10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Қосымша келісім жасау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Стипендиаттың төменде көрсетілген құжаттарды ұсынуы.
2. Заң департаментінің оқуды/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру туралы шартқа қосымша келісім жобасын құру және оны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да (бұдан әрі – «ХБО» АҚ) келісу.
3. Қосымша келісімге «ХБО» АҚ басшысының (басшының міндетін атқарушының), Түлектің, Жұмыс берушінің (үш жақты шарт жасау кезінде) қол қоюы. Жұмыс беруші үш жақты қосымша келісімге қол қоюы қажет болған жағдайда, Стипендиатқа осындай қосымша келісімнің үш данасы беріледі. Жұмыс берушімен келісімге қол қойылғаннан кейін, Түлек «ХБО» АҚ-ға қосымша келісімнің қол қойылған бір данасын береді.
 
Назар салыңыз! Жұмыс беруші атынан қосымша келісімге уәкілетті адам ғана қол қоюы керек. Түлек «ХБО» АҚ-ға қосымша келісімге қол қоюшы адамның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуға міндетті (мысалы, басшыны тағайындау туралы/міндеттеме жүктеу туралы бұйрық).

Қосымша келісім жасау үшін мына құжаттар қажет::

Назар салыңыз! 

1. «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен қосымша келісім (дер) жасау туралы өтініш.

2. «ХБО» АҚ және Түлектер, Кепілгер (лер)/Гарант (тар) арасында жасалған шарт (тар) көшірмесі (нотариалды куәландырылмаған).

3. Түлек, Кепіл беруші(лер), Кепілгер (лер)/Гарант (тар) және/немесе сенімхат бойынша өкіл жеке куәлігінің көшірмелері (нотариалды куәландырылмаған).

4. Еңбек кітапшасының көшірмесі

5. Зейнетақы қорынан жазба

6. Түлектің/Кепіл берушінің тегі өзгерген жағдайда – Түлектің және кепіл берушінің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ тегін өзгерту жүргізуге негіз болған құжаттар (мысалы: неке қию туралы куәлік).

7. Егер Стипендиат қосымша келісімге қол қою кезінде жеке өзі бола алмаса, қосымша келісім жасауға сенімхат қажет

8. Егер Стипендиаттың міндеттемені орындауы ретінде Кепілгерлік шарты/Кепілдік шарты жасалса, Кепілгер, Кепілгерден оқу шарты талаптарын өзгертуге келісім өтініш қажет. Егер Кепілгер осындай келісім өтінішке қол қою кезінде өзі бола алмаса, Кепілгердің қолын нотариуста куәландыру және «ХБО» АҚ-ға ұсыну қажет.

9. Егер Стипендиат Қазақстаннан тыс жерде болса, сенімхатты оқу елінде ресімдеу мүмкіндігі бар немесе «ХБО» АҚ-ның шетелдегі өкіліне өтініш жасай алады (веб-сайттың Байланыстар-Шетелдегі өкілдіктердің байланыстары бөлімін қараңыз). 

Ең алдымен қосымша келісім жобасы жасалатын Заң департаментіне келу қажет болатындығын ескертеміз. Жоба дайын болғаннан кейін ғана «ХБО» АҚ-ның шетелдегі өкіліне Түлек қол қою үшін жіберіледі. Қол қойылғаннан кейін осы келісімді «ХБО» АҚ өкілі Қазақстанға «ХБО» АҚ президенті келісімге қол қоюы үшін жібереді. Осыдан кейін қосымша келісім Түлектің Қазақстандағы тұратын мекенжайына жіберіледі (қосымша келісімнің сканерленген нұсқасы Түлектің электронды мекенжайына жіберілуі мүмкін).

1) Стипендиат өзі жүрген елдегі нотариусқа барып, сенімхат ресімдей (міндетті түрде апостиль ұсына отырып), ҚР-ға түпнұсқаны жібере алады, осы сенімхатты ҚР-да алғаннан кейін осы сенімхатты аударып, аудармасын нотариалды куәландыру қажет болады.

2) Стипендиат өзі жүрген елдегі ҚР Консулдігіне сенімхат ресімдеу үшін өтініш жасай алады.

10. Қажет болған жағдайда басқа да құжаттар сұратылуы мүмкін.

Қосымша келісімге қол қою кезінде ұсынылған сенімхаттар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсырылады.

Мыналарға назар салуларыңызды сұраймыз:

- Қосымша келісім тек Астана қаласында ғана жасалады.

- «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қосымша келісім (дер) ресімдеу күнтізбелік 15 күнді алады.Құжаттар сағат 9.30-дан бастап 18.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік Ел д., 8-үй, 5-қабар, 506-кабинет мекенжайы,тел:8 (7172) 24-93-75,8 (7172) 76-90-80,8 (7172) 24-93-79.

FaLang translation system by Faboba