартын тіркеу;
  4. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға оқуды ұйымдастыру шартын, қажетті құжаттармен қоса тіркелген жылжымайтын мүлік кепіл шартын ұсыну;
  5. Бұрынғы кепіл затыннан құқықтық шектеуді алып тастау үшін сенімхат пен хат дайындау.

Сіздердің назарларыңыз үшін:

  1. Шарттар тек Астана қаласында жасалады.
  2. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Шарттарды ресімдеу 3–5 жұмыс күнінде жүргізіледі. Құжаттар сағ. 9.30-дан 18.30-ғе дейін қабылданады. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Мекенжай:Астана қ., Сол Жағалау, Орынбор көшесі, 4-үй, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5 қабат, 506 кабинет, тел. 8(7172) 79 04 78.

Жаңа Жылжымайтын мүлік кепілінің шартын жасау үшін келесі құжаттар қажет:

1) жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттардың көшірмелері (оң жауап болған жағдайда, бұл құжаттардың түпнұсқалары уәкілетті тіркеу органдарда Кепіл шартын тіркегеннен кейін ұсынылады);

2) Сауда-саттық шартының түпнұсқасы, жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, мұраға қалдыру туралы куәлік, пайдалануға қабылдау акті, және басқасы (меншік құқығының туындау негізін растау құжаты);

3) Пәтердің немесе үйдің техникалық паспортының (жоспарының) түпнұсқасы (оригинал);

4) Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушының жаңа мүлікке берген бағалау актісінің түпнұсқасы (әрекет ету мерзімі 6 ай);

5) Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушының алдыңғы мүлікке берген бағалау актісінің түпнұсқасы (әрекет ету мерзімі 6 ай);

6) Жер теліміне (тұрғын үй үшін жер телімімен) жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасы;

7) а) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырған болса-жұбайының (-және) (жылжымайтын мүлік иесі болып табылмайтын) жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге нотариалды куәландырылған соттан тыс сатуға  жылжымайтын мүлік иесінен келісім, сонымен қоса неке туралы куәліктің көшірмесі;

б) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырмаған болса,-жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде мүлік иесінің отбасы жағдайын растайтын нотариалды куәландырылған өтініші;

а) және б) тармақтарында көрсетілген құжаттар жылжымайтын мүлікті жұбайлардың бірі сыйға алған немесе мұраға қалдыру тәртібімен алған жағдайда ұсынылмауы мүмкін;

8) Кепіл беруші кәмелет жасқа толмаған бала болса (жекешелендіру шарты бойынша, сыйға тарту шарты бойынша, мұра т.б.)-қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан мүлікке қатысты мәміле жасау  келісімі туралы анықтама, сонымен қоса, кепіл берушінің кәмелетке толмағаны туралы нотариалды куәландырылған көшірмесі;

9) Кепіл шарты  кез келген жағдайда және сенім білдірушінің қарауы бойынша да жасалатындығы көрстетіле отырып, кепіл шартына қол қоятын адамға (ҚР АК-нің 163 — бабының 3 — тармағына сәйкес стипендиат сенім білдірген адам бола алмайды) меншік иесінен (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен) жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасауға нотариалды куәландырылған сенімхат;

10) Соттан тыс сатуға жылжымайтын мүлік иесінен (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен)нотариалды куәландырылған келісім-өтініш;

11) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасасқаннан кейін ХҚО-да (мүліктің орналасқан жері бойынша) тіркейтін адамның жеке куәлігінің көшірмесі;Бұл адамға шарт жасасу кезінде болудың қажеті жоқ.

12) Кепіл берушінің (-лердің) ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттарды жыйнағаннан кейін, кепіл берушіге немесе оның заңды өкіліне «Халықаралық бағдрламалар орталыға» АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету бөліміне келі қажет. Мекенжай:Орынбор көшесі, 4-үй, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5 қабат, 506 кабинет, тел. 8(7172) 79 04 78.

Кепіл шарты екі тарап қол қойғаннан кейін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша  Әділет департаментінде (ХҚО арқылы) тіркеуге жатады. Әділет департаменттеріндетіркелгеннен кейін  жылжымайтын мүлік кепіл шартының 1 данасы Әділет департаментінің тіркеу туралы мөрі басылғаннан кейін мынадай тізбеге сәйкес құжаттармен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қайтарылады:

1) Әділет департаментінің тіркеу туралы мөрі басылғаннан және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлерінің қолы қойылған жылжымайтын мүлік кепіл шартының 1 данасы

2) Сауда-саттық шартының түпнұсқасы, жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, мұраға қалдыру туралы куәлік, пайдалануға қабылдау акті, және басқасы (меншік құқығының туындау негізін растау құжаты);

3) Пәтердің немесе үйдің техникалық паспортының (жоспарының) түпнұсқасы;

4) Бағалау қызметін жүзеге астыруға лицензиясы бар кез келген тәуілсіз бағалаушы берген жылжымайтын мүлікті бағалау актісінің түпнұсқасы;

5) Жер теліміне (тұрғын үй үшін жер телімімен) жеке меншік құқығына актінің түпнұсқасы;

6) а) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырған болса-жұбайының (-және) (жылжымайтын мүлік иесі болып табылмайтын) жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге нотариалды куәландырылған соттан тыс сатуға  жылжымайтын мүлік иесінен келісім өтініш және неке туралы куәліктің көшірмесі;

б) егер жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде меншік иесі некеге отырмаған болса,-жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде мүлік иесінің өтініші;

а) және б) тармақтарында көрсетілген құжаттар жылжымайтын мүлікті жұбайлардың бірі сыйға алған немесе мұраға қалдыру тәртібімен алған жағдайда ұсынылмауы мүмкін;

7) Кепіл беруші кәмелет жасқа толмаған бала болса (жекешелендіру шарты бойынша, сыйға тарту шарты бойынша, мұра т.б.)-қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан мүлікке қатысты мәміле жасау  келісімі туралы анықтама, сонымен қоса, кепілдік берушінің кәмелетке толмағаны туралы нотариалды куәландырылған көшірме;

8) Меншік иесінен жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасауға нотариалды куәландырылған сенімхат (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен);

9) Соттан тыс сатуға жылжымайтын мүлік иесінен (меншік иесі бірнеше болған жағдайда, барлық меншік иелерінен)нотариалды куәландырылған келісім-өтініш;

10) Жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша Әділет департаменті берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның  техникалық сипаттамалары туралы анықтама (анықтаманы ХҚО-ға тапсырыс беруге және алуға болады). Анықтамаға кепіл шартын тіркегеннен кейін қайтадан тапсырыс беру қажет.

11) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан мүлік кепіл шарты бойынша кепіл заты болып табылатын жылжымайтын мүліктен ХҚО-да (мүліктің орналасқан жері бойынша) құқықтық шектеуді алып тастайтын адамның жеке куәлігінің көшірмесі;Бұл адамға шарт жасасу кезінде болудың қажеті жоқ.

12) Бұған дейінгі жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын алуға сенімхат (құжаттар Қоғам мұрағатында сақталған жағдайда)

Назар аударуыңызды сұраймыз:

  • Әділет департаментінде жаңа жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркегесін құжаттар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на тапсырылады, ал «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қабылдау туралы қолхат берет.
  • жоғарыда айтылған әрекеттер жасалғаннан кейін, бұрынғы кепіл затынан құқықтық шектеуді алып тастайтау үшін сенімхат пен хат жасалады.
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да сенімхат пен хатқа қол қою мерзімі 3 жұмыс күнін алады.
e-max.it: your social media marketing partner
FaLang translation system by Faboba