Жарияланған күні:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 20–21 мамырда Санкт-Петербург қаласында өткен «Эндаумент ЭКСПО: білім, ғылым, әлеуметтік сала» атты халықаралық көрмеге қатысты.
Іс-шараға түрлі елдерден келген сарапшылар, жоғары оқу орындарының өкілдері, қайырымдылық қорлары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды.
Қазақстандық делегация құрамында Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының (ЖБДҰО) өкілдері де болды. Пленарлық бағдарлама аясында ЖБДҰО директоры Ф.Ш. Қуанғанов Қазақстандағы эндаументтер туралы баяндама жасады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ халықаралық академиялық бастамаларды, соның ішінде «Study in Kazakhstan» бағдарламасын, «Болашақ» стипендиясын, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік университеттердің филиалдары туралы ақпаратты ұсынды.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үшін бұл көрмеге қатысу серіктестік байланыстарды кеңейтуге, Қазақстанның білім беру әлеуетін таныстыруға және халықаралық сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.


