10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Құрметті түлек!

Егер де Сіздің еңбек өтіліміңіз аяқталса (есептеу кестесіне сәйкес), төменде берілген жадынама Орталықта кепілдікте тұрған жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін қажетті қадамдық әрекеттерден тұрады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 143 қаулысымен (2018 жылғы 30 наурызда жарияланды және қолданысқа енді) Қағидаларға енгізілген маңызды жаңалықтар түлектердің еңбек өтілімін жүзеге асыруына қатысты нормалар болып табылады:

Демек, академиялық оқу аяқталғаннан соң Түлек «Болашақ» стипендиясы аясында алған мамандығы бойынша:

5 жыл – республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы);

3 жыл – облыс орталықтары болып табылатын қалаларда (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент);

2 жыл — облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың өзге де аудандарында білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын бастауыш, орта, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейдегі білім беру ұйымдарында еңбек қызметін қоса атқармай үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы тиіс.

Енгізілген нормалар «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43 бабы 2 тармақшасына сәйкес (азаматтарға жүктелген міндеттерді жояды, немесе олардың жағдайын жақсартады) еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан түлектерге де таралады.

Еңбек өтілімінің мерзімін есептеу бойынша

жадынама

Еңбек өтілімінің есептелуі бір күнтізбелік жылда 365 күнді есепке алғанда, сәйкесінше 5 жыл – 1825 күн, 3 жыл – 1095 күн, 2 жыл – 730 күнді құрайтын нақты жұмыспен өтелген күнтізбелік күндерге сәйкес Орталықтың Түлектермен жұмыс жүргізу департаментінің жұмыскерлерімен жүргізіледі.

Егер де Түлек өтілім мерзімі 5 жылды құрайтын Астана, Алматы қалаларында еңбек өтілімін жүзеге асырса, кейін өтілім мерзімі 3 жылды құрайтын ҚР облыс орталықтары болып табылатын қалаларда немесе өтілім мерзімі 2 жылды құрайтын облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың өзге де аудандарында білім беруұйымдарында еңбегін өтесе және керісінше, онда өтілім күндері Астана, Алматы қалаларында жұмыспен өтелген күндер саны (бұдан әрі — А%), облыс орталықтарында жұмыспен өтелген күндер санының (бұдан әрі — В%) және облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың өзге де аудандарында білім беруұйымдарында жұмыспен өтелген күндер саны (бұдан әрі — С%) пайыздық ара салмағын қосу арқылы келесідей есептеледі:

А% + В% + С% = 100% (еңбек өтілімінің жалпы мерзімі).

1)    А%-ды есептеу үшін:

А% = Х *(көбейту) 100% /(бөлу) 1825 күн (онда А% – жұмыспен өтелген күндер санына пайыздық ара салмағы, Х – жұмыспен өтелген күндер саны) қажет.

Мысалы, Астана қаласында еңбек өтілімін жүзеге асырған кезде 1825 күннен (5 жыл) Сіз 730 күнді (2 жыл) өтедіңіз, сонда пайыздық ара салмақты келесідей есептейміз:

А% = 730×100% / 1825 = 40%. Демек, Сізге қалған 60%-ды төмендегі есеппен облыс орталықтарында немесе облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың өзге де аудандарында білім беруұйымдарында өтеу керек.

2)    В%-ды есептеу үшін:

В% = Х *(көбейту) 100% /(бөлу) 1095 күн (онда В% – жұмыспен өтелген күндер санына пайыздық ара салмағы, Х – жұмыспен өтелген күндер саны) қажет.

Мысалы, облыс орталығы — Атырау қаласында еңбек өтілімін жүзеге асырған кезде 1095 күннен (3 жыл) Сіз 365 күнді (1 жыл) өтедіңіз, сонда пайыздық ара салмақты келесідей есептейміз:

В% = 365×100% / 1095 = 33,33%.

3)    С%-ды есептеу үшін:

С% = Х *(көбейту) 100% /(бөлу) 730 күн (онда С% – жұмыспен өтелген күндер санына пайыздық ара салмағы, Х – жұмыспен өтелген күндер саны) қажет.

Мысалы, облыстық маңызы бар қалада — Қостанай облысы Рудный қаласындағы білім беру ұйымында еңбек өтілімін жүзеге асырған кезде 730 күннен (2 жыл) Сіз 365 күнді (1 жыл) өтедіңіз, сонда пайыздық ара салмақты келесідей есептейміз:

С% = 365×100% / 730 = 50%.

Содан соң өзіңіздің Астана қаласында жұмыспен өтелген 40%-ыңызға Атырау қаласында жұмыспен өтелген 33,33%-ыңызды және Қостанай облысы Рудный қаласында жұмыспен өтелген 50%-ыңызды қосқанда 123,33% болады. Бұл Сіздің шарттық міндеттемелерді толығымен орындап шыққаныңыз және де жүзеге асырылған еңбек қызметіңіздің мерзімі жылжымайтын мүліктен ауыртапалықты алу үшін жеткілікті дегені.

Өтілім мерзімі Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1 бабы 1 тармағы 59) тармақшасына сәйкес Түлек негізгі жалақы ала отырып, негізгі еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымының орналасқан жері (жұмыс орнында болған) бойынша есептеледі. Қашықтықтан жұмыс істеу негізгі еңбек қызметі болып саналмайды.

Егер Түлек қатарлас бірнеше ұйымдарда жұмыс істесе, онда бір айда бірнеше ұйымдардан түскен есептеулер бір айлық зейнетақы жарнасымен бір жұмыспен өтелген ай ретінде есептелетіні туралы қосымша мәлімдейміз.                                          

Түлектің жүктілікке және бала тууға байланысты демалыста, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған кезеңі еңбек өтілімін жүзеге асыру мерзіміне қосылады. Бұл ретте Түлек жүктілікке және бала тууға байланысты демалыс беру, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді немесе бұйрықтардың көшірмелерін, сондай-ақ баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесін міндетті түрде ұсынуы тиіс.                                                                               

Қосымша сұрақтарыңыз пайда болған жағдайда Түлектермен жұмыс жүргізу департаментіндегі тәлімгеріңізге жүгініп, байланысуыңызға болады.

Жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-қа мына мекенжай бойынша: Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғ., 8 үй, 5 қабат, 501 кеңсе келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

1. Орталық президентінің атына өтініш (нысан «Өтініштер нысаны» бөлімінде қоса берілген);

2. «Болашақ» бағдарламасы аясында алынған дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3. Еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4.  Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеген кезеңі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан (ХҚКО) үзінді көшірме;

5.  Әділет органдарымен берілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

6.  Кепілге қойылған мүлік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі;

7.  Кепілге қойылған жылжымайтын мүлік иесінен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-тан құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың түпнұсқаларын алу үшін сенімхат (құжаттардың түпнұсқалары Орталық мұрағатында сақталуда болған және мүлік иесі құжаттарды өзі ала алмаған жағдайда).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ауыртпалықты алуға берілген өтініштің қаралу мерзімі – 15 күнтізбелік күн.

Ескертпе: Кепілге қойылған мүліктен ауыртпалықты алуға берілген өтініштер «Болашақ» бағдарламасы түлегінің жеке қатысуымен немесе осы әрекеттерді жасауға уәкілетті басқа тұлғаға берілген нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша қабылданады (Мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес).

FaLang translation system by Faboba