10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

25let

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Последние новости

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қос диплом бағдарламаларын дамыту туралы шеберлік сабағын ұйымдастырды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірлесе ҚР Германия Елшілігі және ҚР Франция Елшілігінің қолдауымен қос диплом бағдарламаларын даярлау және енгізу бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері үшін шеберлік сабағын өткізді.

16 March 2017

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зүлфия Төребекова өзінің сөзінде атап өткендей, Қазақстан білім саласындағы диалог үшін ашық, сонымен қатар ғылыми ізденістер және ағарту саласында халықаралық ынтымақтастық масштабтарын кеңейтуге белсенді талпынады. Республиканың тәуелсіздік жылдары бойы білім саласында 40-тан астам елдермен ынтымақтастық орнатылған. 150-ге жуық халықаралық шарттарға қол қойылған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының Атқарушы директоры кеңесшісінің айтуынша: «Бүгінгі шеберлік сабағының тақырыбы «Қос диплом бағдарламасы – екіжақты ынтымақтастық болашағы» өте өзекті. Елбасы Жолдауының негізгі басымдылығының бірі адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.

Бүгін табысты мансап құру үшін жоғары дәрежелі білім алу қажет. Егер біздің жастарда шетелде білім алу тәжірибесі және қос дипломы болса, бұл міндетті түрде олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бүгін Қазақстанның білім беру саласы ЕО және ЭЫДҰ елдерінің берілген салада алдыңғы қатарлы тәжірибесін ендіруге мақсатталған. Сонымен қатар, Болон декларациясының ережелерін енгізу шегінде Қазақстанда кадрларды даярлаудың үшдеңгейлік моделі, білім берудің кредиттік технологиясы ендіріліп, ECTS (кредиттерді жинақтау және аударудың еуропалық жүйесі) типі бойынша кредиттерді қайта тапсыру моделі даярланған.

Күн тәртібінде академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламаларын дамыту сұрағы. 2011 жылдан академиялық ұтқырлық бағдарламасы шегінде шетелде білім алуға шамамен 4700 мыңға жуық қазақстандық студенттер шыққан.

Қос диплом бағдарламалары даму мүмкіндігінің жарқын мысалы ретінде Қазақстан-неміс университеті, сонымен қатар Сорбонна-Қазақстан институтының қызметтері қарастырылады. Одан басқа, қос дипломдар Желілік университеттер: Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Тәуелсіз мемлекеттер достығы шегінде жүзеге асырылуда.

Қазақстанда осындай бағдарламаларды дамыту тәжірибесімен Қазақстан-неміс университетінің ректоры Ольга Московченко бөлісті. Халықаралық жоғары оқу орнының басшысы атап өткендей, 1991 жылы құрылған Университет Болондық процестің қағидалары негізінде неміс жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта білім бағдарламаларын іске асырады. Сонымен қоса, Московченко ханым қос диплом бағдарламасын ендіруді бастау алдында негізгі кезеңдерінің бірі ретінде ынтымақтастық үшін дұрыс университет-серіктесті іздеу қажеттілігін ерекшеледі. Маманның айтуы бойынша, негізгі қиындық университет-серіктестің білім бағдарламаларын синхрондау, ортақ оқу бағдарламасын даярлау, оқу жоспарын дайындау, оқу процесін ұйымдастыру, біліктілік тағайындау болып табылады.

Мысал ретінде Московченко ханым Қазақстан-неміс университетінің оқу жоспарын атап өтті. Онда алғашқы 2 курс бойы неміс тілі шетел тілі ретінде оқытылып, 3 курстан бастап бейінді сабақтар Германиядан келген доценттермен неміс тілінде жүргізіледі, 4 оқу курсы Германия университет-серіктестерінде тәжірибелік сабақтарды қамтиды. Осылайша, екі елдерде оқу нәтижелерін мойындау туралы келісім жүзеге асырылады.

Московченко ханымның айтуы бойынша. Жоба Неміс академиялық алмасу қызметінің (DAAD) белсенді қоладауымен іске асуда.

