«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ:

8 (7172) 76 90 98
1

Құрметті Стипендиат!

 

«Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы алу үшін өтінішпен:

1. Орталықтың кеңсесіне (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген) жүгіну қажет не болмаса осы іс-әрекеттерді нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша басқа тұлғаның жасауына уәкілеттік беру.

Өтініштің қалыбы келесі сілтемеде берілген:

http://bolashak.gov.kz/images/Vypuskniku/Zayavlenie_spravka_stipendiata.pdf

2. Мемлекеттік корпорация арқылы.

Толық ақпаратты алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз:

http://con.gov.kz/gosudarstvennye-uslugi/list.php?SECTION_ID=47.

3. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы.

Толық ақпаратты алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз:

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/education/edu_postgraduate/passport/pass197_mon&lang=ru.

 

Назар аударуыңызды сұраймыз!

 

Е-mail/факс арқылы сканерленген немесе поштамен жіберілген мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты өтініш қарастырылмайды.

Сіздің ыңғайыңыз үшін шетелге кетер алдында Өзіңіздің туыстарыңызға/таныстарыңызға сенімхат ресімдеуді сұраймыз, бұл олардың Сіздің атыңыздан аталмыш мемлекеттік қызметтерді алуға арналған өтінішке қол қоюына мүмкіндік береді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның қызметкерлеріне сайтта көрсетілген байланыс бойынша жүгінулеріңізге болады.

 

Орталық кеңсесінің мекен-жайы: индексі 010000, ҚР, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-ғимарат, «Алтын орда» БО, 5-қабат, 501-кабинет.

Жұмыс уақыты сағат: 8.30 – 17.30, түскі үзіліс: 12.30 – 13.30

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна. Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design