«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

1

Банктік картаны ресімдеу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары (Германияға оқуға шығатындардан басқа) «Банк Астана» АҚ (Қазақстан Республикасы шегіндегі кез келген филиал) өтініш жасауы тиіс. Өзімен бірге мына құжаттар болуы керек:

  • Жеке куәлік
  • Оқуды ұйымдастыру туралы шарт

«Болашақ» халықаралық стипендиясының тарифы бойынша карта ресімдеу. Карта 3–5 күнде ресімделеді, сондықтан картаны ресімдеу туралы оқуға шыққанға дейін алдын-ала қамдану керек.

Төлем картасын алу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің карт-шоты бойынша мәліметтер бланкін толтыру қажет. Толтырылған бланк пен IBAN көрсетілген карт-шот бойынша жазбаны оқуды қаржыландыру бөлімінің қызметкеріне өзі әкеліп тапсыруы немесе электрондық почтамен жіберуі керек сілтеме.

Банктік карта мерзімі аяқталса не істеу керек?

Банк картаны автоматты түрде қайта шығарады және сіз осы картаны ресімдеген банктің бөлімшесіне жеткізеді. Қажет болған жағдайда банкпен байланысып, қайта шығарылған картаны ҚР аумағы бойынша сізге ыңғайлы банкке жіберулерін сұрауға болады. Картаны банктен оқу еліне жіберу стипендиат есебінен жүзеге асырылады.

Карта жоғалса не істеу керек?

Карта жоғарған жағдайда бар картаны қайта шығару/жаңа карта шығару үшін банкке өтініш жасау қажет. Сонымен қатар қаржыландыру бөлімінің қызметкеріне жоғалған картаға төлемді тоқтату үшін жоғалғаны туралы хабарлау керек. Қолданыста банктік карта болмаған уақытта «болашақ» халықаралық стипендиясына байланысты төлемдерді басқа стипендиаттың картасынан алуға болады. Бұл үшін стипендиат пен карта иегері үшінші адамның карт-шоты бойынша мәліметтер бланкін толтыруы және оқуды қаржыландыру бөлімінің қызметкеріне өзі әкеліп беруі немесе электрондық почта арқылы ұсынуы тиіс сілтеме.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design