DAAD Жобалар департаментінің жетекшісі Анетте Пипер өз тұрғысынан жеке интернационалдандыру стратегияларын жүзеге асыру кезінде жоғары оқу орындардың қолдайтығын күәландырды. Осылай, 2015-2016 жж. DAAD әлем бойынша 106 қос диплом бағдарламаларын қаржыландырды, оның ішінде 31-і Азия мемлекеттерінде.

З. Төребекова атағандай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ аталған бағытта қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының арасында  байланыстырушы буыны ретінде болуға дайын.

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қос диплом бағдарламаларын дамыту туралы шеберлік сабағын ұйымдастырды

16.03.2017

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірлесе ҚР Германия...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

News RK Mart 2017

Отырыста «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда айқындалған міндеттерге сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Мемлекеттік хатшы қойылған мақсаттарға қол жеткізу көбіне сапалы білімге байланысты болатынын атап өтті. Сондықтан бағдарламаны жетілдіру елдегі адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.

Г.Әбдіқалықова осы мақсатпен құрамына мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері, заманауи халықаралық білім беру саласының сарапшылары және «Болашақ» бағдарламасының түлектері енген жұмыс тобы құрылғанын атап өтті. Жұмыс тобы «Қазақстан-2050» стратегиясында, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында айқындалған басымдықтарды ескере отырып, ұсыныстар әзірледі.

Отырыс барысында жұмыс тобының ұсыныстары талқыланды. «Болашақ» стипендиясы үш бағыт бойынша жетілдіріледі. Олар: 1) стратегиялық міндеттерге сәйкес, адами капиталдың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін артыру жолында стипендияның рөлін айқындау және күшейту; 2) стипендиаттарды іріктеудегі жаңа ұстанымдарды қалыптастыру; 3) түлектердің әлеуетін жүзеге асыру ісін дамыту.

Елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді перспективада оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен жастардың жоғары деңгейлі білім алуына инвестиция салу қажет болады. Бағдарламаны іске асыру жолдарын жетілдіру үміткерлердің қазіргі және келешектегі әлеуетін айқындауға, білім берудің басым бағыттарын анықтауға және шетелдік жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды қайта қарауға бағытталған критерийлерді дамыту мен үміткерлерді іріктеу жүйесін қамтитын болады.

Жұмыс тобы ұсыныстарды одан әрі пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы…

13.03.2017

Отырыста «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда айқындалған міндеттерге сәйкес, «Болашақ» халықаралық...

200 қазақстандық және шетелдік компаниялар Bolashak Job Fair 2017 қатысты

Алматыда «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.Оған 200-ден астам отандық және шетелдік компаниялар, 400-ге жуық ізденушілер қатысуға өтінім берді.

551425f5521b6007aa4bc82e7ddca634 L

2017 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған Bolashak Job Fair 2017 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 400-ге жуық ізденушілер, 200-ден астам отандық және шетелдік компаниялар, олардың ішінде қаржы секторы, мұнай-газ саласы, технологиялық және digital агенттіктері қатысуға өтінім берді.

Әдеттегідей, іс-шара шегінде ізденушілер жұмысқа орналастыру саласындағы сарапшылар тарапынан пайдалы кеңестер алды.

AlmaU проректоры Гүлмира Құрғанбаева, өзінің сөзінде маңызды тақырыпты қозғады: «Жоғары оқу орны түлектерінің көтеріңкі болжалдары мен жұмысқа орналастыру мәселелері». Спикер дұрыс мақсатты тұжырымдау мен жұмыс іздеу бойынша тәжірибелік кеңестермен бөлісті.

Тағы бір спикерлердің бірі – беделді болашақтық, «SONA Lab» компаниясының негізін салушы – Аслан Назаралиев кәсіби салада жеке бас өсімі және даму құпияларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында «Базис А», Bi Group, Air Astana, «Тенгизшевройл» және басқа да беделді компаниялардың таныстырулары өткізілді.

Bolashak Job Fair – жыл сайынғы іс-шара, «Болашақ» президенттік стипендиясы шегінде беделді батыстық білім алған жоғары мамандандырылған мамандар және түрлі компаниялар мен ұйымдар үшін бірегей рекрутингтік алаңы.

Bolashak Job Fair 2017 ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Болашақ» Қауымдастығы, Алматы менеджмент университеті (AlmaU) және «Hipo Kazakhstan» ЖШС болды. 

