Жарияланған күні:

АЛМАТЫДАН КРЕМНИЙ АЛҚАБЫНА ДЕЙІН: «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ АРМАН СУЛЕЙМЕНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ IT-ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ БОЛДЫ

Арман Сулейменов, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының көрнекті түлегі. 2010 жылы Пурдью университетін (Purdue University) "Computer Science" мамандығы бойынша «бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқуды бітірді.

«Болашақ» түлегі құрған компания Кремний алқабында сұранысқа ие технологияларды оқыту қызметтерін ұсынады.

фото 1.jpg

"Zero To One Labs және nFactorial Incubator" Арманның туындысы, ол студияның бас директоры және негізін қалаушы. 8 жыл бұрын құрылған компания 110-нан астам мобильді қосымшаларды іске қосып, 200-ден астам инженерлер мен дизайнерлерді оқытты.

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған алғашқы өнім – Kelin атты мобильді қосымша. Ол қыздарға арналған чат деп санауға болады (Forbes Kazakhstan бұл туралы 2016 жылдың қыркүйегінде мобильді қосымшалар рейтингі аясында жазды). Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп Zero To One Labs айыппұлдар бойынша әкімшілік хаттамаларды жасау уақытын қысқартатын қосымша әзірледі. Бұрын толтыруға 15-30 минут кететін хаттама қазір екі-үш минутта дайын болады. Арман мен оның командасы жасаған бірнеше қызықты қосымшаларды атап өтсек: Kanji Ninja – жапондық иероглифтарын зерттеуге арналған қосымша, Imbra – жұлдыздардың видео- құттықтауы және Persimmon – ынталандырушы қосымша. (Forbes Kazakhstan).

Басты мақсаты – таяудағы 5 жылда әлемдік деңгейдегі 10,000 IT-мамандарды даярлау арқылы Қазақстанның экономикалық өсуінің қозғаушы күшіне айналдыру.

Сондай-ақ, Арман Mountain View, Калифорниядағы Collections негізін қалаушылар тобында (YCS12). Ол 2009 және 2011 жыдардағы Стокгольм, Швециядағы ACM ICPC және 2011 Орландо, АҚШ-тағы бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалисті.

Сонымен қатар, Арман YouTube бейне хостингіндегі nFactorial Podcast подкастының жүргізушісі. Қонақтар өмірдің әртүрлі салаларындағы ең маңызды сабақтармен бөліседі. Бүгінгі таңда арнаның 102 мыңнан астам жазылушысы бар.

фото 2.jpg