АО «ЦЕНТР МЕЖДУНАРОДНЫХ ПРОГРАММ»

«Болашақ» әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін теңдесі жоқ бағдарлама

Мерей Мукажан

Мерей Мұқажан «Болашақ» бағдарламасының түлегі (2009 ж.). University College London университетінде Мемлекеттік саясат мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі қызметінде.

«2008–2009 жылдар «Болашақ» бағдарламасының жаппай халыққа ашылған кезеңі болатын. Лондонның үздік оқу орындарының бірінде білім алуға мүмкіндік алдым.

Мемлекеттің маған құйған қаражаты мен үмітін ақтау үшін оқуымды жақсы оқып, магистрлік жұмысымды еліме пайдалы тақырыптардың біріне арнауға тырыстым. Сол себепті, ғылыми жұмысымды «Табиғи ресурстары мол елдерде сыбайлас жемқорлық: Ресей мен Норвегияның салыстырмалы сараптамасы» тақырыбына арнадым. Өйткені, ел болашағының жарқын болуына негізгі тосқауылдардың бірі еліміздегі сыбайлас жемқорлық екенін түсіндім.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша өз міндетімді 2014 жылы елде 5 жыл бойы еңбек етіп өтегеніме қарамастан, «Болашақ» алдындағы борышымды тек биыл өтедім деп ойлаймын. Өйткені, 2019 жылы біраз уақыт Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымында (басқарма басшысы, директордың міндетін атқарушы) қызмет атқарып, жұмыс барысында ғылыми жұмысымды қолдануға Агенттіктің төрағасының қолына ұстатқанда көңілім орнына қонды. Агенттікте істеген 7 айда өз оқыған-тоқығаныммен бөлісе алғанымды сенімді түрде айта аламын!

Қорыта келгенде айтарым, «Болашақ» теңдесі жоқ бағдарлама және еліміздің азаматтарына әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға тамаша мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалануларыңызға кеңес беремін және бұл мүмкіндікті маған сыйлағаны үшін ел басшылығына алғысым шексіз».

«Bolashaq» журналының материалдары бойынша дайындалды: https://ru.calameo.com/read/006104428d72119cb7d64

e-max.it: your social media marketing partner

Добавить комментарий

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design