 

 

 

200 қазақстандық және шетелдік компаниялар Bolashak Job Fair 2017 қатысты

13.03.2017

Алматыда «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.Оған 200-ден астам отандық және...

8 Наурыз мерекесімен!

8Marta 2017

 

 

 

8 Наурыз мерекесімен!

07.03.2017

     

Болашақтықтар Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

2017 жылғы 6 наурызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары және түлектерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

6 03 2017 Foto

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зүлфия Төребекова атап өткендей, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жуырдағы Жолдауында ел экономикасының жеделдетілген технологиялық жаңарту қажеттілігіне бағыт берді. Елбасымен аталған міндетті жүзеге асырудың негізгі құралдары, соның ішінде еңбек өнімділігін және білім сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық және экстремизммен күресу, кәсіпкерлікті ынталандыру, сонымен қатар экономика және экспортты әртараптандыру қажеттілігі белгіленді.

Осыған байланысты, «Болашақ» бағдарламасының, сонымен қоса бағдарлама бойынша әлемнің үздік оқу орындарында сапалы білім алған түлектерінің рөлі артып келе жатқандығын Зүлфия Төребекова атап өтті.

«Болашақ» бағдарламасының стратегиялық міндеті елде бөлек алынған құрылымдар мен салалардың сапалы түрленуін көрсете, ұлттық экономика дамуына өздерінің үлесін тигізіп жатқан мамандардың озық шоғырын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экономиканың басым салалары үшін мамандарды даярлау бойынша жұмыс Елбасымен белгіленген жаңа тапсырмаларды ескере жалғастырылатын болады», - дейді Зүлфия Төребекова.

Ескертсек, 24 жылда «Болашақ» стипендиясының шегінде ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін 9 427 мамандар, солардың ішінде 2 000 астам инженер, 1 000 жуық IT-саласы мамандары, 2 000 жуық мектеп және жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ел аймақтары үшін 600 дәрігер, 400 мемлекеттік қызметкер, 200 шығармашылық сала қызметкерлері мен 2 000 астам ұлттық және жеке компания мамандары даярланды.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ фронт-кеңсесінің жетекшісі Ғалымбек Мамраев өзінің баяндамасында Жолдау қағидаларының осыдан бұрын қабылданған «Қазақстан стратегиясы-2050» және «Ұлт жоспары-100 қадам» стратегиялық құжаттарымен келістілігін атап өтті.

Ол, Елбасы Жолдауы – бұл елдің алдағы дамуының негізгі бағыттары анықталған нақты бағдарламалық құжат екендігіне назар аударды. Олар экономиканың өсу қарқының орта әлемдіктен жоғарылатуға және 30 алдыңғы қатарлы елдер қатарында тұрақты орналасуға бағытталған.

Қазіргі талаптар жағдайында постиндустриалды экономика дамуына табысты өту мақсатында Ғ. Мамраев мемлекеттік сектор үшін жаһандық міндеттерді орындаудың басты механизмі ретінде аналитикалық орталықтардың рөлін айрықша белгіледі.

«Жаңғырту 3.0 аналитикалық («ми») орталықтардың рөлін күшейтусіз мүмкін емес, ал ол үшін өзекті бағыттар бойынша мықты кадрлар кажет. Жаңа мамандықтарға сұраныс өсуде. Осыған байланысты, қазір жаһандық ауқымда білім үлгісін алмастыру туралы белсенді талқылаулар жүруде. Онсыз дара маманға да, экономиканың бүтін салаларына да бәсекеге қабілетті бағдарларға жету мүмкін емес болады», - дейді Ғ. Мамраев.

Сонымен қатар, ол бүгін МЖС жобаларын даярлау және іске асыру бойынша аймақтар белсенділігі байқалатындығын хабарлады. Осылай 21,2 млрд. теңге сомасына 31 жоба бойынша келісімшарттарға қол қойылды. Жобалардың негізгі бағыттары мектепке дейінгі мекемелер, поликлиникалар және дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет және спорт объектілеріне келеді.

 

 

Болашақтықтар Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

06.03.2017

2017 жылғы 6 наурызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен...

