10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет туралы

Құметті түлектер!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) назарларыңызға келесіні ұсынады.

«Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртебесі туралы анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтінішке жатады.

Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін стандарттарда және регламенттерде белгіленеді.

Бұған қоса, «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті Министрліктің «халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.

Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) қызмет көрсетуші;
2) «азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ;
3) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бұған қоса Қоғам «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртебесі туралы анықтама алуға ұсынылған өтініш қызмет алушының өзі не қызмет алушы өзі келе алмаған жағдайда қызмет берушіге нотариалды куәландырылған сенімхаты бар оның өкілі, не ХҚКО-ға жүгінген жағдайда ғана қарауға жататындығын хабарлайды.

FaLang translation system by Faboba