АО «ЦЕНТР МЕЖДУНАРОДНЫХ ПРОГРАММ»

Атырауда «Болашақ» форумы өтті

атырау форум 2

2020 жылғы 4 наурызда Атырауда «Болашақ» бағдарламасы мен С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті бірлесіп, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің форумын өткізді.

Еліміздің батысындағы үш өңір – Атырау, Маңғыстау және Батыс облыстарындағы «Болашақ» бағдарламасының үлесіне арналған жиын «Аймақтардағы маман даярлау мәселелері» тақырыбына арналды.

Форум жұмысына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А.Кәрібозова, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, аймақтағы бірқатар компаниялар – «Ембімұнайгаз» АҚ, Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС, «Каспий мұнай» АҚ, NCOC, «Гео Энерджи Групп» ЖШС, «Анако» ЖШС сияқты 30 жуық кәсіпорын өкілдері мен ЖОО студенттері қатысты.

С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы – ректор Гүлзада Шакуликова форумның негізгі мақсаты еліміздің батыс өңіріне қажетті мамандарды «Болашақ» бағдарламасы арқылы даярлау екенін жеткізді.

Өз сөзінде «Халықаралық бағдарламалар орталығының»АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова жиналғандарға «Болашақ» бағдарламасы туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол президенттік стипендияның 26 жыл ішіндегі түрлі даму кезеңдеріне тоқтала отырып, әлемдік бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру жолында Халықаралық білім беру орталығы қолға алған кешенді шаралармен таныстырды. «Жалпы алғанда жыл өткен сайын «Болашақ» талаптары күшейтіліп, мемлекеттік саясат пен ұлттық экономика сұраныстарын қанағаттандыру бағытында жұмыс жүргізуде»,— деп атап өтті ол. Алда Болашақтың жаңа Ережесі бекітіліп, бағдарламаны заман талабына сай модернизациялау ісі жалғасын таппақ.

Орталық президенті Қазақстанның Батыс өңіріндегі «Болашақ» бағдарламасы түлектері мен стипендиаттарының үлесіне тоқталды. Бұл аймақтан барлығы 691 «Болашақ» бағдарламасының түлегі шықса, қазіргі стипендиаттар саны 63-ке тең. Соның 19-ы Атырау облысына тиесілі. Ал түлектер саны 296-ны құрайды. Олар негізінен аймақтың түрлі мұнай-газ компанияларында қызмет етуде. Түлектердің жұмысқа орналасу үлесі бойынша алғашқы орындарды «FIRCROFT», «Тengizchevroil», «Bolashak group» сияқты компаниялар құрап отыр.

Аймақта «Болашақ» бойынша мамандықтарды нақты облыстар қажеттілігіне қарай айқындау маңызды. Бұл ретте А.Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасы туралы толық мәлімет алу үшін С.Өтебаев атындағы АтМГУ базасында арнайы кеңес беру орталығының ашылғандығын хабарлады. Оқу орны орталықпен бірлесіп өңірге қажетті мамандарды даярлау ісіне және «Болашақ» бағдарламасына үміткерлердің ағылшын тілін жетілдіру жолында ауқымды жұмыстарды қолға алғандығын жеткізді. Мәселен, ағылшын тілін үйрету курстарын жүргізуге Атырау өңірінде жұмыс істеп жатқан «Болашақ» бағдарламасының түлектерін тару көзделіп отыр.

Форум барысында сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Е. Абылханов, KAZSERVICE одағының бас директоры Н.Жұмағұлов және форум модераторы Қ.Әуесбай «Болашақ» бағдарламасының түлегі ретінде өз ойларын ортаға салды. Түлкетердің айтуынша, «Болашақ» ел жастары үшін әлемнің озық оқу орындарында білім алып, мемлекет игілігіне жұмсауға зор мүмкіндік ұсына білді. Сондықтан еңбекті тек табысты жалғастыра білу міндеті тұр.

Жиын соңында қатысушылардың сауалдарына жауап берілді. Олар «Болашақ» бағдарламасына қатысты өздерін толғандырған түрлі сұрақтар бойынша жан-жақты мағлұмат алды. Сондай-ақ форум аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – халықаралық бағдарлама шеңберінде шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын барлық басқа да салаларда тараптардың ынтымақтастығын дамыту.

e-max.it: your social media marketing partner

Добавить комментарий

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design