2017 жылғы 11 наурызда алматы қаласында «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

BolashakJobFairBolasha2017 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін оларды жұмысқа орналастыру мақсатымен Bolashak Job Fair 2017 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.

 

Құрметті достар!

2017 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында көптен күткен оқиға Bolashak Job Fair 2017 өтеді. Бұл іс-шара барысында Сіздер әртүрлі салалардың жұмыс берушілерімен кездесіп, олардың қызметтері мен бос жұмыс орындары туралы біле аласыздар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» Қауымдастығы, Алматы менеджмент университеті (AlmaU) және «Hipo Kazakhstan» ЖШС-мен бірлесе, Сіздерді жыл сайынғы Bolashak Job Fair 2017 бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырады:

Өткізілу орны: Алматы қ., AlmaU, Розыбакиев көш., 227

Өткізілу мерзімі: 11 наурыз 2017 жыл

Тіркелу уақыты: 10.00–14.00

Өткізілу уақыты: 11:00–15:00

https://hipo.kz/bolashak-job-fair/ — осы сілтеме бойынша Сіздер:

  • бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға өтінім қалдыру;
  • жұмыс берушілер тізімімен танысу;
  • іс-шара бағдарламасымен танысу;
  • алдағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне дайындық үшін негізгі кезеңдер туралы білу

Сіздер үшін жұмыс берушілер бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында компания қызметі мен бос жұмыс орындар туралы таныстыруларын арнайы бекітілген таныстыру залында өткізеді.

Қосымша: Егер Сіздің ұйымыңыз аталған іс-шараға жұмыс беруші ретінде қатысқысы келген жағдайда, тіркелу келесі сілтеме бойынша қабылданады.

 

 

2017 жылғы 11 наурызда алматы қаласында «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

03.03.2017

Bolasha2017 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін...

2017-2018 жылдарға Словакия Республикасының шәкіртақы бағдарламасына тіркеу басталды

Словакия Республикасының Ұлттық шәкіртақы бағдарламасы 2017-2018 жылдарға студенттер, аспиранттар, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет саласының қызметкерлеріне білім гранттарын ұсынады.

UnivKomenskogo2

Словакия Республикасының Ұлттық шәкіртақы бағдарламасы Словакияның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ЖОО-нда тағылымдамалардан өту үшін шетелден келуші студенттер, аспиранттар, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлер мен мәдениет саласыныдағы қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған.

ҰШБ шегіндегі шәкіртақыға келесілер үміткер бола алады:

А) СТУДЕНТТЕР

  • Словакиядан тыс ЖОО-ның студенттері;
  • жоғары білімнің екінші деңгейінің (магистратура) студенті немесе өтінім беру кезінде ұқсас мамандық/оқу бағдарламасы бойынша жоғары білім курсының кем дегенде 2,5 жылын бітірген студенттер;
  • Словакия Республикасының қоғамдық, жеке немесе мемлекеттік ЖОО-ны қабылдауға дайын болуы шартымен Словакияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алғысы келетін студенттер.

Осы категория үміткерлері жоғарыда аталған барлық үш шартқа сәйкес болуы қажет. Берілген категория аспирантураға (немесе оның баламасына) қатысты емес.

  • Тағылымдама ұзақтығы (студент категориясы): 1 – 2 семестр (яғни 4 – 5 немесе 9 – 10 ай) немесе 1 – 3 триместр, егер оқу жылы триместрге бөлінетін болса (яғни 3 – 4 немесе 6 – 7 немесе 9 – 10 ай).

Б) Ғылыми-зерттеу дайындығы немесе жоғары білімі Словакиядан тыс жерде өтетін, және аспирантура бағдарламасын жүзеге асыруға құқығы бар Словакиядаға қандай да бір ғылыми-зерттеу ұйымы немесе қоғамдық, жеке немесе мемлекеттік ЖОО-ны Словакия Республикасында ғылыми зерттеулерді өткізу/ оқу үшін академиялық тағылымдамаға қабылдауға келісімін берген АСПИРАНТТАР.

  • Тағылымдама ұзақтығы (аспирант категориясы): 1 – 10 ай.

