10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ОҚУДЫ АЯҚТАУ

Құрметті Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері!

Сіз оқуыңызды аяқтадыңыз.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында жасалған Оқуды ұйымдастыру шартына сәйкес Сіз:

1. Оқуыңызды аяқтағаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде алған мамандығыңыз бойынша кемінде үш/бес жыл (тағылымдамадан өту/академиялық оқу) үздіксіз Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін қайтып оралуға;

2. Өзіңіздің академиялық кураторыңызға: 1) оқуыңызды аяқтағаныңыз туралы өтінішті (нысан «құжаттардың үлгілері» бөлімінде қосымша берілген) 2) Нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған диплом + транскрипт тапсыруға. Егер Сізде құжаттар тапсыру сәтінде диплом болмаса, Сізге ЖОО-дан дипломды табыс ету және дәрежені берудің жоспарланған күні көрсетілетін ресми растаманы тапсыру қажет (Сіз кураторға барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін Сіздің ісіңіз Түлектермен жұмыс бөліміне тапсырылады).

3. Оқу орнының оқу жоспарында көзделген оқу мерзімдері аяқталғаннан кейін әрбір алты ай сайын Орталыққа жұмыс істеу бойынша міндеттемелерді орындағанын растау үшін жұмысқа орналастыру туралы өзекті мәелелерді, сондай-ақ байланыс ақпаратты (тұратын жерінің мекенжайы, телефон нөмірлері, электронды мекенжайы).

Жұмыс істеу

3/5 жылдық жұмыс істеу (тағылымдамадан өту/академиялық оқу) Сіздің жұмысқа орналасқан уақытыңыздан бастап есептеледі. Есеп жұмыс орнынан анықтама, еңбек шартының немесе Сіздің атқарып отырған лауазымыңызды растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін еңбек қызметінің басталу күні түрінде ұсынылады. Анықтамалар тиісті белгілері (анықтаманы тіркеу күні, тіркеу нөмірі, уәкілетті адамның қолы мен мөр) болған жағдайда қабылданады. Жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы еңбек қызметін бастаған сәттен бастап әрбір 6 (алты) ай сайын Қоғамға өзі әкеліп тапсыру не почта арқылы ұсынылады.

Анықтаманың сканерден өткізілген нұсқасын оқу еліне сәйкес мына электрондық мекенжайларға жібере аласыздар:

Ресей Федерациясының, Азия және Океания елдерінің тәлімгері

Калисаева Светлана Нурдуллаевна

+7(7172) 249-392

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Солтүстік Америкаелдерінің тәлімгері

Туребаева Камшат Шарипказыевна

+7(7172) 249-390

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Солтүстік Америкаелдерінің тәлімгері

Абилдаева Аселя Сызганбековна

+7(7172) 249-391

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құрылықтық Еуропа елдерінің тәлімгері

Мукушева Айдана Турсунгалиевна

+7(7172) 249-391

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ұлыбритания тәлімгері

Саменкулова Айнур Мухамеджановна

+7(7172) 249-390

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ұлыбритания тәлімгері

Елтаева Алия Каримжан кизи

+7(7172) 249-390

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ұлыбритания тәлімгері

Омарова Айнаш Рустемовна

+7(7172) 249-395

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

3/5 жыл өткеннен кейін жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алып тастау үшін, тек анықтаманың түпнұсқасы ғана есепке алынатын болады.

Нострификация

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес (2011 жылғы 24 қазандағы жай-күй бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) Қазақстан Республикасының азаматтары – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне шетелдің жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханаларыберген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификация рәсімдерінен өтусіз танылады.

FaLang translation system by Faboba