«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Құрметті түлектер!


Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторингтілеу басқармасы жұмысқа орналасуға көмектеседі. Жұмысқа орналасуға көмектесу туралы өтінішті толтырып, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне баруыңызға болады. Сонымен қатар, Сіз «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығыңызға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асырғыңыз келетін ұйымдарды көрсете аласыз. Өз кезегінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Сіздің кандидатураңызды әлеуетті жұмыс беруші қарауы үшін, тиісті ұйымдарға Сіздің түйіндемеңіз бар қолдау-хатты жолдайды. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы ресми өтініштерден басқа, Facebook және Instagram әлеуметтік желісіндегі Bolashak Talent Management парақшасынан ағымдағы бос жұмыс орындарын қарай аласыз.


Жұмысқа орналасуға арналған пайдалы ақпарат

ЖҰМЫС ІЗДЕУГЕ АРНАЛҒАН 10 ҮЗДІК КЕҢЕС

Жұмыс іздеу – бұл, қызықты әрі уақытты қажет ететін мазасыз кезең. Уақытыңызды босқа ысырап етіп, болмашы қателіктерге бой алдырмаңыз, ісіңізді қиындатпаңыз. Мұның орнына біз берген кеңестерді қолданыңыз, сонда жақын арада сіздің еңбек кітапшаңызда жаңа жазба пайда болады!

1. Қазіргі таңда интернет арқылы ғана жұмыс табуға болады әрі ол оңай деп ойламаңыз. Керісінше, сіздің жұмыс берушімен сырттай сөйлесуіңіз оған жақсы әсер қалдыру мүмкіндігіңізді шектейді. Сондықтан, онлайн-ортадан тыс жерлерден жұмыс іздеуден бас тартпаңыз.

2. Жұмыс іздеуде енжарлық танытпаңыз. Түйіндемені барлық сайттарға орналастырған соң, телефоныңызға дамылсыз қоңыраулар келеді деген қате пікірден аулақ болыңыз. Белсенді түрде ізденісте болыңыз: бос орындар туралы сипаттамаларды қарап, оны жазған авторға қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз, өз кандидатураңызды ұсыныңыз. HireBee және HeadHunter – жұмыс іздеу үшін ең танымал сайттар.

3. Әлеуметтік желілерді пайдалы құрал ретінде пайдаланыңыз: өзіңіз туралы, дағдыларыңыз бен қалаған лауазымыңыз туралы қысқаша ақпаратты орналастырыңыз. Достарыңыздың репосты сіздің болашақ жұмыс берушіңіздің назарына түсуі мүмкін. Сондай-ақ, компания қызметкерлерінің посттарынан өзіңізге қажет бос жұмыс орындарын іздеңіз.

4.«Networking» ұғымы – бұл, бізге батыстан келген, көптеген әлеуметтік байланыстарды құруға, жұмыс іздеу үшін өзара тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, өз мансабыңызды құру үшін таныстықты кеңейту мен ақпаратты біліп отыруда салаңыз бен аралас салалардағы адамдармен танысу керектігін білдіреді.

Алайда, бұл тек біржақты ғана жұмыс жасайды деп ойламаңыз. Алып қана қоймай, бере де біліңіз: білім, көмек, байланыстар. Әйтпесе, сіз беймаза адам болып көрінуіңіз мүмкін.

5Адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Бұрындары бірге уақыт өткізген адамдарыңызға жиі қоңырау шалып, жазып тұрыңыз. Олар сіздің бұрынғы сыныптастарыңыз, топтастарыңыз, әріптестеріңіз, таныстарыңыз болуы мүмкін. Кім біледі, бәлкім, солардың біреу сізді жұмысқа алып қалар немесе басқа жұмыс берушімен таныстырар.

6. Кейде үміткерлер жалақысы ұнаған барлық бос орындарға ойланбастан жауап береді. Түйіндеме жібермес бұрын, сізге бұл лауазым, жұмыс кестесі, талаптары, компанияның миссиясы мен басқа да жұмыс жағдайлары сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Егер бұл «сізге лайықты емес» болса, онда сіз кем дегенде сұхбаттасуға уақыт жұмсайсыз, одан қала берді жаңа жұмыс орныңызда жүріп, дұрыс шешім қабылдамағаныңыз туралы өкініп, бірнеше апта мен айларыңызды жоғалтып аласыз.

7. Маман ретінде қай бағытта дамуды қалайтыныңызды ойланыңыз. Сіздің жаңа жұмыс орныңыз кәсіпқой ретінде өсуіңізге лайықты орын болуы тиіс. Бұл сіз үшін де, сіздің жұмыс берушіңіз үшін де пайдалы болады. Жаңа қызмет орныңыз одан да жақсы ұсыныстарды күтуге арналған уақытша «отыратын жер» болмауы тиіс. Уақытыңызды әр жерде уақытша жұмыс істеуге жібергеннен гөрі, өзіңізге ұнайтын жұмыс орнын іздеуге бөлгеніңіз дұрыс.

8. Жұмыс іздеген кезде, демалыс күні де, жылдың жаз немесе қыс мезгілі болса да, іздеуді тоқтатпаңыз. Бәлкім, бұл кезеңде еңбек нарығында тыныш болып көрінуі мүмкін, бірақ көптеген жұмыс берушілер демалыссыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, сіздің түйіндемеңізді олар дәл 2 қаңтарда көруі де мүмкін.

9. Әлеуметтік желілердегі парақшаңызға қандай ақпарат орналастырғаныңызға мән беріңіз. Егер сізде күмәнді әзілдер, жалқаулыққа қатысты қалжыңдар мен онлайн ойындардағы жетістіктеріңіз жарияланған болса, онда бұл сіздің әлеуетті жұмыс берушіңізге ұнай қоймасы анық. Сеніңіз, олар оны міндетті түрде көреді! Сіздің аты-жөніңізді іздеу жолына терсе болды, әлеуметтік желілердегі барлық парақшаларыңыз туралы ақпарат шығады.

10.Түйіндеме жібердіңіз, бірақ әлі жауап келмеді ме? Бір аптадан кейін қоңырау соғып немесе қайта жазып көріңіз. Сіздің атыңыздан хабарлама алғаны не алмағаны туралы және неліктен жауап келмегені жайлы ақырын сұрап көріңіз. Бәлкім, сіздің хатыңыз поштаның көп хаттарының астында қалып қойған шығар. Олай болса, тағы да жіберетініңіз жайлы ұсыныс тастаңыз. Егер де сіздің кандидатураңызды қарап, бірақ қабыл етпеген болса, себебін сұраңыз. Өзіңізге қатысты сын естіген болсаңыз, ренжімеңіз. Сіздің түйіндемеңіз өзіңізге керемет болып көрінуі мүмкін, бірақ сырт көз кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді көретінін ұмытпаңыз. Кері байланыс үшін алғыс білдіріп, алған ақпарат бойынша құжатыңызды қайта ретке келтіріңіз. Мұндай әдіс сұхбаттасу барысында да тиімді. Бірақ адамдарға 2–3 рет қайталап қоңырау шалып, мазасын алмауға тырысыңыз. Бір рет қоңырау шалған жеткілікті.

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design