В) Коммерциялық ұйым болып табылмайтын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізуге құқығы бар қандай да бір ұйыммен оқытушылық/ғылыми-зерттеу/көркемөнер тағылымдамасына шақырылған мәдениет саласыныдағы қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер мен ЖОО-ның ОҚЫТУШЫЛАРЫ.

  • Тағылымдама ұзақтығы (ЖОО оқытушысы, ғылыми қызметкер, мәдениет саласының қызметкері категориясы): 1 – 10 ай.

АЙ САЙЫНҒЫ ШӘКІРТАҚЫ МӨЛШЕРІ

а) ЖОО студенті - 350 €

б) аспирант - 580 €

в) ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкер:

  • Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесісіз – PhD (немесе баламасы) және ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі 4 жылдан артық емес – 580 €
  • Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар – PhD (немесе баламасы) және ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі 10 жылдан артық емес – 850 €
  • Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар – PhD (немесе баламасы) және ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі 10 жылдан артық – 1 000 €

Назар аударыңыз:

Ай сайынғы шәкіртақы мөлшерін анықтау үшін жұмыс тәжірибесі болып тек өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзіміне дейінгі жұмыс тәжірибесі саналады.

Аспирантура жұмыс тәжірибесі болып саналады.

Шәкіртақы бағдарламасына үміткерлер міндетті түрде онлайн-тіркелуден келесі сілтеме бойынша өтулері керек: www.scholarships.sk.

Оқу үшін құжаттарды қабылдау және тіркелудің мерзімдері:

  • 30 сәуірдің 16.00 CET дейін – 2017-2018 оқу жылы барысындағы тағылымдалар
  • 31 қазанның 16.00 CET дейін – 2017-2018 оқу жылы жазғы семестрі барысындағы тағылымдамалар

Шәкіртақы бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратпен келесі сілтемеден таныса аласыздар:https://www.stipendia.sk/ru/

Байланыс телефоны: +7  (7172) 76 90 75; +7 (7172) 24 93 88 

2017-2018 жылдарға Словакия Республикасының шәкіртақы бағдарламасына тіркеу басталды

03.03.2017

Словакия Республикасының Ұлттық шәкіртақы бағдарламасы 2017-2018 жылдарға студенттер, аспиранттар, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет...

Болашақтықтарды жұмысқа орналастыру бойынша шеберлік сабақтары Қазақстанның барлық аймақтарында өтті

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2017 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында өткізілуі жоспарланған бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің қарсаңында «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін табысты жұмысқа орналастыруға бағытталған Pre-JobFair шеберлік сабақтарының топтамасын ұйымдастырды.

DSC 0011

Тренингтер бағдарлама түлектерінің саны басым аймақтарда өтіп, Pre-JobFair қатысушылары сауатты түйіндеме құру, жұмыс берушімен алғашқы сұхбаттасуда өзін-өзі таныстыру және кәсіби құзыреттіліктерді арттыру бойынша тәжірибелік кеңестерді ала алды.

Спикерлер ретінде кәсіби жетістіктерге қол жеткізген, әлеуметтік және ағартушылық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар болашақтықтар қатысты.

Жұмыс іздеуде заманауи әдістер мен ресурстарды қалай тиімді қолдануға және мансап нүктелерін қалай дұрыс белгілеуге болатындығы туралы «Қазпочта» АҚ персонал бойынша басқарушы диреткоры Ақмарал Найзабекова айтып берді.

«Өз тілектеріңізге негізделіңіз»

«Адам әрдайым өзін кім ретінде көретіндігіне және не қалайтындығына негізделуі керек. Көкжиек – 10-15 жыл. Осыдан, мақсатқа жетелейтін мансап нүктелерінің тізбегін белгілеу қает.

Екінші нұсқасы. Сіз бір жылдан кейін кім болатындығыңызды жоспарлап, осыған сүйене 15 жылдан кейін өзіңіздің кәсіби дамуыңыз туралы түсінік қалыптастырасыз.

Бұл үшін өзіңізге шынайы сұрақ қойыңыз: өзіңізді кім ретінде көресіз?»

«Кәсіби өзін-өзі анықтау талдауы»

«Үлкен мақсаттарға сәйкесінше құзыреттіліксіз жету мүмкін емес. Сондықтан, мансап артықшылықтары қойылғаннан кейін өздеріңіздің әлсіз және күшті кәсіби және жеке жақтарыңыздың талдауын жасаңыздар. Сәйкестендіру қысқа және ұзақ мерзімді болашаққа жеке бас дамуының жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Осыған негізделе, сіз өзіңізге қажетті құзыреттіліктерді арттыруға және нәтижесінде соңғы үлкен мақсатқа жұмыс істеуге көмек бере алатын компанияларды таңдауыңызға болады».

«Компанияларды құндылықтар мен жеке бас қасиеттерге негізделе таңдау керек»

«Ең үлкен қателік, ізденіскердің өз компаниясына түспеуі. Қателік үшін ақы – жұмыста жайлылықтың және толық жетілу мүмкіндігінің болмауы.

Сондықтан өздеріңіздің жеке бас қасиеттеріңізді тұжырымдаңыз: күшті, қатал, шығармашыл және т.б. Бұл сіздің үміттеріңізге ең сәйкес келетін компанияны елестетуге мүмкіндік береді. Мысалы, тәртіпті жақсы көріп, ережелерді ұсытануға дайын адамдар бар, сондай-ақ қатал ережелер жетілулерін шектейтін адамдар да бар. Бұл екі мүлде әртүрлі құндылықтар типі және екі мүлде әртүрлі корпоративтік мәдениет типі, және сәйкесінше екі мүлде әртүрлі компаниялар типі.

Мен қандай адаммын, менің құндылықтарым қандай, мен неге сенемін? Міне өз компаниянды іздеуде басшылыққа алу қажет негізгі сұрақтар осылар».

Pre-JobFair табысты жұмысқа орналастыру мақсатындағы алдағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне нәтижелі дайындалуға бағытталған.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан өңірлеріндегі «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қарым-қатынасын күшейту және таныстыру болып табылады.

 

 

 

Болашақтықтарды жұмысқа орналастыру бойынша шеберлік сабақтары Қазақстанның барлық аймақтарында өтті

27.02.2017

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2017 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында өткізілуі жоспарланған бос жұмыс...

Француздық Зерттеулер мен технологиялар ұлттық агенттігі докторанттарға оқу бағдарламаларын ұсынады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-нда білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Зерттеулер мен технологиялар ұлттық агенттігінің (ANRT, Франция) өкілдерімен кездесу өтті.

scientist-4

Кездесу барысында Агенттік өкілдерімен CIFRE (Докторанттар үшін зерттеулер арқылы білімнің индустриалды конвенциялары) шәкіртақы бағдарламасы таныстырылған болатын.

Аталған шәкіртақы бағдарламасына Қазақстаннан докторанттардың қатысу мүмкіндіктері туралы CIFRE департаментінің бастығы Pascal Giat мырза және ANRT бас өкілі Clarisse Angelie атап өтті.

CIFRE шәкіртақысының өзі кәсіпорын базасында ғылыми зерттеулерді жүргізу барысында білім алу туралы өндірістік келісімшарттарды ұсынады.

Шетелдік ғалымдар үшін берілген шәкіртақы бағдарламасының артықшылығы француздық кәсіпорында жұмыс істеумен қатар, ғылыми зерттеулерді жүргізу және докторлық жұмысты жазу мүмкіндіктері болып табылады.

CIFRE жас ғалымдарға кәсіпорында жұмыс атқармайтын тәуелсіз ғылыми командамен өзара әрекеттесе, ҒЗТКЖ (Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) бағдарламасын жүзеге асыру шегінде кәсіпорында диссертацияны орындауға мүмкіндік береді.

Берілген бағдарламаның мақсаты академиялық орта мен кәсіпорындар арасындағы өзара әрекеттестікке жағдай жасасу, ғылыми-зерттеу ортасы жағдайында докторанттардың бірлесуі болып табылады.

 

Бағдарламаға қатысу туралы шарттарымен сайттың "БАБР, Франция" бөлімінде танысуға болады (БАБР бөліміне сілтеме).

 

Француздық Зерттеулер мен технологиялар ұлттық агенттігі докторанттарға оқу бағдарламаларын ұсынады

22.02.2017

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-нда білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Зерттеулер мен технологиялар ұлттық агенттігінің...